4. Эмоционалды ерік аймағының дамуы, тіл даму ерекшеліктері
Кіші мектептің бірінші сатысында балаларда әліде зейін ырықсыз түрде дамиды.Негізгі ерекшелік-қызығушылыққа байланысты зейіннің дамуы. Бала өзін қызықтырған затқа,объектіге,адамға назарын қызыққан уақытқа байланысты аударады.Ырықты зейін эгоцентрлік сөйлеуге байланысты дамиды,Бала алғашқы кезде ырықсыз зейіннен ырықты зейінге ауысу үшін дауыс шығара отыра талдау нәтижесінде жүзеге асады.Кіші мектеп жасына дейінгі балаларда затқа зейінін тұрақтата алуы 6-8секунд, ал ересек мектеп жасына дейінгі балалар 12-20секундқа назар аударады. Балалардың бұл кезеңдегі зейіннің тұрақтата алуы әр түрлі болады.Оның себебі, балалардың жүйке жүйесінің әр түрлілігі, дене дамуы мен өмір сүру ортасына да байланысты болады. Аурушаң, қозба балалар сау,даму денгейге қалыпты балаларғақарағанда зейіндері әлсіз, тұрақсыз болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні 4-5жаста қарқынды дамиды. Ойын барысында бірден бала 2-3 затты пайдалана алады. 5-6жаста балаға 2-3 зат туралы айтыпберші десең, бір зат сипатталса, қалған зат ұмытылып қалады. Мектеп жасына дейінгі балалар ырықты түрде анализдің дағдырларын қалыптастыру керек. 5жастан бастап ырықты зейін қалыптаса бастайды. Бала затқа 10-15минут өз зейінін бағындыра алады да 7жаста 1сағат, 1,5 сағатқа дейін ұлғаяды.
Қиял.
Сәбилік кезеңнің соңында бала заттарды алмастыра бастайды, осыдан қиялдың алғашқы кезеңі басталады. Кейін ол ойында одан әрі жетіле түседі.Қиялдың дамуын тек қана ой үстінде емес, сурет салу мен әр түрлі қолдан жасалған заттар арқылы да көруге болады. О.М.Дьяченко қиялдың даму кезеңдері барлық басқа да психикалық жан қуаттары сияқты өтеді деп көрсетеді. Қиялдың негізгі қайнар көзі- сенсорлы эталондар. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің алғашқы кезінде балаларда репродуктивті қиял басымдылық көрсетеді.Ол балада қабылданған заттарды механикалық қайта жаңғырту арқылы образдарды бейнелеуден тұрады.Бала өзіне қатты әсер еткен эмоционалды жағдайларды қайта жаңғыртады.Жоғарғы мектеп жасына дейінгі балаларда репродуктивті қиял қиялға айналады.Ол шындық әрекеті шығармашылыққа айналдырады.Бұл үрдіс кезінде ойлау да қатысады. Қтялдың бұл түрі сюжетті-рөлдік ойындарда жетіледі. Қиял функциялары: танымдық-интелектуалдық, аффективті-қорғаныш болып бөлінеді.Танымдық-интеллектуалды қиял бейнені заттан бөлу мен тілдің дамуы арқасында жүзеге асады. Аффективтә-қорғаныш баланың ішкі жан дүниесіне үңілу, өсіп келе жатқавн баланың дұрыс қалыптасуы мен үйлесімділігіне назар аударады.
Тілдің дамуы.
Тілдің көлемі ұлғаяды. 6жаста бала 5-6мың сөзді пайдаланады.38% зат есім, 32%етістік,10%есімдік,7%одағай2%сын есім пайдаланады. Тілдің даму кезеңдері:
1)Жағдаятты сөйлеу. Алғашқы кезеңде дамиды.
2)Контексті сөйлеу. Ойлаудың жоғарлауына байланысты сипптталатын жағдаятты толықайта бастайды.
3)Түсіндірмелісөйлеу. Ақыл-ойдың жоғары деңгейі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық жаңа құрылымның пайда болу ерекшелігі бұл мектепке даярлық.
Оның негіздері:
-когнитивті даярлық
-эмоционалды даму деңгейі
-технологиялық құрал-жабдықтар
-тұлғалық дайындық
-коммуникативті дайындық
Когнитивті даярлық.
Ж.Пиаже бойынша мектеп жасына дейінгі балалардыңақыл-ой дамуының екінші кезеңінде болады.Ақыл-ой образдары ойлауға байланысты, алайда логикалығқ ойлау әлі қалыптасқан жоқ. Мектеп жасына жасына дейінгі кезеңің соңында балада анимизмдік және антроморфизмдік ойлау ды жеңе бастайды, яғни жансыз заттарға адамның мінез бітісін сипаттауға тырысу(Ж.Пиаже)
Эмоцоналды даму.
Бала әр түрлі эмоциалық жағдаяттарды меңгеруді үйрене бастайды. Балалар тәртіп нормаларын меңгере бастағандықтан, агрессия азая бастайды. Ертегі және ойын негізгі көмекші құралы.
Технологиялық құрал-жабдықтар.
В.В.Давыдов бойынша «даярлыұтың негізгі көрсеткіші – қиялдың жоғары деңгейде дамуы».
Тұлғалық дайындық. Өзін-өзі жігерлендіруден көрінеді.
Коммуникативті дайындық.Қоршаған адамдармен дұрыс қарым- қатынас орната алуында.
Мектепке дайын болмаудың себептері:
1.Балаға ортаның тәрбиелік сипатының жетіспеушілігі.
2.Соматикалық дамудың жетіспеушілігі.
3.Мінездің невротикалық дамуы.
4.Жоғарғы жүйке жүйесінің ерте зақымдалуы.
5.Интеллектінің олигофренияға дейінгі формасында дамуы.
Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік- психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Психолог Г.М.Чуткинаның зерттеуі бойынша , ол баланың мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап көрсетті. Бейімділіктің жоғары деңгейі: 1- сынып оқушысының мектепке деген қарым-қатынасы жағымды:қойылған талаптарды дәлме-дәл қабылдайды; оқу материалдарын жеңіл меңгереді; күрделі есептерді шығарады; мұғалімнің түсіндіргенін, берілген тапсырманы ешкімнің бақылауынсыз-ақ орындайды; өздік оқу жұмыстарына үлкен қызығушылық пен қарайды; барлықсабақтарға дайындалады; қоғамдық жұмыстарды қуана-қуана және адал орындайды; сыныпа белгілі бір ұнамды тық орны бар.
Бейімділіктің орта деңгейі: 1-сынып оқушысының мектепке деген қарым-қатынасы жағымды; оның қатысуы кері күйзелісті шақырмайды; егер де мұғалім оқу материалын нақты және көрнекілік пайдалну арқылы баяндаса, онда оны түсінеді;оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын меңгереді; типтік есептерді өз бетімен шығарады; үлкендердің нұсқауын, тапсырмаларын орындағанда мұқият, бірақ үлкендердің бақылауымен жасалынады; өзі қатты қызыққан іске ғана зейін тоқтата алады; сабаққа дайындалады және әрқашан үй тапсырмасын орындайды; қоғамдық жұмыстарды адал орындайды; сыныптастарымен достасады.
Бейімділіктің төмен деңгейі: 1- сынып оқушысының мектепке деген қарым-қатынасы жағымсыз; денсаулығына жиі шағымданады; көңіл күйі түсіңкі; мұғалімнің түсіндірген материалдарын көріністі түрде меңгереді; оқулықтармен өздік жұмыс жасау қиынға соғады; сабаққа жүйелі түрде дайындалмайды; оған үнемі баұылау жасап отыру керек; мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан ескертулер мен жүйелі түрде көмектер қажет; қоғамдық жұмыстарды ынтасыз, пассивті, бақылаудың көмегімен жасайды; жақын достары жоқ, сыныптастарының жартысының ғана аты-жөнін біледі.
Баланы мектепке бейімдеуде әсер ететін жағымсыз факторлар- жанұя жағдайындатәрбие үрдісінің дұрыс жолда болмауы, үлкендермен қарым-қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата-анасының білім деңгейінің төмен болуы, құрбы-құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеу,жатылай отбасынан шығуы,отбасында үнемі кикілжіңдердің орын алуы, т.б.
Л.С.Выготский суреттеуі бойынша бұл кезеңді жоғалу жасы деп атайды. Негізгі белгілері:бал қиқарланады, ересек адамға бағынғысы келмейді. Бұрын ересек адамның екі етпейтін бала, енді өзіне қарым-қатынас талабын жоғарылатады. Бала тәртіптің бір формасын жоғалтып, екінші форманы әлі меңгермеген. Негізгі қажеттілік – өзін-өзі сыйлату. Әрбір бала өзін ересек, өз бетімен шешім қабылдайтын жеке тұлға ретінде қабылдатқысы келеді.
К.Н.Поливанова мынандай ерекшеліктерді атайды:
1)Кідіріс- бала өзіне қойылған талапты, тілекті «естімейді».
2) Дауласу – басқа отбасындағы мүшелермен өзіғ салыстырады да, іс-әрекетті жоққашығарады. «Неге оған рұқсат, неге маған ол іс-әрекетті жасауға болмайды?»
3) Тыңдамау- демонстративті түрде өтеді. Жиі алдау арқылы да жүзеге асады.
4) «Ересек адам тәртібі» - ересек адамша пайымдылық іс-әрекеті.
5) Сыртқы түрі- өзінің түр әлпетіне ерекше зейінділік(өз жасына ересек көрінуге тырысу).
6) Қыңырлық, қырсықтық, табандылық, сынға деген реакция.
Достарыңызбен бөлісу: |