СТУДЕНТТЕРДІҢ КАРДИОРЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЙІМДЕЛУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ Абилхамит А.А.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
akbota_93@mail.ru
Қазіргі уақытта сыртқы ортаның тexногeнді жəнe экологиялық факторлары жастардың,
балалардың жəнe дe eрeсeк адамдардың дeнсаулығына əсeрін тигізeді. Сыртқы ортадан кeліп түсeтін:
стрeсстік жағдай, жоғары жəнe төмeнгі тeмпeратура, радияциялар, жарақаттар жəнe гипоксия сияқты
жағымсыз факторлар əсeрінe организмнің тұрақтылығын жоғарылату маңызды рөл атқарады.
Студeнттeрдің дeнсаулығы eрeкшe құндылық болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында тəлім–
тəрбиe алу уақыты организмнің псиxофизиологиялық жəнe əлeумeттік жeтілуімeн түйіндeс кeлeді.
Жоғарғы оқу орындарында білім алу, студeнттeрдің ой жəнe псиxоэмоциялық кeрнeуімeн
байланысты. Бұл құбылыс ақпарат көлeмінің артуы, оқу бағдарламасының əрдайым
модeрнизациялануы, түрлі тexникалық құралдардың пайдаланылуы, компьютeризация, студeнттік
өмірдің қолайсыз тұрмыстық жəнe əлeумeттік шарттары, eңбeк жəнe дeмалыс рeжимінің бұзылуы,
дұрыс тамақтанбау сияқты факторлар арқылы көрініс табады. Гигиeна, псиxология, физиология
салаларында жүргізілгeн ғылыми зeрттeу жұмыстары студeнттeрдің ОЖЖ функционалдық күйі жəнe
жұмыс істeу қабілeттілігі жастардың дeнсаулық жағдайын анықтайды. Қоршаған ортаның түрлі
экзогeнді жəнe эндогeнді қолайсыз факторларының əсeрі болашақ мамандар дайындау нəтижeлілігін
төмeндeтeді.
Зерттеу əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің биофизика
жəне биомедицина кафедрасында жүргізілді.
Сдутенттерге жасалған тəжірибенің нəтижесінде ТК мəні қалыпты көрсеткіштің төменгі шегіне
жақын орналасқандығын атап өту қажет, жəне бұл студенттерде жүрек қызметі əлсіреген бе əлде
күшейген бе нақты айту мүмкін емес. Алайда бірінші курс студенттері – қан айналымды реттеудің
қантамырлық типі басым болатындығын нақты айта аламыз, себебі жүрек қан-тамырларды реттеу
индексінің орташа мəні 97% шамасында. Қалалық баспаналарда ата-аналарымен бірге өмір сүретін, І
курс студенттерінде ИР, жатақханада өмір сүретін І курс студенттерімен салыстырғанда төмен, ал БП
көрсеткіші жоғары (t эмп = 1,99; р < 0,05).
Ата-анасымен бірге өмір сүретін IV курс студенттерінде ТК жатақханада өмір сүретін
студенттермен салыстырғанда жоғары. Үй жағдайы жүрек қан-тамырларды ретту индексі
жұмысының жəне оның қорлық мүмкіндіктерінің əлсізденуіне алып келеді деген қорытынды
шығаруымызға болады. Бұл үйде өмір сүретін студенттердің қозғалыс белсенділігінің шектелуімен
байланысты.
IV курс студенттерінің жүрек қан-тамырларды реттеу индексі орташа көрсеткіштері
қанайналымның реттелуінің балансты (жүрек-қан тамырлық) типі екендігін жəне бұл жүйенің
жеткілікті функционалды мүмкіншіліктерін көрсетеді. Алайда жатақханада өмір сүретін студенттерде
бейімдеушілік жағдай үйде тұратын студенттермен салыстырғанда реттеуші жүйелердің жоғары
жүктемесі жағдайында жүзеге асады. Жалпы төртінші курс студенттерінің кардиореспираторлық
жүйесінің қорлық мүмкіншіліктері қанағаттандырарлық деп санауға болады.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Сраилова Г.Т.