Факультетінің деканы п.ғ. к



бет46/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127
4.Рубеждік бақылау

Рубеждік бақылау 30 сұрақтан тұратын жазбаша тестіден тұрады. Әрбір дұрыс жауап 0,25 баллға бағаланады. Рубеждік бақылау бойынша жоғары балл 7,5 балл болып есептеледі.



Осылайша келесі кесте жасауға болады:





Бақылау түрі

Апталар

R1



Апталар




R2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1



Сабаққа қтысу

1

1

1

1

1

1

1

7

1

1

1

1

1

1

1

1

8

2


СОӨЖ

1

1

1

1

1

1

1

7

1

1

1

1

1

1

1

1

8

3

СӨЖ

1,22

1,22

1,22

1,22

1,22

1,22

1,22

8,5

0,81

0,81

0,81

0,81

0,81

0,81

0,81

0,81

6,5

4

Рубеждік бақылау



















7,5

7,5






















7,5

7,5




Барлығы























30

























30

Кестеден көріп отырғандай 1-ші және аттестация үшін студент ең жоғары 30 балл немесе 100% алуы қажет. 2-ші аттестация үшін де студент ең жоғары 30 балл немесе 100% алуы қажет.

Жоғарыдағы талаптарды орындамаған жағдайда студентке келесідей айып ұпай салынады:

-сабаққа кешігу (- 0,5 балл);

- сабақты жіберу (-0,5 балла);

- тапсырманы кеш орындау (- 0,5 балла);

- СОӨЖ болмауы (- 0.5 балла за каждое неподготовленное задание);

- аудиториядағы тәртібі (- 0,5 балл).

Барлық талаптар орындалған жағдайда студент естиханға жіберіледі.

Екі аттестация қорытындысы бойынша 30 баллдан(50%) төмен балл алған студент емтиханға жіберілмейді.

Қорытынды баға келесі формуламен есептеледі:

U = (Р1 + Р2 : 2) *0,6 + Е*0,4

Р1 – бірніші рейтингтің сандық эквиваленті;

Р2 –екінші рейтингтің сандық эквиваленті;

Е – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.

Пәндер бойынша қорытынды баға пайыз есебінен төмендегідей белгіленеді:

Пайыз есебіндегі Қп/ц қорытынды бағасы Қс сандық баламасындағы қорытынды бағаға «Бағалар сәйкестігі кестесіне» сай айналдырылады.



Пайыз

есебімен бағалау



Әріппен бағалау

Бағалаудың

сандық баламасы



Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

95-100

А

4,0

Өте жақсы



90-94

А-

3,67

85-89

В+

3,33

Жақсы

80-84

В

3,0

75-79

В-

2,67

70-74

С+

2,33

Қанағаттанарлық

65-69

С

2,0

60-64

С-

1,67

55-59

D+

1,33

50-54

D

1,0

0-49

F

0

Қанағаттанарлықсыз

Егер оқушы емтиханда Ғ қанағаттанарлықсыз бағасын алса, қорытынды бағасы есептелінбейді, ведомоске Ғ бағасы қойылады.



Жазғы емтихан сессиясы келесі курсқа көшіру сессиясы болып табылады, сондықтан сессияны қанағаттанарлық бағаға тапсыру жеткіліксіз. Студенттерді курстан курсқа көшірудің GРА (ОБ) есептеледі.

1.10 Курстың саясаты мен процедуралары - студент пәнді оқыту үдерісінде келесідей әкімшілік талаптарды орындауы қажет:

  1. Оқытушыға және басқа студенттерге құрмет көрсету;

  2. Сабақтан кешікпеуге;

  3. Сабақ уақытында ұялы телефондарды сөндіру;

  4. Алдамау. Плагиатқа жол берілмейді;

  5. Мерзiмдердi сақтау;

  6. Сабаққа дайындалып келу және семинарлық жұмыстарға белсене қатысу;

  7. Тапсырылған жұмыстарды уақытында орындау;

  8. Аудиторияға сабақ басталмай кiру;

  9. Барлық сабаққа қатысу. Егер сабаққа себепсіз қатыспаса, тест тапсыруға рұқсат етiлмейдi;

  10. Қорытынды емтиханға қатысу.


Мазмұны:

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ — SYLLABUS

    1. Оқытушы туралы мәліметтер--------------------------------------------------------- 19

    2. Пән туралы мәліметтер ---------------------------------------------------------------- 19

    3. Пререквизиттер ------------------------------------------------------------------------- 19

    4. Постреквизиттер ----------------------------------------------------------------------- 19

    5. Пәнді оқыту мақсаты ------------------------------------------------------------------ 19

    6. Пәннің тақырыптық жоспары ---------------------------------------------------------- 20

    7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.----------------- 27

    8. Әдебиеттер тізімі ------------------------------------------------------------------------- 29

    9. Баға жөнінде ақпарат --------------------------------------------------------------------- 30

  1. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ МЕН ПРОЦЕДУРАЛАРЫ---------------------------- 32


4.4 «Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері» пәнінің оқу әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі



Сабақтың тақырыбы

Қолданылған әдебиет

1

«Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері» пәніне кіріспе

[1,5,12]

2

Зерттеу әдістері

[6,14,9,7]

3

Психология ғылымында дамудың негізгі теориялық мәселелері

[2,5,8,12]

4

Бала психикасы дамуының негізгі теориялары

[8,5,4,3,10]

5

Психологиядағы жас кезеңдеріне топтастыру мәселесі

[1,6,2]

6

Мектепке дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктері

[11,1,5,8]

7

Кіші мектеп жасындағылардың психикалық даму ерекшеліктері


[13,10,2,6]

8

Кіші мектеп жасындағы баланың жеке тұлғасының дамуы

[11,10,1,7]

9

Бастауыш мектеп оқушыларының таным процестерінің дамуы .

[5,16,3,6]

10

Бастауыш мектеп жасындағылардың сөйлеуінің дамуы

[1,2,14,6]

11

Кіші мектептегілердің ерік жігерінің қалыптасуы

[13,9,2,5]

12

Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңнің психологиясының сипаты

[17,2,64,3]


4.5 ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1тақырып : «Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері» пәніне кіріспе
1) . «Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері» психологиясының пәні.

2).Жас ерекшеліктер психологиясының салалары.

3). «Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері» басқа ғылымдармен байланысты.

4). «Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері» пәнінің қысқаша тарихы

Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.

Жас ерекшеліктер психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.

Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П. П. Блонский мен Л. С. Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл – әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б.) ерекшеліктері де енеді.

Жас ерекшеліктер ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:

1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін);

2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін);

3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);

4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін);

5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін);

6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін);

7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 – 23 жасқа дейін);

8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін);

9) кемелдік кезең (30 жастан 55 – 60 жасқа дейін);

10) қартаю кезеңі (60 – 70 жас аралығы);

11) кәрілік кезең (70 – тен жоғары).

Даму психологиясының мынадай салалалары бар:

– балалар психологиясы;

– жасөспірім психологиясы;

– балаң жас психологиясы;

– акмеология (кемелдік);

– геронтопсихология (кәрілік).

Жас ерекшеліктер психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.

Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі – бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы – педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады. Даму психологиясының өмірге келуі 19 ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни психологияға генетикалық идеяның енуімен байданысты. Даму психологиясының одан әрі өрлеуіне Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары айтарлықтай әсер етті. Ол психикалық дамудың қайнар көздері мәселесіне зейін аудартты.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында психологиялық экспериментті даму психологиясында қолданудың арнаы жолдары табыла қоймады. Эксперименттің психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауездің ес процесін зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен қимыл-қозғалыстың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттегендері, және т.б.) осындай зерттеу жетістіктеріне сүйене отырып, даму психологиясы өрістей бастады.

Адамның өзіндік даму жолындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әсіресе өмірдің алғашқы кезеңдеріне аса көңіл аудару қажет. Осындай пікірді қолдайтын психологтар, бала өмірінің ерекшеліктеріне, әсіресе оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне көңіл аударды. Мәселен, Ж. Ж. Руссо «Бала – кішкентай ересек адам» – деген жалпы қорытынды жасады. Кейіннен, Кеңес елдерінде, АҚШ-та өрістеген көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың байқаулары, есте сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша сапалық ерекшеліктері болатыны анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет