Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


«Жас лидер ассоциациясының» (ЖЛА) ұстанымы



Pdf көрінісі
бет14/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
«Жас лидер ассоциациясының» (ЖЛА) ұстанымы 
Біз үшін көшбасшылық – ол өзіңе ғана емес, өзгелерге де пайда әкеле отырып, өзіңе және 
айналадағы адамдарға көмек көрсету. 
Көшбасшы – ол әлеуметтік стереотиптерден арылған, өзінің даралығын және әлеуетін 
білетін, басқа адамдарды мойындайтын және қабылдайтын, адамдармен байланысқа түсе 
білетін және топ мүшесі бола алатын, ұжымды басқара алатын, қажет болса, жауапкершілікті 
өзіне алатын және айналада болып жатқан барлық нәрселерге қатыстылығын сезіне алатын 
тұлға. Ол үнемі дамып, ізденетін, өзін және айналасындағы әлемді жақсартатын адам.


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
15 
«Көшбасшыны көрсет» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Процесі: 
 
Оқушылар екі шағын топқа бөлінуі қажет. Тренер бір көшбасшыны тағайындайды. Бірінші 
топ көшбасшыны іс-әрекеттерімен бейнелеп көрсетеді, ал екінші топ оның кім екенін табуы 
тиіс. 
Дайындыққа берілген уақыт – 5 мин. 
Жұмбақ нұсқалары: 
• Футбол командасының көшбасшысы. 
• Сыныптағы көшбасшы. 
• Шахмат құрамасының көшбасшысы. 
• Музыкалық топтың көшбасшысы. 
• Ірі компанияның көшбасшысы. 
• Әскери бөлімшенің көшбасшысы. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Басқа әлеуметтік топтардың көшбасшылары қандай болуы мүмкін? Ойланып көріңдер. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
16 
6-сабақ 
Тақырыбы: Көшбасшылық. 
Ұғымдар: көшбасшы, көшбасшының қасиеттері. 
Сабақтың мақсаты: нағыз көшбасшының қасиеттерін анықтау.
Әдістері: ой-талқы, жаттығулар. 
Ресурстар: плакаттар, стикерлер, маркерлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет