Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет64/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Теориялық блок 
Уақыт: 2 минут 
 
Уақытты өз пайдаңа қалай жұмсауға болады? 
Сағат пен минутты ысырап етпей, оларды ең бастысы, өзіңе қалай арнауға болады? 
Тайм-менеджмент – ол орны толмайтын уақытты жеке мақсат пен құндылықтарға сәйкес 
пайдалануға мүмкіндік беретін технология.
Тайм-менеджмент – ол жеке элементтердің жиынтығы ғана емес (бәрін қалай уақтылы 
орындау керек, қалай кешікпеу керек, жиналыстарды қалай өткізу керек). Бұл адамның өзін 
және өз қызметін басқару жүйесі. 
Өз істерімізді талдаймыз. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
71 
«Менің істерім» жаттығуы 
Уақыт: 8 минут 
Материалдары: поститтер, плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
 
Қатысушыларға поститтер мен плакаттар таратыңыз. 1 оқушы – 1 плакат. 
«Поститтерге күнделікті жұмыстарыңды, міндеттеріңді, істеріңді жазыңдар. Мәселен, «сабақ 
оқимын», «футбол көремін», «Инстаграмда отырамын», «досыммен сөйлесемін», «спорт 
үйірмесіне барамын». 
1 постит – 1 іс. 
Жазуға берілген уақыт – 5 минут. 
Мағынасы бойынша ұқсас поститтерді бір топқа жинаңдар. 
Топтарға ат қойыңдар». 
Қатысушыларға топтастырылған істер – негізгі салалар екенін айтыңыз. 
«Негізгі салалар – ол қызметіміздің негізгі бағыттары, өміріміздің негізгі «арналары». Мұнда 
екі нәрсені жақсылап түсіну керек:
Өмірде тепе-теңдіктің болуы маңызды. Әрбір негізгі сала – ол күнделікті жұмыстардың, 
міндеттердің үлкен ауқымы, бірақ олардың бәрі тепе-теңдікте болса ғана адам өзін жайлы 
сезінеді (дәл осы себептен тайм-менеджментті зерттейміз). Әрине, «тепе-теңдік» ұғымын 
әркім өзінше түсінеді. Бірақ ойлап қараңдаршы, егер «сабақ» уақыттың 70%-ын алса, ал 
«денсаулық» саласы мүлдем болмаса, онда болашақта бұл адам өзін жайсыз сезінуі немесе 
ауруға шалдығуы ықтимал».
Тренер қатысушылардың назарын барлық салаларды тепе-теңдігіне аударуы тиіс.
Негізгі салалар – ол жасөспірім үшін жоспарлаудың негізі. Бәлкім, оқушыларыңыз осы 
тапсырмадан кейін уақыттарын қайда жұмсайтындары жайлы алғаш рет ойланатын шығар. 
Және егер адам атақты музыкант болуды армандап, бірақ іс жүзінде күнделікті уақытын 
мүлдем басқа нәрселерге жұмсаса, онда «Мен шынымен осыны армандаймын ба?» немесе 
«Арманымды мақсатқа айналдыру үшін уақытты қалай басқара аламын?» деген сұрақтар қою 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет