ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ ТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СОМАТИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНІҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ Оспанова Д.Е.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті
adzhankuldukova@mail.ru
Оқу үрдісі кезеңінде кешенді бағалау жүргізілді, тұлғалық, жыныстық ерекшеліктегі ролі, оқу
үрдісінің нəтижелі болуына үлгерімдері, оқушы еңбегіне қауырттылықты тудыратын приоритеті
бойынша ранжирлеу негізінде жүргізілген əсер етуші факторлар анықталды. Балалардың
экстремалды жағдайдағы функционалдық қауырттылығының сандық бағалануы, болжамы бойынша
математикалық моделі алынды.
Теориялық жəне практикалық маңыздылығы. Алынған нəтиже негізінде оқу үрдісі кезінде бірге
жүретін экстремалды жағдай тудыратын факторды анықтауға мүмкіншілік беретін бағалаудың
əдістемелік қадамы жəне дарынды оқушылардың функционалдық қауырттылық деңгейінің болжамы
ұсынылды. Алынған мəліметтер оқу үрдісіне қуат беруге, оқушылардың оқу үрдісіне кері əсерін
тигізетін факторларды жоюға, еңбек қабілетін көтеруге мүмкіншілік береді. Алынған регрессиялық
көрсеткішті қолдану дарынды оқушылардың жəне іріктелген «қауіпті» топтың донозологиялық
диагностика əдісін ықшамдауға мүмкіншілік береді.
Зерттеу жалпы 100 бақылау-адамынан тұрды. Физиологиялық жəне психометриялық зерттеу
төмендегі көрсеткіштері бойынша жүргізілді:
1) баланың физикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін анықтау (бой ұзындығы, массасы,
көкірек клеткасының аумағы) жəне оның центильді бағасы;
2) физикалық жағдайының индексі (ФЖИ) бойынша физикалық жағдайының деңгейін бағалау,
бейімделу потенциалын (БП), функционалдық өзгерісінің индексі бойынша анықтау (ФӨИ);
3) Г.Д. Айзенка (1992) əдісі бойынша тұлғаның индивидуалдық-психологиялық кескінін
бағалау жəне Ч.Д.Спилбергер, Ю.Л.Ханин əдісі бойынша өзіндік қобалжу деңгейін бағалау;
4) берілген жүктемеге дейін жəне кейін пульс жиілігін (ПЖ) өлшеу, Руфье индексімен есептеу,
систолалық (САҚ) жəне диастолалық (ДАҚ) артерия қысымын анықтау;
5) жүрек ырғағының математикалық сараптамасы;
6) орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайының көрсеткіштерін анықтау (қарапайым
есту-моторлық реакция (ЕМР), көру-моторлық реакция (КМР), сандар, Анфимова кестесі);
7) өзін сезіну, белседілік, көңіл-күй (ӨБК) кестесін пайдаланып белсенділігін жəне көңіл күйін
субьективті бағалау, Ч.Д.Спилбергер, Ю.Л.Ханин əдісі бойынша реактивті қобалжуын анықтау.
Ғылыми жетекші б.ғ.к., Джанкулдукова А.Д.