83
БАН-ның ЭЛЕКТРӨТКІЗГІШТІК КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ТОНЗИЛЛИТ
АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІН АНЫҚТАУ
Алтай М.А., Жұмаділлə А.И., Дүйсенбекова А.К.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
altay.moldir@mail.ru
Тыныс алу жүйесіндегі аурулар əртүрлі мүшелер мен жүйелердің патологияларында жетекші
орындарды алады жəне халық арасында кең таралған аурулар болып табылады. Соның ішінде əсіресе
жасөспірімдерде, студенттерде жиі кездесетін аурулардың бірі – созылмалы тонзиллит (ангина). Ол –
жұтқыншақ
сақинасында
бір
немесе
бірнеше
түзілген
лимфоидтар
түйіндерінің
қабынуымен сипатталады, кең таралған жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы. Бұл ауруға
шалдығудың жоғары деңгейі адамдардың көбісінің ангинаның пайда болу механизмі жайлы, ангина
қашан жəне қалай созылмалы тонзиллит сатысына өтетіні жайлы хабардар болмаудан көрінеді. Өте
жиі кездесетіні – дұрыс ем алмаудан жағдайдың қиындауы
. Сол себепті тонзиллитке шалдыққан
жастардың ағза терісіндегі биологиялық активті нүктелердің электрөткізгіштігін зерттеу жұмысы
алғаш рет жасалып отыр жəне жұмыстың қазіргі таңдағы өзектілігін көрсетеді.
Студенттер ағзасындағы тыныс алу жүйесінің функционалдық күйін терідегі биологиялық
активті нүктелердің (БАН) электрөткізгіштігі бойынша зерттеу əл-Фaрaби aтындaғы ҚaзҰУ-ның
биология жəне биотехнология фaкультетінің биофизикa жəне биомедицинa кaфедрaсының
«Хронобиология жəне экологиялық физиология» ғылыми зертхaнaсындa орындaлды. Зерттеу
жұмысына 19-23 жастағы 14 студент алынды, олар 2 топқа топтастырылады. Бірінші топта жалпы
дені сау 7, ал екінші топта созылмалы тонзиллитпен ауыратын 7 студент болды. Екі топтағы
студенттердің зерттеуге алынған тері бетіндегі БАН-ның электрөткізгіштігі арнайы «ЭПК-1»
приборларында зерттелді.
Қалыпты жағдайда студенттердің ағзасының оң жақ бөлігінен арнайы таңдап алынған терідегі
БАН-ның электрөткізгіштігінің көрсеткіштері 15,0±1,0÷26,6±0,6 аралықтарында тербеледі.
Тонзиллитпен ауыратын студенттердің терісіндегі БАН-ның электрөткізгіштігінің көрсеткіштері
11,0±1,0÷28,0±1,0 мəндерінің аралықтарында тербеліп отырды. Қалыпты жағдайда студенттердің
ағзасының сол жақ бөлігінен арнайы таңдап алынған терідегі БАН-ның электрөткізгіштігінің
көрсеткіштері 12,6±0,6÷25,6±0,6 аралықтарында тербеледі. Тонзиллитпен ауыратын студенттердің
терісіндегі БАН-ның электрөткізгіштігінің көрсеткіштері 8,0±1,0÷29,0±1,0 мəндерінің аралықтарында
тербеліп отырды. Дені сау қалыпты ағза терісіндегі БАН-ның жəне созылмалы тонзиллитке
шалдыққан ағза терісіндегі БАН-ның оң жақ пен сол жақ бөліктеріндегі электрөткізгіштіктерін бір-
бірімен салыстырғанда өзгерістер байқалды.
Дегенмен, оң жақ жəне сол жақ бөліктеріндегі электрөткізгіштікті зерттегенде 7 меридианның
нүктелері статистикалық сенімділікті (р<0,05) дəлдікпен көрсетті. Олар өкпе меридианынан алынған
Р9 Тай-Юань, тоқ ішек меридианынан – GI 4 Хэ-Гу, асқазан меридианынан –
Е45 Ли-Дуй, аш ішек
меридианынан – IG1 Шао-Цзэ, бүйрек меридианынан – R1 Юн-Цюань, R6 Чжао-Хай, бауыр
меридианынан – F1 Да-Дунь, F2 Син-Цзянь бионүктелері. Ал, ағза терісінен таңдап алынған қалған
БАН-ның көрсеткіштері бір-бірімен шамалас болды. Осыдан шығатын қорытынды тонзиллитке
шалдыққан жастарда аталған 7 меридиан электрөткізгіштерінде өзгерістер болды. Сол бионүктелер
байланысы бар мүшелердің физиологиялық күйіне көңіл аудару қажет болады.
Ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент м.а. Кулбаева М.С.
Достарыңызбен бөлісу: