4. Оқыту әдістері: көрнекілік, түсіндіру 1.Оқыту әдістері.(Айту, әңгіме, түсіндіру, көрсету, ескерту, дәріс, баяндау)
2.Ұсынылған оқыту әдістеріне қойылатын талаптар
3.Оқыту әдістерінің мінездемесі.
Допқа аяқпен соққы беру техникасын жүзеге асыруда алдымен табанның ішкі жағымен соққы беруден бастау тиімді. Өйткені, бұл ойында жиі қолданылады. Бұл қабылдау қысқа және жақын қашықтықтан қақпаға соғуда қолданылады. Былайша соққы беру оншалықты күшті болмағанмен, өте дәл болып келеді. Бұл соққыны дұрыс орындау үшін тірек аяқты кішкене бүгіп, доптан 10-15 см және сәл иық тұсына ұстау керек. Тірек аяқтың ұшы соққы берілетін бағытпен дәл келуі керек.
Оқу барысында:
1.Допсыз. Табанды 90°С-қа бұру арқылы аяқты алға сілкі. Жаттығу қайталанады.
2.Қабырғада. 5-6м қашықтықта тұрып, 20-25 соққыны жасау керек. 20-25 соққыны бір орында, онан соң 2-3 қадам жүгіріспен жасау керек.
3.Дәл соққы. Қабырға алдына 1 м ендікте қақпа қойылады. Доп қақпадан 1 м қашықтықта беріледі. Соққының дәлдігі басты назарда болады.
4.Дәл қағыс. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестер бір-бірінен 5-6 м қашықтықта тұрып, бір-біріне допты соқы арқылы жіберіп отырады. Мұнда соққы оң және соң аяқтармен кезек беріледі. Бұл допты дұрыс қағып алуды және соққы бағытын дұрыс жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
5.Колоннада. жаттығушылардың біреуі колоннадан 6 м қашықтыққа барып тұрады. Сигнал арқылы ол допты колоннаға бас арқылы бағыттайды. Ол допты кері қайтаррып болған соң орын алмасады.
6.Шеңбердегі доп. Алаңда 18-20 м диаметрлі шеңбер сызылады. Ойыншылардың біреуі шеңбер ішінде тұрады. Басқалары шеңбер артында бір-бірден орнығады. Ортадағы ойыншы олардың әрқайсысына допты кезекпен беріп отырады. 15-20 доп бергеннен кейін орын алмасады.
7.Доп беру. Жаттығушылар шеңбер бойына орналасады(6-7 адам). Ойыншылардың біреуі әріптесінің біреуіне допты береді де оның орнына жүгіреді. Ал әріптесі допты жолдасының біреуіне беріп, оның орнына жүгіреді.т.с.с. Цифрлар арқылы кезек белгіленген.
8.Қозғалыста. Шеңбер бойымен қозғала отырып, допты бір-біріне қарап тұрады. Бұл жағдайда допты алдыңғы әріптеске беру ұсынылады. Ойын кезінде ойыншының сыртқы иығы алға, ал тірек аяғы ойыншының допты күткен бағытына бағытталуы керек.
9.Екі доппен. Екі ойыншы 5-7 қадам қашықтықта бір-біріне қарап тұрады. Үшіншінің сигналы бойынша олар табанының ішкі жағымен соққы берілген допты бір-біріне бағыттайды. Сонан соң кері соққы береді. Ойын барасында доптардың бір-бірімен соққыласуына жол бермеу керек.
10.Әріптестің доп беруі. Жаттығушы бір жағымен тұрып, әріптесіне табанның ішкі жағымен соққы берілген допты бағыттайды. Ал әріптесіне жүгіре отырып допты қабырғаға бағыттайды. Период бойынша орын алмасады .
Табанның ішкі жағымен берілетін соққыны үйренуде бастауыш футболшыларда, келесі типтік қалеліктер болуы мүмкін. Біріншіден, ұратын аяқтың табаны әлсіз бұрылады, екіншіден соққы беру барысына дайындықта соққы беруші аяқ барынша артқа созылмайды. Осы қателіктерді болдырмау үшін жаттығу керек. Ол үшін 3-5 м қашықтықта тұрып, қимылсыз допқа соққылар беру арқылы жаттығу керек.