СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ҮРДІСІНЕ БЕЙІМДЕЛУ КЕЗІНДЕГІ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ Алмасбекова А.Ə.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
adina_94.94@mail.ru
Қазіргі таңда тиімді оқыту бағдарламасына жəне болашақ мамандарды тəрбиелеуге көп назар
аударылуда, сол себепті де бұл тақырыпты зерттеу тағы бір өзекті мəселеге айналып отыр. Белгілі
болып отырғандай, студенттер тиімді оқу үшін, жаңа ортада, жоғарғы оқу орнында өздерін жайлы
сезінуі қажет. Бейімделудің негізгі қиыншылығы болып, «дидактикалық кедергіні» жеңе білу, яғни
мектеп кезіндегі қарым-қатынасын оқу бағдарламасына өзгерту. Сондай-ақ, оқуды озат меңгеру
жалпы дарындылықтың немесе жоғары еңбекқорлықтың, тіпті бейімделушіліктің де көрсеткіші бола
алады.
Жоғары оқу орнындағы оқу үрдісінің əртүрлі компоненттеріне жататын стресстік
факторлардың əсеріне жауап ретінде организмде жалпы бейімделушілік синдромы дамиды. Егер,
əсер ететін фактордың күші қарқынды болмаса жəне қысқа уақыт əсер етсе организм қажетті
бейімделушілікті сақтай алады. Егер, əсер етуші фактор қарқынды болса немесе ұзақ уақыт əсер етсе,
организмнің қорғаныштық күшінің жəне оның физиологиялық мүмкіндіктерінің төмендеуіне алып
келетін реттеуші жүйелердің функционалдық деңгейінің жоғарылауы байқалады. Осы кезде
патологиялық күйдің немесе функционалдық бұзылыстардың белгілі бір синдромдары қалыптасады.
Жоғары оқу орнында оқу үрдісі кезінде студенттер алғашқы екі курста созылмалы бейімделу
жағдайында болады.
Жоғары
оқу
орнында
студенттердің
оқу
үрдісінің
жағдайларына
бейімделуі
психофизиологиялық мүмкіндіктерге байланысты екендігі нақты болғанымен бейімделудің жеке
ерекшеліктері зерттелмеген. Соған байланысты бағалаудың ақпараттық психофизиологиялық
критерийлерін жасау жəне оқу жүктемесіндегі бейімделуді болжау, ортаның əлеуметтік жəне
медициналық-биологиялық факторлар кешенінің əсерін зерттеу өзекті болып табылады. Осы
мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойылды: студенттердің темпераментерін
анықтау; оқу үрдісіне бейімделу кезінде студенттердің эмоционалдық деңгейін анықтау; стресс
жағдайына бейімделу ерекшеліктерін анықтау: өзін-өзі бақылаудың деңгейін жəне стресстік
жағдайлардағы эмоционалдық лабильділігін анықтау; студенттердегі эмпатия деңгейін зерттеу.
Алдыға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, зерттеу объектісі ретінде əл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің биофизика жəне биомедицина
кафедрасының қазақ жəне орыс топтарынан 1 жəне 3 студенттері алынды. Жоғары оқу орнындағы
оқу үрдісіне бейімделу процесі 1 курс студенттерінде 3 курс студенттерімен салыстырғанда жоғары
деңгейде бағаланды.
Ғылыми жетекші: к.б.н., доцент Сраилова Г.Т.