Факультетінің деканы п.ғ. к



бет58/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127
1.5.Когнитивті теория.

Ж.Пиаже тұжырымдамасы

Швейцария психологі Жан Пиаженнің (1886-1980) алдына қойған мақсаты біртұтас логикалық құрылымның психологиялық қабілетінің тенденциясын зерттеп,олардың пайда болу және өзгеру механизмін болжау болды.

Клиникалық әдістің көмегімен Ж.Пиаже бала ойының мазмұны мен формасын зерттеді:



  1. Баланың дүниенің мазмұнын өзіндік елестетуі;

  2. Бала логикасының сапалық ерекшеліктері;

  3. Бала эгоцентрлік ойын қарастыру.

Баланың дүниеге өзіндік көзқарасы дегеніміз-бала өзінің белгілі даму кезеңінде заттарды өзіндік қабылдау қабілеті қалай қабылдаса,заттарды солай қабылдайды,ол оның ішкі қарым-қатынасын көрмейді.

Мысалы: Бала түнде серуендегенде,айды өзімен бірге жүреді деп ойлайды,бала жүгірсе ол да жүгіреді,бала тоқтаса да ол тоқтайды.Бұл құбылысты Ж.Пиаже«реализм»деп атады.Осындай реализм заттардың ішкі қарым-қатынасын көруге кедергі жасайды.Өзінің әп-сәттегі қабылдауын бала нағыз ақиқат,шындық деп ойлайды.Мұның себебі,бала өзінің«менің» қоршаған әлем мен заттардан айыра алмайды.

Реализмнің 2 типі болады: интелектуалды және моральдық.Мысалы: бала ағаш бұталарын жел жасайды дегенге сенімді.Бұл интелектуалды реализм.Моральдық реализмде –бала іс-әрекетті бағалауда ішкі көзқарасты есептемейді,тек сыртқы эффектіні және материалдық нәтижесін бағалайды.

Ж.Пиаже баланың дүниені қабылдауының дамуы 3 бағытта жүреді деді:

1. Реализмнен объективтілікке;

2. Реализмнен өзараға;

3. реализмнен релятивизмге;

Реализмнен объективтілікке даму бағыты бірнеше кезеңнен тұрады: партиципация(барлығы әсер ету),анимизм(барлығы да жанды) және артификализм(табиғи құбылыстарды адамның іс-әрекетімен байланыстыру).Тек заттардың ішінен өзінің жеке жағдайын сезінгеннен кейін ғана баланың ішкі әлемі бөлініп шығып,сыртқы әлемге қарсы тұрады.

Реализмнен объективтілікке бағытталған баланың әлемді елестету эволюциясымен қатар,балада реализмнен өзараға даму бағыты дамиды.Бұл кезеңде бала өзі үшін басқа адамдардың көзқарастарын ашады,оларға мағына береді,олардың және өзінің көзқарастарының арасында белгілі бір сәйкестік орнатады.Осы уақыттан бастап ол ақиқатты көре бастайды.

Баланың ақыл-ойы үшінші бағытта реализмнен релятивизмге де дамиды. Алғашқыда бала абсолютты субстанциялар және абсолютты сапалар бар деп ойлайды.Кейін бала құбылыстардың бір-бірімен байланысты екенін, ал біздің бағаларымыз салыстырмалы екенін ұғады.Мысалы:алғашқыда бала әрбір қимылдаған затта мотор бар,сол мотордың арқасында ол жылжиды деп ойлайды,бірақ кейін ол жеке денелердің қимыл-қозғалысына сыртқы күштің әсері бар екенін түсінеді.
Бала ойының өзіндік сапалы мазмұнымен қатар эгоцентризм баланың логикалық ойының келесі ерекшеліктерін ескертеді:синкретизм(барлығын барлығымен байланыстыру бағыты),ереже-пікірлер арасында себепті байланыстың болмауы,трансдукция жалпы жағдайды атап өтіп,жекеден жекеге пайымдауға көшу,қарама-қайшылыққа сезімсіздік,т.б.Осы аталған ерекшеліктердің бәріне тән және эгоцентризмге іштей тәуелді бір сипат бар.Ол баланың 7-8 жасқа дейін қосу және көбейтудың логикалық операцияларын орындай да алмаудан тұрады.Логикалық қосу дегеніміз-басқа екі класпен ұқсастығы аз,бірақ сол екі класты құрамына кіргізетін класты таба алу, мысалы:«жануарлар=омыртқалылар+омыртқасыздар»

Логикалық көбейту дегенімңз-екі класс элементтерінің жиынтығы бар кластарды табу,мысалы:

«женевалықтар+протестанттар=женевалық протестанттар»болады.

Іс-әрекетті орындай алмаушылық балалардың ұғымдарға анықтама берулерінен көрінеді.Әрбір бала түсінігі иерархиялық қарым-қатынастармен еш байланыссыз,әр түрлі элементтердің жоғары сандық көрсеткішімен анықталатыны тәжірибеде белгіленген.Мысалы,бала күшке анықтама бергенде былай дейді: «Күш дегеніміз-көп заттарды көтере алу». Балаларға ең қиын берілетіні-салыстырмалы ұғымға анықтама беру. Мысалы:аға,оң және сол қол,жанұя және т.б.

Логикалық есептерді орындай алмау баланың ұғымдарға дұрыс анықтама бермеуіне ғана әкеп соқпайды,сондай-ақ сол анықтамалар арасында қарама-қайшылық туғызады.Мұның себебі Пиаже тепе-теңдіктің болған кезде ұғым қарама-қайшылықтан арылады.Ол тұрақты тепе-теңдік критериясы ойлаудың қайтудың пайда болуы деп есптейді.Оның ойынша, әрбір ақылды іс әрекет симметриясы іс әрекетке сәйкес.

Бала психикасының тағы бір ерекшелігі-эгоцентрлік тіл феномені.

Пиаже баланың тілін эгоцентрлік деп есептеді себебі бала әңгімесінің позициясын түсінуге тырыспайды,ол өз көзқарасын айтады.Оған кез келген адам -әңгімелесуші.Бала үшін қызығушылықтың көрінісі ғана маңызды.Вербалды эгоцентризм мынадан көрінеді-бала сөйлегенде басқа адамға әсер етуге тырыспайды және өзінің әңгімесінің көзқарасының тыңдаушы адамның көзқарасынан айырмашылығын сезбейді.Эгоцентрлік сөйлеу баланың барлық сөйлеуін қамтымайды,ол, біріншіден,баланың белсенділігіне,өз қатарының арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас типіне байланысты.Зорлық пен ересектік бедел үстемдік алған жерде эгоцентрлік сөйлеу маңызды орын алады.Бала дискуссия мен бәсеке жүргізе алатын өз құрбы-құрдастарының ортасында мұндай сөйлеудің пайызы төмендейді.Бала өскен сайын эгоцентрлік сөйлеу коэффициенті қоршаған ортаға байланыссыз төмендейді.3 жаста ол 75%-ға дейін болады,3жастан 6 жасқа дейін ол азая береді,ал 7 жастан кейін ол мүлдем жоғалады.

Пиаже зерттеулерінің арқасында бұрын аз зерттелген және мойындалмаған өте маңызды психологиялық құбылыс-баланың шындыққа қарым-қатынасын анықтайтын ақыл-ой позициясы ашылды.

Пиаже танымдық эгоцентризмге ерекше көңіл бөлді.Ол эгоцентризмді кейбір объектілерге қатысты өзінің танымдық позициясын өзгерте алмайтын тұлға ретінде қарады.Эгоцентризмнің түп-тамыры ғалымның ойынша субъектінің өз-көзқарасының басқа көзқарастың барын түсінбеуінде жатыр.Мұның себебі,субъект өзінің және басқа адамдардың психологиялық ұйымдары бірдей екеніне сенімді.

Эгоцентризм танымдық,моральдық және коммуникативтік болуы мүмкін.Танымдық эгоцентризм қабылдау мен ойлау үрдістерін бейнелейді.Моральды эгоцентризм моральды іс-әрекеттер мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін қабылдай алмайтындығын көрсетеді.Коммуникативті эгоцентризм хабарламаны басқа адамға жеткізгенде және ол хабарламаның басқа мағынасы жоқ екенін көрсетуден байқалады.

Бастапқы танымдық эгоцентризм «Менді» сезінудің гипертрофиясы емес,керісінше ол «менді» елемей,оны субъективті байланыстардан босататын,қарым-қатынас әлемінен өз орнын табу үшін «Менен» шыққысы келеді.Пиаже эгоцентризм төмендеуін білімнің ұлғаюынан емес,субъектінің өз көзқарасын басқа көзқарастармен арақатынастыру мүмкіндігінде деп есептеді.

Эгоцентризмнен децентрацияға көшу барлық даму сатыларындағы танымды бейнелейді.Оның жалпылығы мен шарасыздығы үшін Пиаже оны «даму заңдылығы» деп атады.Эгоцентризмнен өту үшін көшу барлық даму сатыларындағы танымды бейнелейді.Оның жалпылығы мен шарасыздығы үшін Пиаже оны «даму заңдылығы» деп атады.Эгоцентризмнен өту үшін көшу барлық даму сатыларындағы танымды бейнелейді.Оның жалпылығы мен шарасыздығы үшін Пиаже оны «даму заңдылығы» деп атады.Эгоцентризмнен өту үшін:

1.Өз «Меніңді» сезініп,оны субъект ретінде қабылдап,субъектіні объектіден айыру керек;

2.Өзіңнің көзқарастарыңды басқа көзқарастармен координациялау керек.

Пиаженің ойында субъектінің өзін білуі әлеуметті өзара іс-әрекетте,яғни жеке тұлғалардың әлеуметтік өзара қарым-қатынасында дамиды.Пиаже қоғамда бала үшін қалай сөйлесе,солай қабылдады,яғни әлеуметтік қарым-қатынас қосындысы ретінде,оның ішінен екі типті бөліп шығаруға болады: зорлық қарым-қатынас және кооперациялар қарым-қатынасы.

Зорлық қарым-қатынас ақыл-ой позициясының ауысуына болыспайды. Өзінің «Менін» сезіну үшін зорлықтан құтылу керек,сондай-ақ ой-пікірдің өзара қатынасы қажет.Бірақ ересек пен бала арасындағы теңсіздік өте улкен болғандықтан,мұндай өзара қатынас тұлғалар «дамушы» өзара бақылауды іске асыра алады.Мұндай арақатынастар бір-бірімен жасты адамдардың ортасында болуы мүмкін,мысалы,қарым-қатынастар кооперация негізінде құрылатын балалар ұжымында.

Тағы бір психологиялық көзқарастардағы маңызды ұғым - әлеуметтену.Пиаженің ойынша,әлеуметтену дегеніміз-әлеуметтік ортаға икемделу үрдісі.Мұнда бала белгілі бір даму кезеңінде,өз көзқарасы мен басқа көзқарастарды айыру және координациясы арқасында,басқа адамдармен ынтымақтастыққа келе алады.Әлеуметтену баланың психикалық дамуындағы шешуші позициядан объективтілікке көшуді шарттастырады.Мұндай көшу өзгерісі 7-8жаста болады.Ж.Пиаже (1896-1980) Женевадағы эпистемологиялық орталықтың негізін де салушы болды.Ол бала психикасының сатылық дамуының негізін қалаған. Пиаженің пікірінше,баланың интеллектуалды дамуы үш кезеңнен тұрады: біріншісі,сенсомоторлы интеллект кезеңі (0-2 жас).Бұл кезеңде бала өзін субъект ретінде қабылдамайды да,өмірді түйсіну және сезім арқылы қабылдайды.Ол нәрсені қолымен ұстайды,сипалайды,аузына салып дәмін көреді,лақтырады,шашады және т.б.сенсорлы және моторлы әрекеттерді жасайды.Дүниені танып білу осындай қимыл-қозғалыстар арқылы жүзеге асады.Сондықтан бұл кезеңнің негізгі дамуы мен қалыптасуы сенсорлы және моторлы қабілеттер болып табылады.

Нақты операция кезеңі (2-11-12 жас).Бұл кезеңде бірте-бірте іс-әрекет интериоризациясы жүзеге асады да,операцияға айналады.Егер сенсомоторлы интеллект кезеңінде балада заттық әрекеттер негізгі рөл атқарса,ал бұл кезеңде негізгісі операция болып табылады. Пиаже бұл кезеңді операцияға дейінгі (2-6-7) және нақты операция кезеңі (6-7-11-12) деп бөледі.

Интеллект дамуының үрдісі формальды операция кезеңімен аяқталады.

Формальды операция кезеңі (11-12-14-15 жас).Бұл кезеңде нақты объектілерді қабылдау сезімге сүйенбейді.Жасөспірімдерде абстрактілі ойлау дағдылары қалыптасып,ғылыми дами бастайды.

Персоногенетикалық даму теориясы.Бұл теорияны оның негізгі өкілдері А.Маслоу мен К.Роджерс еңбектерінен көруге болады.Олардың айтуынша,психикалық даму – адамның таңдалынып алынған нәтиже. Үрдістің дамуы әр түрлі,себебі олардың қозғаушы күші өзін-өзі өзектендіруге (самоактуолизацияға) (А.Маслоу бойынша) және өзектендіруге (актуализацияға) (К.Роджерс бойынша) тырысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет