Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы 
Уақыт: 5 минут 
 
Қатысушыларға келесі әңгімені оқып беріңіз: 
Бір күні, 1952 жылғы 4 шілденің тұманды таңында, Калифорния жағалауынан 34 км 
қашықтықта орналасқан Әулие Каталина аралында Флоренс Чадвик жүзуін бастады. Ол сол 
кездің өзінде Гиннестің рекордтар кітабына Ла-Маншты екі бағытта жүзіп өткен әлемдегі 
алғашқы әйел ретінде енген. Енді ол жаңа рекордқа дайындалып жүрді. Оны теледидардан 
миллиондаған адам тамашалап отырды. Су тастай болатын. Тұман қалың болды. Бірақ 
Флоренс ештеңеден қаймықпай жүзді. 15 сағаттан кейін ол өзін қайыққа шығаруды сұрай 
бастады. Еріп жүрушілер оны берілмеуге көндіре бастады, өйткені ол жағалауға жақындап 
қалған еді. Бірақ Флоренс жағалауға қараған кезде ол тек ақ, қалың тұманды көрді. Сонда ол 
толықтай әлсіреді. Оған тек бір шақырым жүзу керек болатын. Флоренс журналистердің «Неге 
рекорд қоя алмадыңыз?» деген сұрағына: «Жағалауды көре алғанымда ғой, шіркін! Қолымнан 
келер еді, жүзіп жетер едім» деп жауап берді. Оның жауабы қанатты сөзге айналды. 
«Жағалауымды көре алсам ғой, шіркін». Мақсатымызды көре алсақ қой, шіркін. Ол мақсатын 
көрмегендіктен беріле кетті. Дәл осындай жағдай күнделікті өмірде, мақсатымызды әдеттегі 
әрекеттердің ақ, қалың тұманы арасында жоғалтқан кезде болады. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
72 
Мақсат жазуға деген уәждеме 
Құрметті тренер, сіз қатысушыларды мақсаттары жайлы ойландыру үшін төмендегі 
мәтінді қолдана аласыз (өз сөзіңізбен айтқаныңыз жөн). 
Шын мәнінде, кез келген адам өзі толық ұғынбайтын, қиял сияқты мақсаттар қояды. Көптеген 
адамдар айналада көргісі келетіні және өзгерткісі келетіні туралы ойланғанды ұнатады. 
Кейбіреулер өздерінің келбетіне риза болмайды, ал басқалары жақын адамдары мен сүйікті 
істеріне көбірек уақыт бөлгілері келеді, ал үшіншілері мансап пен материалдық әл-ауқат 
туралы армандайды. Бірақ сонымен бірге, санаулы адам ғана нақты не қалайтынын, бұл үшін 
не істеу керектігін және қажетті нәтижеге жету үшін қандай жол таңдау керектігін дәл айта 
алады. 
Көп жағдайда адамдар жоспар құруға және нақты тұжырымдалған міндет қоюға қорқады. 
Шынында да, бүкіл өмір мән-жағдайларға тәуелді және кедергілер мен қиындықтарға толы 
болса, бір нәрсені жоспарлап, армандаудың керегі не? Жақсы нәрсе «болады» деп күту 
әлдеқайда оңай. Бірақ бұл «жақсы нәрсе» қандай да бір себептермен өте сирек «болады». 
Нәтижесінде теріс эмоциялар және өз тағдырына наразылық туындайды. 
Бірақ алдына нақты мақсат қойған адам басқаша өмір сүреді: арманына жету жолындағы 
қиындықтар мен кедергілерді сәтсіздік ретінде емес, шынымен шешуге және алға жылжуға 
көмектесетін қызықты тапсырмалар ретінде қабылдайды. Оның өмірі жарқын әсерлерге толы, 
ол өзін және жетістіктерін мақтан тұтады. Пассивті адамнан өз тағдырының режиссері мен 
құрылысшысына айналады. 
Мақсат қою өмірді жақсартуға шынымен көмектесетініне көз жеткізу үшін ақылға қонымды 
мақсат қоюдың қандай артықшылықтары бар екенін тұжырымдап көрейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет