7 тақырып : Кіші мектеп жасындағылардың психикалық даму ерекшеліктері
1.Кіші мектеп жасындағылардың психикалық даму ерекшеліктері
2.Кіші мектеп жасының негізгі іс-әрекеті.
3.Когнитивті даму: қиял,ес,ойлау,қабылдау.
4.Жеке тұлғаның қалыптасуы және жеткіншек алды дағдарысы
1. Кіші мектеп жасының психикалық даму сипаттамасы.
Өзгеріс дамудың барлық деңгейлерінде жүзеге асады. Баланың дене және психологиялық жағынан бекуі одан әрі дамиды. Дене дамуы психикалық даму ырғағынан артта қалса да бала дене дамуынан алдыға жылжиды. Сүйектену толығымен аяқталғандықтан,әр түрлі деформацияға бала бейім болады да,сондықтан бұл кезеңде дене бітіміне көп назар аудару керек. Бұлшық еті әлсіз 9-11 жаста саусақ моторикасы жетіледі, 11-12 жаста білезік моторикасы қалыптасады. Ми клеткаларының дифференциациясы одан әрі жүреді. 6-8 жаста алдыңғы мидың бөлігінің өзгеруі болады. 8 жаста мидың салмағы ересек адамның миының салмағының 90% жетеді. Маңдай бөлігі ойлау мен санаға жауап береді, мидың жарты шарының латерамцациясы айқын болады. Осы уақытта бала когнитивті даму сатысына өтеді (Ж.Пиаже бойынша). Кіші мектеп жасы балаға психологиялық-педагогикалық әсер етудің сензитивті кезеңі. Педагогикалық әсер жеке тұлға мен интеллектуалдық қалыптасуына әсер етеді. Іс-әрекет түрі ауысады. Бала ойыннан оқу әрекетімен айналысады. Достық қарым-қатынастар пайда болады. Жақсы оқитын балалар басшы болады. Алайда,бұл қатынастар эмоционалдықтыңжоғары болуынан тез бұзылады.балаларда эмоционалды көңіл күй жиі ауысады. Оқу негізгі іс-әрекет болып табылғанымен, әлі де болса бала ойынға назарын көп аударады.Э.Эриксон тұжырымдамасы бойынша,6 мен 12 жаста бала еңбек пен ортаға қарым-қатынасымен, еңбекке деген сүйіспеншілік сезімдерімен жауапкершілікті сезінеді. Баланың оқуға деген психологиялық дайындығының компоненттері:
Достарыңызбен бөлісу: |