Оқу ситуациялары бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы практикалық міндеттердің кейбір нұсқаларын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. Екіншіден,осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы-практикалық міндеттердің тікелей өмірлік мазмұны балада және олардың шешімі салмақты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. Мұндай міндеттерге оқып жаздыратын жазу (жазу орфографиялық жағынан дұрыс болуын талап етеді),математикалық тақырыптың есептерге жауап іздеу,қағаздан ұсақ-түйек жасау және т.б жатады. Осы сияқты әр алуан міндеттерді түрлі саланың әрбір нақты міндетін орындаудың ұзақ тәжірибесін жинақтау жолымен шешіп, үйренуге болады.Одан кейін біртіндеп мұндай міндеттер жағдайында бағдар алу тәсілдері туралы түсініктер жинақтала бастайды. Алайда, ішкі оқу ситуацияларында нақтылы-практикалық міндеттерді шеше білу басқаша игеріледі.Мұғалім алдымен бастауыш сынып оқушысын сол сыныптағы барлық нақтылы-практикалық міндеттерді шешудің ортақ тәсілін іздеу қажет болатын жағдаймен бетпе-бет қояды.Одан кейін мұғалімнің басшылығымен балалар бұл әдісті тауып,қалыптастырады.Оның жекелеген операцияларын қайта жасау және осы әдісті қолдану жөніндегі шарттар жүйесін игеру-бастауыш сынып оқушылары жұмысының келесі кезеңі.Сонымен,тиісті нақтылы-практикалық міндеттерге кездесе отырып,оларды шешудің игерілген жалпы әдісін бірден қолданып,оқу ситуациясы жағдайында алдын ала қалыптасқан іскерлікті байқайды. Оқып жаздыратын жазудан бұрын бір-қатар жұмыстар жүргізіледі. Оның барысында балалар сөздердің құрамын және олардағы әріптердің үйлесу заңдылықтарын оқып үйренеді,дұрыс жазудың талаптары қарастырылады. Математикадан мәтіндік есептерді шығарудан бұрын шамалардың жалпы қасиеттері мен байланыстарын,оларды математикалық амалдармен бейнелеу тәсілдерін өтеді. Осы жағдайлардың бәрінде балалар оқу ситуациялары жүйесінде жұмыс істейді,оларды негізінде балалар, бір жағынан,берілген материалды үйрену мотивін,екінші жағына, сол сынып бойынша нақтылы міндеттерді шешудің ортақ тәсілдерінің үлгісін алады, яғни ойлау операцияларын толық қолдана қолдана білуі қажет. Ортақ тәсілдердің осы арнайы бөлінген үлгілерін қайта жасау меңгерудің басқа түрлерінен оқу жұмысын өзгеше сипаттайды. Мұндай жұмыс нақтылы-практикалық міндеттерді шешуден және ұғымдарды приактикалық қолданудан бұрын жүреді. Егер балалар міндеттерді шешу процесінің өзінде осы тәсілдерді игерсе,онда мүндай игеру тек оқу іс-әрекетінің формаларына ғана ие болып қоймай,басқа да заңдылықтар арқылы өтеді.Оқушылыр іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін жекелеген нақтылы міндеттерді ұзақ уақыт шешудің кезінде стихиялы түрде аңғарады. Бұл жағдайда көптеген және жайлап қойылатын қателіктер байқалады,ол игеру нәтижелері,әдетте жеткілікті түрде қолданылмайды және жете түсінілмейді,сол сыныптағы басқа міндеттерге қиындықпен ауыстырылады.Егер іскерлік оқу ситуациясы устінде қалыптасатын болса,онда оқушылар және мұғалім оны алдын ала бөліп,кейбір сыныптың міндеттерін шешудің жалпы тәсілін үлгі түрінде игеруге арнайы қалыптастырған кезде бұл кемшіліктер орын алмайды.Сондықтан психологияның негізгі талаптарының бірі-бастапқы оқытуды бағдарламаның көпшілік тақырыптары мен бөлімдерін балаларды кейбір ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе белгілі бір сынып міндеттерін шешудің жалпы тәсілдерін игеруге бірден бағдарлайтын оқу ситуациялары негізінде ұйымдастыру.