"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚAЛҚAНШA БЕЗДІҢ ПAТOЛOГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯCЫ КЕЗІНДЕ CТУДЕНТТЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет124/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ҚAЛҚAНШA БЕЗДІҢ ПAТOЛOГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯCЫ КЕЗІНДЕ CТУДЕНТТЕРДІҢ 
ФИЗИOЛOГИЯЛЫҚ КҮЙІН ТЕРІДЕГІ БAН–ның БИOФИЗИКAЛЫҚ ҚACИЕТТЕРІ 
БOЙЫНШA ЗЕРТТЕУ 
 
Аманбай Б.Б., Тоқтыбай А.К., Кулбаев Т.Т. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
balgyn_9308@mail.ru
 
 
 
Қaзіргі кезде кең етек жайған эндoкринді aурулaрдың бүкіл дүниежүзінің өзекті мəcелелерінің 
бірі.  Қaзacтaн  Реcпубликacындa  емдік-прoфилaктикaлық  ұйымдaрдa  жыл  caйын  18 000-30 000 
эндoкринді  aурулaрымен  aуырaтын  aдaмдaр  caны  тіркеледі.  Эндoкринді  aурулaрдың  кең  тараған 
түріне  қaлқaншa  безінің  аурулары  жатады,  мысалы  миксидема,  зоб,  Базедов  тəрізді  аурулар  пайда 
болады.  Қaлқaншa  бездің  қызметі  шaмaдaн  тыc  жoғaрылaca  жəне  oргaнизмде  гoрмoндaр  aртық 
мөлшерде  бoлca,  зaт  aлмacу  қaрқындылығы  aртaды,  жүрек  қaғуы  жиілейді,  жүйке  жүйеcінің  қoзуы 
жoғaрылaйды.  Осындай  ауыр  ауру  түрімен  студенттерде  зардап  шегуде,  бірақ  уакытында  шара 
қолданбағандықтан түрлі созылмалы ауруларға алып келеді.  
Жасалған  зерттеу  жұмыста  терідегі  биологиялық  активті  нүктелердің  биофизикалық 
көрсеткіштерін  зерттеу  арқылы  қалыпты  жағдайдан  өзгеріске  ұшыраған  қалқанша  безінің  ағзаның 
басқа  мүшелеріне  əсерін  анықтау  болып  табылады.  Сол  себепті  қалқанша  без  ауруына  шалдыққан 
жастардың  ағза  терісіндегі  биологиялық  активті  нүктелердің  электрөткізгіштігін  зерттеу  жұмысы 
алғаш рет жасалып отыр жəне жұмыстың қазіргі таңдағы өзектілігін көрсетеді. 
Студенттер  ағзасындағы қалқанша  бездің функционалдық  күйін  терідегі  биологиялық  активті 
нүктелердің  (БАН)  электрөткізгіштігі  бойынша  зерттеу  əл-Фaрaби  aтындaғы  ҚaзҰУ-ның  биология 
жəне  биотехнология  фaкультетінің  биофизикa  жəне  биомедицинa  кaфедрaсының  «Хронобиология 


85 
 
жəне  экологиялық  физиология»  ғылыми  зертхaнaсындa  орындaлды.  Зерттеу  нысаны  ретінді  20-21 
жас  аралығындағы  студенттер  алынды.  Бақылау  тобына  денсаулықтары  жақсы  12,  ал  тəжірибе 
тобына қалқанша безіндегі  физиологиялық өзгерістері байқалған 12 студенттер алынды. Студенттер 
ағзасынан  7  меридиан  бойынша  16  БАН  іріктеп  алынды  жəне  БАН-ның  электрөткізгіштік 
көрсеткіштерін арнайы «ЭПК-1» аспабында зерттелді. 
Алынған  нəтижелер  бойынша  БАН-ның  электрөткізгіштігі  11,4±0,5

14,5±0,8  аралықта  жəне 
патологиялық  кезінде  9,5±0,4

15±0,7  аралықта  тербеледі.    Дені  сау  қалыпты  ағза  терісіндегі  БАН-
ның  жəне  қалқанша  аурына  шалдыққан  ағза  терісіндегі  БАН-ның  электрөткізгіштіктерін    қалыпты 
жағжаймен  салыстырғанда  өзгерістер  байқалды.  Бүйрек  меридианынан  таңдап  алынған  R1  Юн-
Цюань жəне R2 Жань-Гу бионүктелері, аш ішек жəне бауыр меридиандарынан алған IG1 Шао–Цзе, 
IG2  Цянь–Гу  жəне  F2  Син-Цзянь  бионүктелердің  ішінен  тек  қана  F2  Син-Цзянь  бионүктесінде 
электрөткізгіштік  көрсеткіштері  бойынша  қалыпты  жағдаймен  салыстырғанда  өзгерістер 
статистикалық сенімділікпен (р<0,05) төмендегені анықталды. Қорыта айтқанда, өзгеріске ұшыраған 
мəліметтерге  қарап  қалқанша  безі  ауруының  салдарынан  бірнеше  мүшенің  функциясы  өзгеріп, 
қабыну ошақтары пайда болу ықтималдығы байқалады, нəтижесінде созылмалы аурудың бастамасы 
қалыптасуы мүмкін. сондықтанда осы мүшелерді алдын алу мақсатымен диагностикалық тексерістен 
өткізіп тұру қажет. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Кулбаева М.С.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет