Акселерация - (лат.acceleratio – жылдамдау, үдеу) – баланың физиологиялық және психологиялық даму тұрғысынан озып кету.
Астения - (грек.astһeneia – дәрменсіздік, әлсіздік) - өте қатты шаршап- шалдығу, жадап-жүдеу, көңіл-күйдің тұрақсыздығының ақырғы шегі, ұйқының бұзылуы кезінде байқалатын жүйкелік – психологиялық әлсіздік. Астения әртүрлі ауру-сырқаулар, сондай-ақ ой және дене еңбегімен шектен тыс шұғылдану және ұнамсыз күйзелістер мен қайшылықтардың нәтижесінде – зорығудан пайда болады.
Аутизм - ойлау логикасының дұрыс дамымауынан немесе психотроптық құралдар әсерінен адамның ойлауының қалыпты жағдайының бұзылуы, адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі.