Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
Сәкен Сейфуллин
… А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады…
Міржақып Дулатов
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны «Қырық мысал» , «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
Мұхтар Әуезов
…Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады.
Серік Қирабаев
Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет.
Сәбит Мұқанов
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынов.
Қайым Мұхамедханов
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
Ғаббас Тоқжанов
Ахмет Байтұрсынов – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздықова
Мысалдары
Айна мен маймыл
Ала қойлар
Арыстан, киік һәм түлкі
Ат пен есек
Аққу, шортан һәм шаян
Аңдарға келген індет
Бұлбұл мен есек
Егіннің бастары
Екі бөшке
Екі шыбын
Емен мен қамыс
Еменнің түбіндегі шошқа
Жарлы бай
Жас ағаш
Жүргіншілер мен иттер
Замандастарыма
Иттің достығы
Кісі мен арыстан
Кісі мен аю
Кісі мен көлеңке
Маймыл
Маймыл мен көзілдірік
Малшы мен маса
Сары шымшық
Түлкі мен қарашекпен
Шал мен ажал
Шал мен жұмыскер
Шымшық пен көгершін
Қайыршы мен Қыдыр
Қайырымды түлкі
Қара бұлт
Қарашекпен мен қой
Қартайған арыстан
Қарға мен түлкі
Қасқыр мен мысық
Қасқыр мен тырна
Қасқыр мен қозы
Үлес
Өгіз бен бақа
Өзен мен Қарасу
Достарыңызбен бөлісу: |