Факультетінің деканы п.ғ. к



бет78/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   127
Баланың бойының өсуі

Жасы

Жылдық өзгеруі,см

3-4

8-10

4-5

4-5

5-6

6-7

6-7

7-8

7

10 дейін


3. Когнивті даму: қабылдау, ес, ойлау ерекшеліктері

Сенсорлы-перцептивті даму. Мектеп жасына дейінгі балаларда бағдарлаушы әрекеттер интенсивті дамиды. Бағдарлану әр түрлі деңгейде: материалды, сенсорлы-көру, ақыл-ой дамиды. Л.А. Венгер зерттеуі бойынша, сенсорлы эталондардың дамуы интенсивті болады. Түр, түс, өлшем,бір-біріне теңестіру эталондармен салыстырыла бастайды. Ана тілінің эталондық фонемдерін меңгеру жүзеге асады. 3 жастан 7 жасқа дейін барлық көру, есту, тері,қимыл-қозғалыс сезімталдығының табалдырығы кемиді. Көру,байқампаздық жоғарылайды. 6-7 жасқа таман әр түрлі иістерді жақсы ажыратады. Қабылдаудың, форма, көлем, түстерді ажыратуға әр түрлі продуктивті іс-әрекеттер- сурет салу, құрастыру әсер етеді. Тері сезімталдығы илеу үрдісінде қалыптасады, фонематикалық есту-сөйлеу қарым-қатынасында, жоғары дыбыстарды есту-әуен сабақтарында жүзеге асады.Үш жасқа таман продуктивті әрекеттер туралы мағлұмат жинақталады да, бұл кеңістікті қабылдауға әсерін тигізеді. А.В.Запорожец еңбектерінің көрсеткеніндей, баланың сенсорлы эталондарды меңгеруі қабылдаудың дамуына әсер етеді дейді. 4жаста балада форманы меңгеру көріне бастайды: шеңбер,үшбұрыш,квадрат. 31анықтама бергенде бала «үйдің төбесі сияқты», «үй сиякты» шеңберді «доп сияқты» қызыл түсті «шие сияқты»(В.С.Мухина) деп ажыратады. 3-5 жаста баланың геометриялық фигураларды ажыратуға арналған ойындар ойнағаны жөн. Перцепцияның дамуына 5 жас бетбұрыс болып табылады. Бала бағытта шатаспайды(алға-артқа, оң жақ- сол жақ).

Уақытты қабылдау мектеп жасына дейінгі балаларда қиын болып табылады. Ол тәулікті таңертең тұру, ұйықтаған кезде басталады деп бағдарлайды.



Ес.

Ес екі деңгейде дамиды. Алғашқы деңгей- тану(жедел дамуы),жоғары деңгей- қайта жаңғырту. Естің қалыптасуына сөйлеу де әсерін тигізеді де,ол ырықты болады. З.М.Истомина зерттеулері бойынша, ес ырықсыз түрден ырықты,жанама және тікелей еске сақтау жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі балаларда эмоционалды-көру және ырықсыз ес басымдылық көрсетеді. Ес үрдісінің дамуы жастың өзгеруіне байланысты дамиды. Ырықты қайта жаңғырту ырықты еске сақтауға қарағанда бірінші пайда болады. Естің дамуы баланың қызуғышылығы мен мотивациясына да байланысты болады. 5-6 жаста балада алғашқы перцептивтіәрекеттер пайда бола бастайды. Ол әрекеттер саналы еске сақтау мен қайта жаңғыртуға әсерін тигізеді.Оған қарапайым алғашқы қайталау жатады.6-7жаста ырықты еске сақтау толығымен аяқталады.Баланың есеюне байланысты ұзақ мерзімге еске сақтау аппаратынан хабарламаларды алу жылдамдығы мен еске түсіру өзгереді. Бала хабарламаны оперативті еске айналдырады да,оның өңделу жылдамдығы мен көлемі ұлғаяды.Баланың еске сақтау мен жаңғырту икемділігі артады да,бала материалды еске сақтау мен даңғыртуда өзінің икемділігін арттырады.Мысалы, төрт жастағы бала өзіне көрсетілген 12 суреттен барлық 12 суретті де тануы мүмкін,ал 2-3-еуін ғана жаңғырта алады. 10жасар бала барлық суреттерді танып,8 қайта жаңғырта алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбінде механикалық еске сақтау дамыған. Бала зат өзін қызықтырған жағдайда оны есіне сақтай алады.Естің осы түрлеріне байланысты балада тілдің дамуы болады да, бала кеңістікте жақсы бағдарлана алады. Осы кезеңде эйдетикалық ес жақсы дамиды. Бұл балаға көрген заттарын еске сақтауда көп көмегін тигізеді.4жасқа таман ойлау көрнекі-әрекеттік мінездемеге ие болады. Бірте-бірте ол көрнекі-бейнелі ойлауға айналады.6-7жаста логикалық ойлау көріне бастайды. Эталондарды меңгеру балада ойлаудың да өзгеруіне әсерін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңында балада эгоцентризмен децентрацияға ауысу басталады. Бұл қоршаған ортаны қабылдауда объективті түрде қабылдауына жағдай туғызады. Баланың ойлауы педагогикалық ұйымдастыруына байланысты жүзеге асырады.А.В.Запорожецтің пікірінше, балада көрнекі-бейнелі ойлау пайда болады.Осылайша, ойлау келесі кезеңдерді басынан өткізеді:1).Қиялдың дамуына байланысты көрнекі-әрекеттік ойдың жетілуі; 2).Тікелей және жанама ес нәтижесінде көрнекі-бейнелі ойдың жақсаруы;3). Тілдің дамуына байланысты сөздік-логикалық ойлаудың белсенді қалыптасуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет