ҚР Ұлттық банк
төрағасы
Ғалымжан Пірматов мырзаға
ҚР Қаржы нарығынреттеу және
дамыту агенттігінің
төрағасына
Алматы қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментіне
Халық банкке
«Коллекторлық агенттік «Altakt» ЖШС-не
info@stop-collector.kz
Сайтына
Алматы қаласы, Байзаков көшесі,
280 ғимарат БЦ «Almaty Towers»,
+7 (727) 339-89-57
+7 (707) 573-00-00
info@stop-collector.kz
Алматы қаласы,
Медеу ауданы тұрғыны
Б.Ж.Ақдондифевтен
Тел; 8-701-000-00-00
Арыз
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңының табалына сай және Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңының талабына сай Сізден сұранатыным;
Мен «Халық банктен» 2017 жылы №000000 санды келісім шарт негізінде отбасылық қажеттілігімен байланысты 3,7 млн теңге несие алған едім, 5-6 ай көлемінде төлем жасап жүрдім, соңынан жұмыстан шығып қалғандықтан мүлдем төлеуге мүмкіндік болмады.
Қазіргі таңда өсірген пайызымен бірге жалпы маған 4,3 млн теңге қарызсың деп хабарламалар келіп жатыр.
Дегенмен менің төлемегеніме 5 жылдан асып кетті, яғни банкроттық заңының талабына сәйкес келудемін.
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңының 4-бабының талабына сай;
Азаматтарға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) әділдік;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекеттік реттеу;
5) азаматтардың адалдығы;
6) салдардың басталуы.
Мен расымен де төлем қабілетім мен мүмкіндігім мүлдем жоқ, сондықтан осы заңның шеңберінде мені банкрот деп тануды сұраймын.
Сонымен қатар мен осы заңның 5-бабының төмендегі тармақшаларындағы көрсетілген банкроттық талаптарға сәйкес келемін.
3. Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі өтініш берілген күнге бес жылдан асса, осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, борышкер өтініш беруге құқылы (дегенмен мерзімі өтініш берілген күнге бес жылдан асып кеткен, сәйкеспін).
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
34-бап. Банктік қарыз операциясы;
3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартының талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту талаптарын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес;
Дегенмен банк менің қарызымды өндіріп алу жүргізу кезінде комиссияларды және өзге де төлемдерді азайту немесе толық күшін жою туралы қажетті әрекеттер мүлдем жасамаған және пайызын көп қосып тастаған.
Коллекторлық қызмет туралы Заңы;
3. Бастапқы байланыс кезінде коллекторлық агенттік борышкерге – жеке тұлғаға және (немесе) оның өкіліне олардың (оның) банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішхатын негіздейтін берешектің туындау себептері, кірістер мен басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгіну құқығы туралы да хабарлайды деп көрсетілген талапты мүлдем жасамаған және менің конституәиялық құқығымды бұзған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНІҢ талаптарын ескеруді сұраймын;
Осы Кодекстің 16-бап. Соттың белсенді рөлі;
2. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.
21-бап. Әкімшілік рәсімге қатысушылар;
Арыз иесі және мүдделі тұлға әкімшілік рәсімге қатысушылар болып танылады.
22-бап. Арыз иесі;
2. Арыз иесінің:
1) әкімшілік органнан, лауазымды адамнан өзінің әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме алуға;
5) әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беруге;
23-бап. Әкімшілік рәсімдегі мүдделі тұлға;
1. Өзінің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) қозғаған немесе қозғауы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып танылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНІҢ талаптарын негізге алып қарап, тиісті жауапты өз мерзімінде беруді сұраймын.
Жоғарыдағылардың негізінде;
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңының 4 және 5-бабының 3-тармақшасының талаптарына сәйкес мені «Халық банк» алдындағы өсім пайызымен қоса алғандағы 4,3 млн теңге несиемді мерзімі өтініш берілген күнге бес жылдан асып кеткендігін ескеріп банкроттық заңын қолданып, банкрот деп тануды сұраймын.
Арыз иесі;
Б.Ж.Ақдондифев
Достарыңызбен бөлісу: |