2тақырып : Зерттеу әдістері
1.Зерттеу әдістері туралы түсінік
2.Зерттеу әдістерінің түрлері
Әрбір ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек. Сондықтан да психология ғылымының да өзіне лайықты адамдардың психикалық әрекеттерінің өсіп-даму заңдарын зерттейтін жолдары, зерттеу тәртібі, ережелері, яғни зерттеу әдістері болуы қажет. Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе кесінді әдісі арқылы дамудың белгілі бір аспектісін зерттейді, мысалы, интеллектуалды даму деңгейін. Нәтижесінде осы топқа тән мәлімет алады. Бірнеше кесінді жасағанда салыстырмалы әдіс қолданылады: топтар бойынша мәліметтерді салыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |