"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БЫЖЫ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚАБЫРШАҚСЫЗ КӨКБАС БАЛЫҒЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет18/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
БЫЖЫ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚАБЫРШАҚСЫЗ КӨКБАС БАЛЫҒЫНЫҢ 
МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 
 
Əсемахун Ж. Ж. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
centurion101196@gmail.com
 
 
Быжы өзені – Балқаш провинциясының Балқаш округына жататын Балқаш-Алакөл учаскесінің 
құрамына  енеді  (Митрофанов,1986)  жəне  Алматы  облысындағы  Алтынемел  жотасы  тауының 
солтүстік-батыс  баурайынан  бастау  алады,  ол  Қаратал  өзенінің  салаларының  бірі  болып  табылады. 
Быжы Қоғалы жəне Байтерек атты кішігірім өзендерінің қосылуынан пайда болады.  
2017  жылдың      тамыз  айында  зерттеу  жұмыстарына  сынама  ретінде  30  дана  қабыршақсыз 
көкбас  балығы  ауланды.  Мофобиологиялық  анализ  классикалық  ихтиологиялық  əдістеме  бойынша 
жүргізілді. Зерттеу жұмыстары кезінде балықтардың негізгі биологиялық көрсткіштері: 
L - абсолютті 
ұзындығы, мм; l - 
құйрық қалақшасынсыз ұзындығы, мм; Смит бойынша ұзындығы, мм; Q  - толық 
салмағы, г; q - кіші салмағы, г; меристикалық белгілері жəне пластикалық белгілері алынды. Алынған 
сандық мəліметтерді статистикалық өңдеу Мicrosoft Excel бағдарламасымен жүргізілді. 
Тұқытектестер тұқымдасына жататын Diptychus dybowskii Kessler, 1874 - қабыршақсыз көкбас 
немесе  осман  Орта  Азия  таулы  өзендерінде  кең  тараған  түр.  Қазақстан  жерінде  Балқаш  жəне 
Сырдария  су  бассейндеріне  тəн,  алайда  Зайсан,  Алакөл,  Сасықкөл  көлдерінің  өзендерінде  де 
кездеседі.  Балықтар  негізінен  таулы  өзендердің  жоғарғы  ағыстарында  мекен  етеді,  өзеннің  жазық 
даладағы бөліктеріне сирек түседі. Қабыршақсыз көкбастың кəсіптік маңызы жоқ, ол тек əуесқойлық 
немесе  спорттық  балық  аулаудың  нысаны  болып  табылады.  Быжы  өзенінде  мекендейтін 
балықтардың арасында біршама көп кездеседі. Бірақ осы суқоймасындағы оның морфобиологиялық 
көрсеткіштері аз зерттелген. 
Зерттелген балықтардың салыстырмалы түрде морфобиологиялық көрсеткіштері төмендегідей 
болады: Q орташасы 16,34 г (2.6-38.7), q - кіші салмағы, 1.35 г (2.2-31.7), L орташасы 120,67 мм (72-
160), 
l - 
ұзындығы, 99,47 мм (57-135), Смит бойынша ұзындығы, 108,87мм (61-149).  
Зерттеу барысында қабыршақсыз көкбастың 30 данасының 6,6% (немесе 2 данасы) аналық, ал 
93,3%  (немесе  28  данасы)  аталық  даралар  болды.  Балықтардың  жыныстық  жетілу  стадиялары:  IV 
стадияда 24 аталық, ІІІ стадияда - 3, ІІ стадияда 1 дана болса, аналықтардан IV стадиясында  2 данасы 
болды..  
Зерттеу нəтижелері қабыршақсыз көкбастың Быжы өзеніндегі көрсеткіштері табиғи ареалдағы 
белгілерінен (Сидорова, Тимирханов, 1988) аса үлкен ауытқуға ұшырамағанын көрсетті. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Б.Есжанов 


15 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет