БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСІ Ахметова А.Б.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
aaieka@mail.ru
Білім беру – кез келген қоғамды қалыстырудың түп негізі, тəрбие мен оқытудың біртұтас
мақсатты үрдісі.Заманауи білім беру жүйесінде туындап отырған өзекті мəселелер мұғалімнің
оқушыны біліммен сусындауын ғана емес, сондай-ақ, оқушының болашақтағы жетістіктері мен
мансабына, өзінің өмірлік жəне кəсіби жолындағы өнімді табысқа жетелейтін талапты да ынталы
тұлғалық тəрбиесін қалыптастыру. Сол себептен заманауи білім беру жүйесіне деген қойылатын
талаптар «қарапайым білім беру» формасынан əлде қайда алшақ. Қазіргі таңда оқушыға дайын
ақпарат көзін ұсынудың орнына, сол ақпаратты іздестіруді, ой елегінен өткізіп, қолданудың əдістерін
меңгерту, оқушы бойында одан əрі дамуына қажетті ақпаратты іздеп, талдау жəне дамыту
қабілеттіліктерін жетілдіре түседі. Заманауи биология сабағында əрбір оқушының даму
траекториясын бақылап, қадағалауға мүмкін беретін Блум таксономиясын қолдану – осындай
мəселенің таптырмас шешіміне айналып отыр.
Блум оқыту мақсатының келесідей деңгейлерін бөліп шығарады: білім, түсіну, қолдану, талдау,
жинақтау жəне бағалау. Əрбір кезең оқытудың əр түрлі мақсатының иерархиялық реттілігін
айқындайды. Алайда, Блум таксономиясын ұғыну күрделі де мұқият зерттеу жұмыстарын талап етсе,
ал оны педагогикалық тəжірибеде іске асыру – арнайы дайындықты қажет етеді етеді. Дегенмен, бұл
күрделі жүйені биологияны оқытудағы стратегиялардың үйлесімі негізінде өте табысты да сəтті
жүзеге асыруға болады. Айтарлық , 8 сынып оқушыларына биология пəні бойынша «Гуморальдық
реттелу – гормондар көмегімен реттелу» тақырыбы келесідей мазмұнында түсіндіріледі:
І. Білім: метод «Өрмекші торы» - оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытады.
ІІ. Түсіну: метод «Ой қозғау» - логикалық ойлау қабілетін арттырады.
ІІІ. Қолдану: «Т кестесі» - тұжырым жасау білімдерін меңгеруді қалыптастырады.
ІV. Талдау: «Фишбоун» - себеп-салдар байланысын ұғынуға дағдыландырады.
V. Жинақтау: АКТ – алгоритмдік, құрылымдық ойлау қабілетін жақсартады.
VІ. Бағалау: «Блоб» ағашы – өзін-өзі бағалау іс-əрекетін жүзеге асырады.
Бұндай оқу жүйесімен жұмыс жасау мұғалім мен оқушылар арасында ынтымақтастық жəне
өзара бірлестік атмосферасын тудыруға, өзін – өзі бақылау мен бағалауды үйретуге, оқушының
зерттеушілік іс-əрекетін дамытуға, білім алу жолдарын меңгеруге, білімін жинақтап, қорытынды
жасауға, логикалық ойлау қабілетін жетілдіре түсіге, эмоционалдық жағдайына əсер етуге мүмкіндік
береді.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к,. доцент Аблайханова Н.Т.