5. Футболдың оқуындағы процестің ерекшеліктері 1.Оқыту процессінің құрлымы
2.Бастапқы даму сатысы, тереңдете даму сатысы
3.Оқыту сатысының мінездемесі.
Оқыту барысында: Қадаммен арқамен. Қабырғаға тұру. 1,5 м қашықтыққа алдына доп қояды. Қадам жасап допты өкше арқылы қабырғаға соққылайды.
Жүгірумен. Түзу сызық бойына әр 3-4 қадам сайын 5-6 доптан қояды. Әрі қарай жүгірумен әр допқа өкше арқылы соққы береді. Басында жүгіру, жаймен басталып жаймен жеделдейді.
Екулеп. Жаттығушылар екі-екіден бөлінеді. Бір-бірінен 5-6метр қашықтықта орналасады. Допқа ие әріптес допқа өкшесі арқылы соққы беріп, арттағы әріптестеріне береді. Осылайша әрқайсысы 15-20 соққыдан береді.
Домаланған доппен. Екі ойыншы бірінен соң бірі тұрады. Біріншісі допты жаймен алға домалатады. Артқысы допқа қуып жетіп, онымен соққы беру арқылы кері қайтарды. 4-5 ұмтылыстан кейін орын алмасады.
Өкшемен көздеу. Екі бағанмен 1 м ендікте қақпа құрылады. Екі ойыншы екі жақтан орын алады. Олар кезекпен өкше арқылы қақпаға доп соғады. Қақпамен қашықтық 6-7 м.
Қуып жет те ал. Қос-қостан ойналады. Біреуі доппен алда қозғалыста, ал әріптесі оның соңынан 5-6 қадамда аеледі. Алдыңғысы допты өкшемен артқа бағыттайды, артындағысы допты қағып, алға түседі де, оны қайталайды.
Бұл қабылдауды орындау барысында көбінесе кететін қателіктер де кездеседі. Бұл қабылдауды үйренуде бұл қабырғаға допты өкшемен беру арқылы жаттығу керек.
Бөлшектелген соққы деп, доп ұшып бара жатып өз өсімін айналуын айтады. Былайша жасау үшін допты доптың ортасынан емес, жерге қойып бір жағынан соққы беру керек.
Аяқ өрінің ішкі жағымен бөлшек соққы беру . Бұл кәдімгі соққы берумен бірдей, айырмашылығы доптың ортасынан емес,жанынан соққы беріледі. Доп өз өсінде қатты айналған сайын оның доғасы да көбірек болады.
Оқыту барысында: 1.Бір-біріне. Жаттығушылар қос-қостан жаттығады. Олар бір-бірінен 12-14 м қашықтықта тұрып, бір-біріне аталған түрде доп беріп отырады.
2.Қақпа арқылы. Бағаналардан 2м кеңдікте қақпа құрылады. Екі ойыншы қақпаның екі жағына 10м қашықтықта орналасады. Ойыншылар допты бір-біріне бағыттап кезекпен қақпаны соғады.
3. Домаланған доппен. Жаттығуда үш ойыншы қатысады. Біреуі қақпаға орналасады, екіншісі қақпа жанына, үшіншісі екінші ойыншы берген допқа соққы беріп қақпаға бағыттайды. Әріптестер орын алмасып ойнайды.
4.Бағана арқылы. Соққы сызығынан 17-18м қашықтықта 2,5 диаметрлі шеңбер сызылады. Соққы сызығы мен шеңбер арасына бағана қойылады. Ойшылар алдымен қимылсыз тұрған допқа соққы береді,онан соң домаланған допқа соққы беріп, шеңберді көздейді.
5.Флангтан беру. Алаңда бір шетінен соққы беру нүктесі белгіленеді. Айып алаңының 11метрлік аумағында диаметірі 5метр болатын шеңбер сызылады. Шеңберге түсіру үшін допқа 10соққы беріледі. Мұнда 5 соққы аяқ өрінің ішкі жағымен, ал 5 соққы сырқы жағымен.
Бастауыш футболшыларға бұл қабылдауларды оқытуда, олардың көбінесе жіберілген қателігі допты дәл ортасынан соққы бермейді,ауытқиды. Бұл кемшілікті жою үшін допқа соққы беріп, қабырғаға ұру жаттығуын жасау керек.
Ұшып келе жатқан допқа соққы беру-техникалық күрделі қабылдаулардың бірі болып табылады. Бұл қабылдауды үйренуде, соққы беруші аяқтың допқа дұрыс тиюіне назар аудару керек. Ойыншы қақпаға ұшып келе жатқан допты бағыттауы керек болса, онда аяқ өрінің ортасы арқылы доп орталығын көздеп соққы беру керек. Тәртіп бойынша соққы дұрыс берілсе, доп көзделген жерге тиеді. Бұл жағдай көбінесе табанның ішкі жағымен немесе аяқ өрісінің ішкі жағымен соққы бергенде дұрыс орындалады. Соққылардың ішіндегі ең күрделісі болып, баспен соққы беру саналады.