"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БИДАЙ САБАҚ ТАТЫ (PUCCINIA GRAMINIS F.SP TRITICI) ИНОКУЛЮМЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет21/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   372
Байланысты:
thesis114326

БИДАЙ САБАҚ ТАТЫ (PUCCINIA GRAMINIS F.SP TRITICI) ИНОКУЛЮМЫНЫҢ 
ӨСІМТАЛДЫҒЫНА ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІ 
 
Бабан Б.Ж., Асылханова М.К. 
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті 
botakoz-29_96@mail.ru, asylxanova94@mail.ru
 
 
Қазақстан  Республикасының  елбасы  халыққа  жолдауында,  дəн  өндіру  мұнайдан  кейінгі  ең 
маңызды  мəселе  болуы  тиістігін  атап  көрсеткен,  осыған  байланысты  респубика  бойынша  бидай 
егістігін  30-40%  көбейту  қажет.  Алайда,  бидай  дақылы  сорттарының  сабақ  таты    ауруымен 
залалдануы егін түсімінің кемуіне, дəн сапасының төмендеуіне əкелуде.  
Puccinia  graminis  f.sp  tritici  –  бидай  сабақ  таты  əлемде  кең  таралған,  өте  қауіпті  аурулардың 
бірі.  Аурудың  таралу  жылдамдығы  бидайдың  төзімсіз  сорттарының  болуына  да  байланысты.  Өте 
төзімсіз  сорттарда  түзілген  споралардың  өсімталдылығы  жоғары,  бұл  уредоспоралардың  санын 
өсіріп,  таралу  қарқынын  арттыра  түседі.  Сорттардың  ауруға  төзімділігін  жасанды  індет  ортада 
зерттеу жұмыстарын жүргізу, төзімсіздерін төзімділермен алмастыру сабақ тат ауруының алдын алу 
шараларын  тиімділігін  жоғарлатады.  Осы  мақсатта  зертхана  жəне  егістік  алқаптарынан  жинап 
алынған  сабақ  тат  спорасы  анабиоз  жағдайында  сақталынады.  Микроағзалар  коллекциясында 
сақталынған  спора  иммунологиялық  зерттеу  жұмыстарында  кеңінен  қолданылады.  Сабақ  таты 
спорасының  тіршілік  қабілеті,  өсімталдығы  спораны  сақтау  жағдайына  байланысты  жəне  спораны 
инактивациялау  кезіндегі  сыртқы  абиотикалық  факторларға  тікелей  тəуелді.  Осы  мақсатта 
микроағзалар  коллекциясында  инокулюм  ретінде  сақталынған  P.graminis  спорасына  инактивация 
кезінде температураның əсері зерттелінді.  
Зерттеу материалдары мен əдістері. Зерттеу материалы ретінде микроағзалар коллекциясында 
сақталған  сабақ  татының  спорасы  пайдаланылды.  Сабақ  таты  спорасын  инактивациялау 
Н.Е.Коновалова зерттеу əдістері бойынша жүргізілді.  
Зерттеу  нəтижелері.  Зертхана  жағдайында  микроағзалр  коллекциясынан  алынған  бидай  сабақ 
таты спорасының тіршілік қабілетінің белсенділігіне сыртқы ортаның абиотикалық факторының əсері 
зерттелінді.  Тəжірбие  нəтижесінде  бидай  сабақ  таты  спорасының  анабиоз  жағдайынан  шығуы 
инактивация  кезіндегі  температура  жағдайына  тікелей  байланыстылығы  анықталды.Тəжірибе  үш 
нұсқада (вариантта). жүргізілді. Алдымен 28
0
 С, 35 
0
С жəне 38-39
0
С термостатқа қойылған сабақ тат 
споралары  5  сағатқа  ылғалды  камерада  ұсталынды.  Споралардың  тіршілік  қабілеті  немесе 
өсімталдығы  сандық  микроскоп  көмегімен  анықталынды.  Бірінші  вариантта  вариантта  қоңыр-
сарғылт 
түсті 
урединоспоралардың 
өсімталдығы 
байқалған 
жоқ. 
Екінші 
вариантта 
урединоспоралардың  өсімталдығы  60-60  пайыз  құрады,  мөлшері  11-13х26-40  мкм  болды.  Үшінші 
вариантта  ұзындық  мөлшері  22-35х12-20  мкм  саңырауқұлақтың  уредомицелилерінің  өсу  жоғарлап 
80-90 пайызға жетті.   
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., қауымдастық профессор м.а. Тилеубаева Ж.С. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет