Регуляторлы аймақ. Зейін.
Зейін – ерекше психикалық процесс. Кіші мектеп жасындағы балада әлі мектеп дейінгі баланың зейінін байқауға болады. Зейін көлемі тар,тұрақтылы жоғары емес, 1-сынып оқушысының зейіні шашыраңқы бұл жоғарғы жүйке жүйесінің пісіп жетілу ерекшелігіне байланысты. Зейіннің ырықтылығы оқу әрекетінің әсерімен қалыптасады.
4. Жеке тұлғаның қалыптасуы және жеткіншек алды дағдарысы.
Жеке тұлғаға оқу әрекетінің сәттілігі немесе сәтсіздігі әсер етеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасқан тұлғалық ерекшеліктер одан әрі дамиды.
Қажеттілік – мотивациялық аймақ жеке тұлғаның негізгі қайта құрылуы болып табылады. Баланың белсенділігі мен бағыттылығына мотивтердің әсері бар. Мотивтер құрылысы әр түрлі оқу әрекетінегізгі танымдық мотивация болып табылады. Қарым – қатынас мотивтері, моральді мотив, т.б. Өзін-өзі бағалау кіші мектеп жасындағы балалар нақты және жағдаятты. Өзін-өзі бағалауға оқу әрекеті әсерін тигізеді. Танып білудің екі әдісін атауға болады:
-конвергентті;
- дивергентті;
Және танып білуде бағдарлаудың екі тісілін
-затқа (нәтижеге) бағдарлау;
-затты өзгерту тәсіліне бағдарлау.
Әлеуметтік тәртіп.
Құрбы – құрдастармен қарым – қатынаста кіші мектеп жасындағы балалар мұғалімнің пікірі мен сабақ үлгеріміне байланысты қарым – қатынас құрады. Алғашқы кезеңде балаға мұғалімнің беделі өте жоғары болар. Ата-анасының пікірі мұғалімнің пікіріне сәйкес келмесе,бала мұғалімнің айтканын мақұлдайды. Мұғалім баланың дуниетанымын қалыптастыруда негізгі фигура болып табылады. Бірте-бірте бала мұғалім пікірін ақиқаттығына күмән келтіре бастайды. 2-3 сыныпта оқушының мұғалімге деген көзқарасы түгелдей өзгереді. Әлеуметтік тәртіпте жыныстық деморфизм байқалады. Қыз бала тәртіптің әлеуметтік деңгейінің жоғарлығымен сипатталады. Ұл балалар тәртіп формаларының тәуелсіздігімен сипатталады. Қыз балаларда рефлекция мен әлеуметтік жауапкершілік жоғары болады.
Жасөспірім алды дағдарысы.
Жасөспірім дағдарысын Л.С Выготский пісіп-жетілудің үш бағытына байланысты анықтауды ұсынады: органикалық, жыныстық және әлеуметтік.
К.Н. Поливанова жасөспірім алды дағдарысын былай қарастырады:
1-кезең- сын алды фазасы. Бұл кезеңде балада жасөспірімдік есеюдің тәртіп формасы жоқ. Бұл есеюді идеалды түрде елестетуден тұрады.
2-кезең – сын фазасы.
-мифологизация-идеалы форманы тәуелсіз түрде сытқа шығаруға тырысу;
-кикілжің-баланың сыртқы әрекеттерге қарама-қарсылығы және қоршаған ортаға реакция;
-рефлексия-жағдаятқа байланысты нақты әрекеттерге қатынастың тууы.
3-кезең-сыннан кейінгі фазасы-дағдарыстың аяқталуы, жаңа іс-әрекеттің пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |