Факультетінің деканы п.ғ. к


тақырып : Мектепке дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктері



бет75/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127
6 тақырып : Мектепке дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктері

1.Мектеп жасына дейінгі кезең мінездемесі.

2.Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.

3.Когнитивті даму: қабылдау,ес,ойлау ерекшеліктері.

4. Эмоционалды- ерік аймағының дамуы, тіл даму ерекшеліктері.

5.Баланы мектепке даярлаудың мәселелері. Жеті жас дағдарысы.



1. Мектеп жасына дейінгі кезең мінездемесі

Жас кезең 3 жастан 6-7 жас аралығын қамтиды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде адам өмірінде маңызды көптеген психика дамуы байқалады. Психиканың сапалық дамуы көптеген аспектілерді: тілдің жоғары деңгейде дамуы, қиялдың дамуы,ойлау,ес, мотивтер иерархиясы, т.б. қамтиды. Бұл адамгершілікті меңгеру, басқа адамдармен бірлесе қарым-қатынас жасау, жаңаны білумен сипатталады. Барлық жаңалықтар ересек адамның белсенділігіне байланысты болады. Баланың сезім-талдығы жоғары, қорытындысы бірден байқалмаса да, болашақта алған білім өзінің нәтижесін береді. Алғашқы әлеуметтену тілдің дамуына байланысты одан әрі жедел қарқынмен дамиды. Жеке тұлғаның мінезі дамиды: мінез, қызығушылық,бағыттылығы,қарым-қатынас субъектісі қалыптасады, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас осы кезеңнің негізгі ерекшеліктерінің бірі.

Аталған кезең екі периодтан кіші мектеп жасына дейінгі кезең және жоғарғы мектеп жасына дейінгі кезең 5 жасты қамтиды. Мұндай бөліну негізгі іс-әрекеттің пайда болуы мен психиканың сапалық өзгерістеріне байланысты. Д.Б. Эльконин мектеп жасына дейінгі балаларға мінездеме бере отырып, былай дейді: баланың ересек адаммен бірлескен әлеуметтік жағдаяты жойылады, бала жеке әрекет жасауға тырысады. Бала ересек адамның өміріне толығымен араласып кете алмағандықтан, ойын оның ересектермен идеалды қарым-қатынасына айналады. Ойын барысында ғана бала ересек адамның өміріндегі іс-әрекеттер мен рөлдерді қайталап, ойнай алады.

Д.Б. Эльконин ойынның 4 дамуын көрсетеді:

1) Тұрмыстық элементтерден ойынның шаруашылық, одан кейін қоғамдық-саяси сюжеттерге айналуы.

2) Қиялдағы жағдаяттар мен ойын тәртібі қарым-қатынасының өзгеруі.

3) Бір заттан келесі затқа ойын мазмұнын өзгерту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет