Оқыту барысында: 1.Имитация. Бұл допсыз қозғалыспен орындалады.
2.Допты лақтырып. Доп лақтырылған соң оң және сол аяқпен тоқтатылады.
3.Допты асыра. Екі-екіден ойналады. Әріптестер бір-бірінен 6м қашықтықта орналасады да допты лақтырады. Допты табанның сыртымен тоқтатады. Қашықтық біртіндеп алыстайды.
4.Бұрылыспен. Екі ойыншы жаттығады.Біреуі әріптестің сол жағына тастайды. Ол допқа ұмтылып допты оң аяғымен тоқтатады да кері қайтарады. Период бойынша орын алмасады.
Бастауыш футболшыларға мұнда кездесетін қиындық - ұшып келе жатқан допты тоқтату болып табылады. Бұл жағдайда доп табанның ішкі жағымен немесе аяқ өрінің ортасымен тоқтатылады. Бұл жағдац домалап келе жатқан допты тоқтататын қабылдауға ұқсас келеді. Өте жоғарыда ұшып келе жатқан допты да осы қабылдаулармен, бірақ секіріп тоқтатуға болады.
Оқыту барысында: 1.Ілінген доп. Бағанаға жерден 40см биіктікте болатындай етіп доп ілінеді. Ойыншы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға тырысады. Доп 10см биіктікке ілініп, аяқ өрімен тоқтатуды жаттығады.
2.Шам. допты алдына лақтырып, түскен кезде, аяқ өрімен және табан ішімен тоқтату.
3.Қисық траекториямен. Жаттығу жоғарыдағыдай. Ерекшеклігі, екі ойыншы бір-біріне допты қисық траекториямен лақтырады. Қашықтық 8 м.
4.Жоғарыға лақтыр. Аяқ өрінің ортасымен жонглер жасау.
5.Соққыдан соң. Екі ойыншы бір- бірінен 15-20 қадам қашықтықта тұрады. Бір-біріне доп лақтырады да тоқтату әрекетін жасайды.
6.Бұрылыспен соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек ойыншылар 45°-90°-қа бұрылып жасайды.
Мұнда кездесетін қателер ұшып келе жатқан допты тоқтатуда аяқты тез доппен соқыстыра алмау болып табылады. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі жасау керек.
Футбол біртіндептездетіліп бастайды. Осындай тездікте ойыншылар аяқты көтеріп допты тоқтата алмайды. Бұл жағдайда олар баспен де, санмен, ішпен де, кеудемен де тоқтата алады.
Оқыту барысында: 1.Екеулеп. Ойыншылар екіден бөлініп 4м қашықтықта тұрады. Олар допты бір біріне лақтырып,и тоқтатуға әрекет жасайды.
2.Траекторияны өзгертіп. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек доптың ұшу траекториясы өзгеріп отырады.
3.Допқа қарсы. Екі әріптес жаттығады. Олар бір-бірінен 10м қашықтықтықта орналасады. Бір-біріне доп лақтырады, кеудемен ұмтылыс жасап тоқтатады.
4.Қозғалыспен тоқтату. Жаттығушылар екеуден бөлінеді. Дыбыс бойынша олар алаңда алға, артқажүріп отырады. Біреуі допты лақтырады. Ал оны кеудемен тосып, аяққа түсіреді. Осылайша қайталай береді т.с.с.
5.Соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек мұнда доп қолмен емес аяқ соққысымен беріледі.
6. Серпілістен кейін. Ойыншылар екіден жаттығады. Олар жерден серпілген допты кеудемен тосу арқылы тоқтатады.
7.Допты көтеріп тебуде. Шабуылшы А және В, қорғаушы С және Д барлығы қақпа аймағына жақын орналасқан. А допты төбеден асырып В береді. Ол допты кеудемен тоқтатып, айып алаңына кіреді де , допты қақпаға соғады. С және Д бірінші әрекетсіз тұрады, кейін ойынға араласады.
8.Үшбұрыш. үш ойыншы жаттығады. Олар алаңда үшбұрыш түзе орналасады. Екі ойыншыда доп бар. Олар допты 3-ші ойыншыға лақтырады. Ол кеудесімен тоқтатып отырады.
9. Бұрылыспен. Дәл жоғарыдағыдай орындалады. Тек допты тоқтатуда ойыншы 90-45°-қа бұрылыс жасайды.