Аяқ өрінің ортасымен соққы. Қақпаны көздеген уақытта көбінесе орта немесе ұзақ қашықтық таңдалып алынады. Соққы тура жүгіріспен беріледі. Оның орындалу техникасы мынадай: кішкене тізе бүгіліп , доппен қатар қойылып, аяқ ұшы бағытқа қарай тураланады. Соққы доптың ортасына беріледі. Допқа соққы бергенде қол алға-артқа майысады.
Оқыту барысында: 1.Соққыимитациясы. Аяқтың соққы қимылын допсыз орындау.
2.Жай соққы. Қабырғадан үш метр қашықтықта қимылсыз тұрған допқа соққы беру ұозғалыс жай темппен жасалады, 20-25 соққы беру керек.
3.Дәл соққы. Қабырғада 1х1 м квадрат сызылады. Ойыншы 10 м қашықтықта көзделген квадрадқа 20 соққы беруі қажет. Соққы қимылсыз тұрған допқа беріледі.
4.Жалаушалар арасы. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестестер ара-қашықтығы 24-26 м. Ортаға жалауша арқылы 1,5-2 м кеңдікте қақпа құрылады. Әріптестер допты бір-бірінежалаушалар арасы арқылы бағыттайды.
5.Домаланған доппен. Жаттығушылар екі-екіден бөлінеді. Әріптесінің бірі допты бір жақтама береді, ал екіншісі домаланған допты қақпаға, көзделген жерге дәлдеп соққы береді. Екі аяқпен де 10 соққы берген соң , допты беріп тұрған ойыншымен орын алмасады.
6.Алыстан соққы. Алаңда 15 м кеңдікте коридор белгіленеді. Ойыншылар кезекпен жүгіру арқылысоққылар орындайды. Әрқайсысына 3 ұмтылыстан беріледі. Коридормен ең алысқа допты кім соқса, сол жеңеді.
7.Мықты соққы. Әріптестің біреуі қақпаға орналасады, екінші ойыншы қақпадан 12 кв м қашықтықтан оң және сол аяғымен шығып, 5 соққы береді. Онан соң орын алмасады.
Бұл қабылдауларды меңгеруде бастауыш футболшылар аяқ ұшын максимальді төмен иеді. Бұл жағдайда доп қисық траекториямен ұшады. Бұл қателікті болдырмас үшін дұрыс жолмен 8-10 соққы беріп, жаттығу керек. Сонымен қатар олар тірек аяқты доппен өте алыс қашықтықта ұстап тұрады, ал соққы допқы допқа әлсіз беріледі. Бұл кемшіліктерді болдырмау жолы ұзақ әрі сапалы жаттығулар жасау.
Аяқ өрінің ішкі жағымен соққы беру. Былайша соққы беру ойын кезінде қарсыластың қақпасына, айып соққы бергенде т.б. жағдайларда орын алады. Бұл қабылдаудың техникалыққолданылуы келесідей. Тірек аяқ доптан артта тұрады. Ол аяққа дененің ауырлығы түсіріледі, ал соққы беруші аяқ тізеден бүгіледі. Сонан соң соққы беруші аяқтың табаны ішке қарай кішкене майысады да бекиді. Соққы доптың төменгі бөлігіне беріледі. Бұл қабылдауларды оқытуда жоғарыда аталған жаттығуларды жасатады.
Енді осы қабылдауларды орындау барысында жіберілетін қателер жөнінде айтатын болсақ, тірек-аяқ допқа өте жақын орналасады. Қатені болдырмас үшін қабырғаға соққыны дұрыс беру жолымен жаттығу керек. Жүгіруді дұға бойымен емес көзделген бағытқа сай түзу бағытта жүгіру керек.
Аяқ өрінің сыртқы жағымен соққы беру. Былайша соққы беру айып кезінде , қақпаға және әріптесіне беру кезінде көп қолданылады. Бұл соққыда доп айналып ұшады. Бұл қабылдау дұрыс болу үшін дәлдікті арттыру керек, ол үшін тірек аяқ доп деңгейінде орналасады. Соққы берушіаяқ ішке қарай бұрылып, соққы беріледі. Ден салмағы тірек аяққа түсіріледі. Әрине бұл қабылдауды тез үйрене қою қиын, бірақ үйренуді жүзеге асыруғы әбден мүмкіндігі бар. Ең бастысы қателік болдырмау, болған кезде де тез жөндеу.
Аяқ ұшымен соққы берукөбінесе ылғалды ауа райындағы ойында беріледі. Бұл қабылдаудың орындалу техникасы аяқ әрі ортасымен соққы техникасымен бірдей.
Өкпемен соққы. Бұл соққы артта тұртұрған әріптеске допты елеусіз ғана беруде қолданылады.
Бұл бастауыш футболшыларда дұрыс бола бермейді. Бірақ барлық футбол шеберлері оны ойында дұрыс қолдана біледі. Бастпқы кезеңде қабылдаулардың дұрыс орындалуына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл қабылдауды жүзеге асыруда тірек аяқты доптан сәл алдын қою керек және тізені бүгеді. Сонан соң соққы беруші аяқты өзінен артқы бағытта өкшемен береді.