1.3 Психоаналитикалық даму
Психоанализ өзінің бастапқы сатысында емдеу әдісі ретінде қалыптасты,
бірітіндеп келе психология жүйесінің негізін салды. З. Фрейд әр түрлі пациенттерді зерттеп ,оларды талдай отырып ,ересек адамның ауруларын бала кезңіндегі дағдарыстар мен мазасыздық сезімдермен байланысты деп тұжырымдады.
Психоанализдің теориялық тұжырымдамасының негізін санасыздық және жыныстық бастаудың негізң құрайды.
Фрейд санасыздыққа, шын мәнінде , өздерінің не істеп , не айтақандарын түсінбейтін адамдардың іс-әрекет жатқызды. Жыныстық мазасызданудың бастапқы табиғаты балалық шақта басталады, бұл әкеге немесе шешеге деген махаббат не өшпенділік сезімі , ағасы не әпкесіне деген қызғаншақтық сезімі, т,б.Фрейд ұғымы бойынша жеке тұлға бұл қоздырғыш және тежегіш күштер қарым-қатынасы . З.Фрейдтің даму тұжырымдамасы бұл динамикалық тұжырымдама, бір адамның дамуына қоршаған орта емес , екінші орны алады.
Психоанализбен К. Юнг, А. Адлер, С.Д. Смирнов сияқты ғалымдар айналысқан . Осы зерттеулер арқылы келесі мағлұматтар ашылды:
З.Фрейд бойынша, туа біткен түйсік елігу сезімдері жеке тұлғаның индивид ретінде даму негізі, мұнда психикалық қуаттың бірден-бір көзі биологиялық еліктеу болып табылады.
К.Юнг бойынша, даму – бұл индивидуализм . Басты мақсат , психикалық жүйенің біркелкі , толық болуы.
А.Адлер бойынша , адамға туғанан бастап «әлеуметтің сезімі» беріледі , бұл сезім әлеуметтік ортаға кіруге итермелейді.
К . Хорни бойынша , мазасыздық , алаңдаушылық сезімнен пайда болатын қауіпсіздікке ұмытылыс жеке адамның дамуының негізгі қуат көзі болып табылады.
З. Фрейд қызы Анна Фрейд психонализдің класикалық теориясы мен практикасы ары қарай жалғастырады. Ол жеке адамның түйсікті бөлігін жыныстық және агресиялық құрылымнан тұрады деді.Және де баланың дамуының әрбір фазасы бұл баланың ішкі түйсіктік елігу мен қоршаған ортанын әлеуметтік шектеулерінің бір-бірімен үйлесімділігінің нәтижесінен құрылады деді. Оның ойынша, баланың дамуы баланың бірітіндеп әлеуметтендіру үрдісінен тұрады , бұл үрдіс сүйсіну принципнен шынайы өмір үрдісіне өту заңына бағынады «Мен» функциясы дамудың белгілі бір сатысына көтерілген сайын ол өзінше бір принциптен екішісіне өту мүмкін болады. Мысалы: Еске сақтау қабілетті дамыған сайын ол өзінше іс-әрект жасай біледі, сөйлеу қабілеті оны қоғам мүшесі ете алады,логика себеп-салдарды түсінуіне комектеседі, осылардың арқасында ол өмірге саналы түрде ыңғайланады.
Шынайы өмір принциптері мен ойлау үрдісінде әлеуметтендірудін жаңа механизмдері пайда болады. Олар: имитация(еліктеу), идентификация(ролді қабылдау), интроекция( басқа адамның сезімдерін өзіне қабылдау) .Осы инстанцияның пайда болуы –оның әлеуметтік дамуындағы шешуші прогресс. Баланың дамуына анасыныңда әсері барекені дәлелденген .
А.Фрейдтің ойынша жеке адамның дамуындағы үйлесімсіздікке мыналар себеп: Даму жолында прогресстің бір қалыпты болмауы регресттің бір қалыпты жалғаспауы , ішкі инстанцияларының бір бірімен қарым-қатынастарының ерекшеліктері және тағы басқасы.
Міне , сондықтан, адамдар араасындағы жеке даралық айырмашылықтарда өте үлкен тура даму жолдарыда әр түрлі , оларды анықтаудың қатал тәртібі көңілден шықпайды. Прогресс пен регрестің бір –біріне әсер етуіне дамуының әр түрлі жолдары көп.
З. Фрейд психиканың дамуының қайнар көзі мен елігу түйсіктер дейді. Бала дүниеге келгенде белгілі бір энергия қорымен (либидо) келеді . Ол аданың жыныстық ынтығуымен сипаталады . Баланың барлық дамуын Фрейд төрт кезеңге : оральді, анальді,фаликалық және латентті немесе генитальді кезеңдер деп бөледі.
Либидо( латын сөзі – ынтығу елігу)- адамның негізінде жататын психикалық энергия. Ол адамның көбіне жыныстық ынтығуына байланысты болады.
Оральді кезең – психикалық дамудың алғашқы сатысы . Фрейдтің айтуынша , бұл бала дамуының нәрестелік кезеңінде келеді . Баланың негізгі сезімдік мүшесі ауыз қуысы болып табылады.
Анальді кезең – психикалық дамудың екінші сатысы . Нәрестелік кезеңде көрінеді. Негізгі ерекшелігі – зәр шығаруға байланысты балада болатын қанағаттану сезімдері . Бұл кезеңге ерекше назар аудару барысында кейін балада анальді мінездің екі түрлі формасының қалыптасуыеа әкеледі: Анальді-устаушы тип. Бұл типтің мінез ерекшелігіне сараңдық қыңырлық жатады . Екіншісі – анальді-агресиялы тип . Бұл типке тән мінездеме: импульсивтілік, агрессия , ұстамсыздық, садизм.
Фаликалық саты – психожыныстық дамудың үшінші кезеңі . Баланың қанағаттану сезімдері гениталии болып табылады. Дамудың бұл кезеңінде бала өзін жыныстық жағынан жетілген, дамыған өзінің еркектік мінезін дәлелдейді . Олар мақтаншақ , жеңілтек және т.б. мінез бітістерімен сипатталады.
Латентті (жасырын) кезең кіші мектеп жасына сай келеді. Бұл кезеңде психикалық энергия (либидо) ұйқылы тыныштық жағдайында болады да, баланың қарм – қатынас қызығушылығы қарама-қарсы жынысқа бағыттталады
Генитальді саты –психожыныстық дамудың төртінші кезеңі. Жасөспірімдік кезең мен адамның есейген кезеңін қамтиды. Балада гетерожыныстық қарм –қатынастар қалыптасады.
1.4Социогенетикалық теория
Биогенетикалық тұжырымдамаға қарама –қарсы көз қарас әлеуметтік (социогенетикалық) тұжырымдама боды. Олардың айтуынша , адамның мінез құлығында туа біткен психикалық қасиеттер жоқ, олардың әрбір іс-әрекет қоршаган орта әсерінен болады.
ХVII ғасырда ағылшын философы Джон Локк(1632-1704)бала өмірге келегенде таза тақтайдай , бұған не болсада жазуға болады және де ата- анасы баласын қандай етип көргісі келсе, сондай болып осіруге болады деп есептелген . Осы көзқарсқа сүйенетін болсақ, бала психикасының дамуы мен мінез-құлығында тұқымқуалаушылық ешқандай рөл атқармайды.
Американдық психолог Дж.Б. Уотсон (1878-1958) былай деді: « Адамның не ойлағанын зерттеуді қойып, не істеу керек екенін зерттейік»Ол да адамда туғанан ешқандай қасиеттер болмайды, барлық іс-әрекет қоршаған ортаның , қоғамның әсерінің өнімі деді. Әлеуметтік ортаны басқара отырып , кез келген адамды жасауға болатынын айтты. Ол И.П. Павловтың тәжірибе нәтижелерін есепке ала отырып , зерттелген ілімінде шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің жарасылымдылығын есепке алды.Бұл Дж.Б. Уотсон мен Э. Газридің ассоционистикалық тұжырымдама ілімінің негізін салды, Бихевиоризм ХХ ғасырда американдық психилогияның бір бағыты болды.
Дж.Уотсон былай дейді: « Сана, сезім, қабылдау,қиял, және ерік, сияқты терминдер адам іс-әрекетін суреттегенде алынып тасталады». Адам іс-әрекет, қимылдарын жануарлармен ұқсатқан . Уотсонның ойынша , адам-биологиялық жәндік , оны кез келген жануар сияқты зерттеуге болады. Осыған орай бихевиоризмде қоршаған орта әсері бар-жоғын үйрету үрдісін қарастыуға негіз салынады.
Необихевиоризмнің өкілдері американ Психологтары Э. Торндайк ( 1874-1949) және Б. Скиннер (1904-1990) үйрету тұжырымдамасын қарастырып шығарды , олар оны «операнттық үйрету» деді
Н.Миллер мен американ психологі К.Л.Халл (1844-1952)- «Шөл, аштық арқылы ауру хал –жағдайдағы сынаушыны үйретуге болма ма?деген сұраққа жауап беретін теорияның авторлары.
Осы теориялар негізінде мынадай нәтиже шығаруға болады: Психикалық дамуда социогенетикалық теориялардың негізгі факторы қоршаған орта,ал баланың белсендідігі есептелмейді.
Э. Эриксон бұл маселені жан-жақты зерттеп бір жүйеге келтірді. Төменде ұсынылыпп отырған Э. Эриксон үлгісі кез келген адамның жеке басының даму деңгейін зерттеп білуге көмектеседі. Бұл кестеде адамның даму кезеңі туғаннан бастап 60, одан да кейінгі жас аралығы негізінен 8 кезеңге топтастырылып қарастырылған. Әр кезеңде адамның қалыпты дұрыс даму және аномальді даму ерекшеліктері сипаталады.
Даму кезеңі
Дұрыс даму барысы
|
Аномальді даму барысы
|
Нәресте кезең (туғанан бір жас аралығы)
|
Адамға сенім
Ата-ана мен баланың бір-біріне мейірімділігі
Өзара қарым-қатынастың қажеттілігі
|
Балаға деген мейірімсіздіктен адамға сенімділіктің туындауы, Баланы емшектен ерте
Шыңару не мүлде емізбеу,ана мен бала арасын (1-3аралыңы) алшақтады
|
Сәбилік соңғы кезеңі
Өзіндік әрекет бар.Бала өзіне сенімен қарайды , бірақ ата-анасының қамқорлығы қажет етеді
|
Бала өзінің қабілетсіздігіне қиналады.Жүру,сөйлеу кемтарлығы бар екенін сезіп , басқалардан жасыруға тырысады.
|
Алғашқы балалық кезең(3-5 жас аралығы)
|
Белсенділік
Айнала өмірді , болмысты білуге ынталылық, ересектерге еліктеушілік байқалады.
|
Еңжарлық
Ынта-ықыластың жоқтығы , сылбырлық, мазасыздану,адамдарға деген немқұрайлық сезіммен қатар , іс-әрекет танытк басым
|
Еңбек сүйгіштік
Танымдық және қарым-қатынас жасауға іскерлікпен дағдыны дамыту , мақсаттылық сезімі , ынталылық, нақтылы міндеттерді шешуге бағыттау ойын әректінді белсенділік көрсету
|
Өзінің кемділігінің сезіну
Еңбек дағдысының баяу дамығандығы, басқалалар алдында өзінің әлсіздігіне қынжылуы, жыныстық жетілуі, бағыныштылық мінез-құлықта болуы,күрделі тапсырмаларды орындаудан бас тарту , жарыстарға қатыспауға,үнемі өзіне сенімсіздік білдіру айқын көрінеді.
|
Жыныстық жетілу кезеңі (11-20 жас аралығы) жас өспірім мен алғашқы жастық шақ
|
Болашақ өмірді айқындау. « Кім болу», «Қандай болу» , т.б. өмірлік сұрақтар қойып , өзін -өзі танып білуді барлау. Әт түрлі рөлдерде өзін байқап көру , жобалау іздену
Оқу
Дүниеге көзқарасты қалыптастыру . Өз құрбылары көшбасшылыққа ие болуға ұмытылу қажет болған жағдайда олардың да айтқанын мойындау . Жыныстық ерекшелікті аіғарып , саналы қарым қатынас, мінез-құлықты болу.
|
Өзінің кім екені және болашақ туралы ойларының шатасуы. Жан дүниесі мен көңіл күйі арпалыспауы. Айналасындағылармен ортақ тіл тауып, пікірлесе алмауы. Жыныстық жағынан тұйықтықа тірелуі . Еңбек әрекетін бәсеідеуі , моральдік және дүние-танымдық көзөарастарының аумалы – төкпелі болуы. Өзін-өзі танып білуге тырысуы өткен өмірін де , алда кім болатыны туралы да өзімен-өзі болып оқ-шауланып қалуы көзге түседі.
|
Алғашқы ересек кезең (20-40-45 жас аралығы)
|
Адамға жақындығы
Адамдермен қарым-қатынаста болуға ұмытылу , өзінің басқаларға қажетілігі, махаббат, жұмыс аясындағы жеке өміріне риза болуы айқын
|
Адамдарға оқшалануы
Адамдармен кездесуге , әсіресе жақындарымен бойын аулақ ұстауы . Адамға деген жылылық сезімінің болмауы.Мінез-құлқының тұрақсыздығы психикасында ауытқушылықтың айқын көріністері , көңіл күйінің бұзылуы , айналасына сенімсіздігі, қауіп қатерлі куш еніп , күдіктенуі басым
|
Орта жастағы ересектер ( 40-45 тен 60 жас аралығы)
|
Шығармашылық
Сапалы әрі шығармашылық жұмыс істеуге қабілеттілік.Байсалды әрі жан-жақты толымды өмір сүре білу, жанұлық жарасымды қарым қатынас орнату, жеке өмірін ризашылығын сезімге бөлеу . Балаларының тәрбиелігіне ата-аналық мақтаныш , көңіл күй . Болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Білім беруге бейімділігін іс-әрекетімен таныту
|
Тоқырау. Эгоизм.Эгоцентризм
Жұмыстың сәтсізлігі . Еңбекке жарамсыздықтың сәтсіздігі. Еңбекке жарамсыздықтың басталуы. Мүгелектік
|
60жас және одан жоғарғы ересек кезең
|
Өмірдің толықандылығы
Өткен өмір жолын үнемі еске түсіру,саналы, байсалды, байсалды баға беру. Өз өміріне өкінбейтіндігі мазмұнды әрі пайдалы өмір суруіне ризалық көңіл күйде болуы.Өмір бар жерде өлім бар деген шындықты түсінуі, өлім қорқынышын ойламаумен сипатталады.
|
Торығу ашығу
Өмірінің босқа өткеніне өкіну, уақытының босқа өтіп бара жатқанына қиналу. Елеусіз,іссіз өмірінен түңілу. Өзіне де, басқаларғада сенімінің жойылуы. Өмірді қайта бастауға ынтығуы , қайтседе, өмірден өз үлесін алуға қиналуы. Дүниеде тәртіптің , Әдептіліктің жоқтығын сезіну. Өмір аяқталып өлімнің жақындағанына үрейленуі мазалатындығы айқын.
|
Сонымен бұл ұсынылып отырған автордың тұжырымдамасымен келіспеуге де, қарсы пікір айтуға да болады. Алайда , практикалық мәні бар екені күмән туғызбайды. Әр кезеңнің даму барысында адамның жеке өзіне ғана тән теріс қасиеттері бар екенін анықтап білуіне көмектеседі. Кестеге мазмұны адамның белгілі жас аралығына қандай іс-әрекет , мінез – құлықтың басты шешуші болатынын және психикалық тұрғыдан қандай қолайлы жағдай ұйымдастырылуы қәжеттігін білуге мүмкіндік жасайды .
Эрик Эриксон (1904-1991) Жеке тұлғаның эпигенетикалық теориясы Эриксон З.Фрейдтің жек тұлға ойларымен келісе отырып , « Мен» мен қоғамының қарым –қатынасының психоаналитикалық тұжырымдамасын ашып көрсетеді . Жеке тұлғаның дамуындағы « Мен» қандай орын алтынына көп көңіл бөліп,оның дамуы қоғамдық -әлеуметтік құрылымында жатқанын атады. Эриксон өз зерттеулерінде әлеуметтендіру үрдістерін қарастырды.
Эриксонның жұмыстары психотарихи деген жаңа зерттеу әдісіне жол ашты. Бұл әдісте психоанализді қолдана отырып ,исол кездегі тарихи кезеңнін қандай екендігіне байланысты жеке тұлғаның дамуы зерттелінеді.
Эриксон осы әдіс арқылы Мартин Лютер, Ганди , Б.Шоу және т.б. атақты адамдардың өмірлеріне талдау жасады.Психотарихи әдіс жеке тұлғаның дамуы зерттелінді.
Эриксон осы әдісі арқылы Мартин Лютер Ганди,Б. Шоу және т.б атақты адамдардың өмірлеріне талдау жасалды.Психотарихи әдіс жеке тұлғаның психиологиясымен қатар,өмір сүріп жатқан қоғамның қасиеттеріне де көңіл бөледі.
АҚШ-тың қалаларындағы балалар мен үнді тайпаларындағы балалардың тәрбие алуы жөнінде этнографиялық зерттеулер жүргізілді.Эриксон бұл екі мәдениеттің салаларының өздері үшін дұрыс болып саналатын әрбір ананың тәрбиесі бар екенін анықтады және әрбір ана өзінің баласына беретін тәрбиені дұрыс деп қарастырады.Ана тәрбиесі оны қоршаған қоғамның бала келешегінен нені талап ететініне байланысты.Даму сатысында бала қоғамның талаптарына сай келсе,ол қоғамдық өмірге араласып кетеді.Ал,егер қабылдай алмаса,қоғам да оны қабылдамайды.Осы зерттеулер Эриксонның тұжырымының екі ұғымына алып келеді.Бірінші-топтық сәйкестік,екіншісі-эгосәйкестік.
Топтық сәйкестік баланың туғаннан ол қоғамда өмір сүріп,тәрбиеленуіне негізделген.Эгосәйкестік топтық үйлесіммен қатар қалыптасып,даму өзгерістеріне ұшырыса да баланың өзіндік қасиетін сақтап қалуын көрсетеді.Эриксон жеке тұлғаның өмір жолын бірнеше сатыларға бөледі,әр сатыда сол қоғамға тән тапсырмалар ұсынылады.Тапсырмаларды жеке тұлға даму деңгейіне қарай шешді.
Сәйкестіктің барлық түрлерінің қалыптасуы даму дағдарынсыз болмайды.Негізгі дағдарыс жасөспірім негізінде болады.Егер осы кезде даму үрдісі біркелкі өтсе,«ересек сәйкестік» пайда болады,ал қиындықтар болса,сәйкестіктің дамуы төмен болады.Жастық шақтан ересек шаққа ауысудың аралығын Эриксон«психоәлеуметтік мораторий»деп аталады.Бұл кезде жасөспірім өмірде өз орнын табуы қоғамның рухани жағдайына да байланысты болады деді.Э.Эриксон ппсихологияға «ритуализация»ұғымын енгізді.Ритуализация тәртібі дегеніміз-екі немесе бірнеше адамның белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын қарым-қатынастар.Эриксонның ойынша,даму кезеңдері бәріне ортақ.Биологиялық пісіп жетілу нәтижесі кезеңнің жүйелілігін көрсетеді.Дамудың мазмұны адамның қоршаған ортаның ықпалымен және нәтижесімен анықталады.
Э.Эриксон тұжырымдамасы
Кезеңдер
|
Қарым-қатынастың мағыналық радусы
|
Жас кезеңнің негізгі ерекшелігі
|
Пайда
болуы
|
Жас кезеңнің «жаңа нәрсенің»пайда болуы
|
Нәрестелік кезең туғаннан бір жасқа дейін
|
Анасы
|
Сенім мен негізгі ерекшелік,ол үмітсіздік пен сенімсіздікке қарама-қарсы
|
Базистік сенім-үміт
|
|
Сәбилік кезең (бір жастан үш жас)
|
Ата-анасы
|
Тәуелділік,ұят сенімсіздікке қарсы және өз беттілік пайда болады
|
Ерік
|
Импульсивтілік немесе басқаларды мақұлдай беру
|
Ойын кезеңі (үш жас пен бес жас)
|
Отбасы
|
Ұрысуға қарсы қорқыныш
|
|
|
Үрейге қарсы жеке бас интциативасы
|
Мақсаттылық, бағыттылық.
|
Дискрусивті, тоқырау
|
|
|
Мектеп кезеңі(алты мен он екі жас)
|
Мектеп, көршілер
|
Тез уйрену
|
Іскерлік, компоненттілік
|
Инерттілік
|
Жасөспірімдер (он үш пен он сегіз жас)
|
Құрбы-құрдастар
|
Иденттілік
|
Жаңа нәрестенің пайда болуы
|
Негативизм-ұялшақтық
|
Ересектік кезең
|
Достар,жыныстық серіктестер, қызметкерлер
|
Интимділік
|
Махаббат
|
Басқа біреулер мен қарым-қатынас шеңберіне араластырмау
|
Кемел жас
|
Генеративтілік-стагнация
|
Мейірімділік, қамқорлық
|
Жеке бастың торығуы, регрессия
|
|
Қарттық кезең
|
Адамзат менің үиім
|
Бірлік универсалдылық
|
Данышпандылық
|
Сүрген өміріне көңіл толмаушылық
|
Достарыңызбен бөлісу: |