1.9. Баға жөнінде ақпарат
Кредиттік технология ережесіне сәйкес студенттер білімі балдық рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Бағалау саясаты объективтілік, айқындылық, икемділік және жоғары дифференциалдығы принциптеріне негізделуі керек. Қорытынды баға келесілерден тұрады:
- Рейтингтік бақылау;
- Емтихан.
Пән оқытушысы семестрдің әрбір 8 және 15 аптада 100 балдық шкала бойынша рейтингтік бақылаудың нәтижесін шығарады. Рейтингтің бағасы ағымдық, рубеждік бақылау бойыша балдардың сомаларынан тұрады.
Оған кіретіндер:
1. Сабаққа қатысу:
Сабаққа қатысу міндетті болып табылады. Студент сабақтан сбепсіз қалмауы, сабақтан кешікпеуі тиіс, аудиторияда өзін тәртіпті ұстауы қажет. Студент сабаққа дайындалып келуі қажет. Сұрақ қойып, есептер шығаруға дайын болуы керек. Сабаққа әрбір қатысу 0,5 баллмен бағаланады.
2. Практикалық сабаққа белсенді қатысу
Сабаққа белсене қатысу ауызша жауап пен есептер, ситуациялық есептер шығарудан тұрады. Студенттердің ауызша жауаптары уақытында тапсырылмаса есепке алынбайды. Студенттердің жауаптары мен шығарған есептері негізінде аралық аттестацияға әсер ететін бағадан тұрады. Практикалық сабақтар әрбір сабаққа 1 баллмен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |