Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Сыныпта бастаған жұмысты аяқтаңдар. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
22 
8-сабақ 
Тақырыбы: 1 тоқсан бойынша қорытынды сабақ. 
Ұғымдар: көшбасшылық, команда. 
Сабақтың мақсаты: «Көшбасшылық», «Команда» тақырыптарын қорытындылау; басты 
нәрселерді бөліп көрсету және тұлғалық өсу аймақтарын анықтау. 
Әдістері: әңгімелесу, сауалнама толтыру, дәптермен жұмыс істеу, ой-талқы. 
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптерлері. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
 
Әсерлермен бөлісу
 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі: 
Бүкіл тоқсан ішіндегі сабақтардан алған әсермен бөлісу үшін жеткілікті уақыт жұмсаңыз. Не 
көбірек ұнады? Ең есте қаларлық сәттер қандай болды? 
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі:
Оқушыларға көшбасшылық және командада жұмыс істеу бойынша кеңестерді қамтитын 
плакат дайындауды ұсыныңыз.
Талқылау және плакат жасау үшін 7 минут уақыт беріңіз. 
Жұмыстардың презентациясын жүргізіңіз. 
Топтың дамуын бағалау 
Уақыт: 5 минут 
Материал: жұмыс дәптері 
Процесі: 
Оқушылардан жұмыс дәптерлерінің № __ бетін (№ алдын ала қараңыз) ашып, кестенің екінші 
бағанын толтыруларын сұраңыз. 
Балалардан сұраңыз: нәтижелер бірінші күнмен салыстырғанда өзгерді ме, нашарлады ма, 
әлде жақсарды ма? Неліктен? 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет