Факультетінің деканы п.ғ. к


Бағалау іс-әрекетінің ерекшеліктері



бет89/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

Бағалау іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Бақылау оқу қызметінің тағы да бір бөлігімен-бағалаумен тығыз байланысты. Ол игеру нәтижелерінің оқу ситуацияларына сәйкес я алшақ болуын көрсетеді. Оқушылар өзінің белгілі бір міндетті шешудің жалпы әдістерін білгендігін немесе білмейтіндігін мейлінше тура немесе онша дәл емес анықтауды үйренеді. Оқу ісін ұйымдастыру бағалаудың сипатына байланысты. Оқу әрекетінің ішіндегі бағалаудың мәні мейлінше тар. Ол мазмұнды да,сапалы анықтама береді,бірақ сан жағынан салыстыруға қолайлы болатын рангілі сипаттама бермейді. Оқу әрекеті-оқу жұмысының әдіс-тәсілдері. Бақылау әрекеті (дұрыс орындауға нұсқау) мен өзін-өзі бақылау (өзінің әрекеттерінің мұғалімнің берген үлгісімен салыстыру). Бағалау мен өзін-өзі бағалаудың әрекеті-оқу мақсаты қандай дәрежеде орындалды. Нәтижесі болдыма? Қортындыны жасау барысында оқушылардың эмоционалды қанағаттану сезімдерін ересек адамдар есептеу керек. Кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі мақсаты-«оқуға үйренуді» қалыптастыру. Толыққанды оқу іс-әрекеті мынандай іскерліктерден тұрады:

-оқу тапсырмасын бөлу және оны тұрақтату;

-тапсырмаларды орындау барысында жалпы шешімдерді табу және өз бетімен оны меңгеру;

-өзін және өзінің әрекеттерін адекватты бағалау;

-өзін-өзі реттеу мен рефлексияны меңгеру;

-логикалық ойлау заңдарын пайдалану;

-теориялық және де басқа қортындылау формаларын меңгеру және пайдалану;

-жоғарғы шығармашылық белсенділігінің болуы.

ХХ ғ. 60-80 жж. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқушылардың оқуын ұйымдастыруда дамыта оқыту тұжырымдамасын,альтернативті оқыту әдісіне қарсы оқу үрдісіне еңгізді. Дамыта оқыту психологиясының авторлары-белгілі ғалымдар Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков. Олар дамыта оқыту деп «оқыту мақсаты,міндеттері,әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңару үрдісі. Жаңаның өмірге келіп,ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқыту тікелей баланы жанжақты дамыта отырып оқытуға негізделген.

В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқушылардың таным,таным іскерлігін жетілдіру болып келеді. В.В.Давыдов осы оқыту жүйесінде баланың ойлауын эмпирикалық деп атады.

Оқу әрекетіндегі қиыншылықтар төмендегідей жағдайдан туындауы мүмкін:

-оқу әрекетіне қажетті элементтердің қалыптаспауы (оқушы позициясы,танымдық мотивациялар, т.б.)

-ырықтылықтың даму деңгейінің төмендігі,зейін,еске сақтау днңгейінің төмендігі,ересек адамға тәуелділік;

-мектеп өміріне бейімделе алмау,тұлғалық,мектеп өмірінен тыс әрекеттерге қызығушылық таныту,т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет