"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БЫЖЫ ӨЗЕНІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫ ЖӘНЕ ТИБЕТ ТАЛМАБАЛЫҒЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет19/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   372
Байланысты:
thesis114326

БЫЖЫ ӨЗЕНІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫ ЖӘНЕ ТИБЕТ ТАЛМАБАЛЫҒЫНЫҢ 
МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 
 
Əсемахун Ж. Ж. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
centurion101196@gmail.com 
 
Быжы өзені Алматы облысындағы Кербұлақ жəне Көксу аудандарының аумағынан ағып өтеді. 
Ол бастауын Алтынемел жотасы тауының солүстік-батыс баурайынан алады. Быжы өзені Қаратал су 
алабының өзендерінің бірі болып табылады жəне Көксу өзенінің негізгі саласы болып есептелінеді. 
Быжы Қарымсақ ауылының маңында Қоғалы жəне Байтерек атты кішігірім өзендерінің қосылуынан 
пайда  болады.  Быжы  өзенінде  жəне  оған  құятын  салаларында  2017  жылдың  жаз  айларында  мына 
балықтың  түрлері  кездесті.  Олар:  тибет  талмабалығы,  қабыршақсыз  көкбас,  Іле  қарабалығы,  Амур 
шабағы жəне басқалар.  
2017 жылдың   тамыз айында зерттеу жұмыстарына сынама ретінде 30 дана тибет талмабалығы 
(Noemacheilus stoliczkae) ауланды. Себебі бұл балықтың саны біршама көп, кəсіптік маңызы болмаса 
да, балықтың морфобиологиялық көрсеткіштердің ерекшеліктерін зерттеудің теориялық маңызы зор. 
Морфобиологиялық  анализ  классикалық  ихтиологиялық  əдістеме  бойынша  жүргізілді.  Зерттеу 
жұмыстары кезінде балықтардың негізгі биологиялық көрсеткіштері: 
L - абсолютті ұзындығы, мм; l - 
құйрық қалақшасынсыз ұзындығы, мм; Смит бойынша ұзындығы, мм; Q - толық салмағы, г; q - кіші 
салмағы, г; меристикалық белгілері жəне пластикалық белгілері алынды. Жұмыс барысында алынған 
сандық мəліметтерді статистикалық өңдеу Мicrosoft Excel бағдарламасымен жүргізілді. 
Тибет  талмабалығы  Орталық  Азияның  таулы  өзендерінде  кездесетін  түр.  Ол  Арал  теңізі 
бассейнінің жəне Балқаш көлінің таулы аймақтарындағы өзендерде мекендейді. 
Зерттелген балықтардың салыстырмалы түрде морфобиологиялық көрсеткіштері төмендегідей 
болды: Q орташасы 11,52 г (3.5-22.9), q - кіші салмағы, 9,03 г (2.6-18.5);  L орташасы 110,73 мм (82-
142), 
l – 
92,63 мм (68-118); Смит бойынша ұзындығы, 107,2 мм (80-136). 
Зерттеу барысында қабыршақсыз көкбастың 30 данасының 40% (немесе 12 данасы) аналық, ал 
60%  (немесе  18  данасы)  аталық  даралар  болды.  Балықтардың  жыныстық  жетілу  стадиялары  -  ІІІ 
стадияда 3 дана аталық, ІІ стадияда – 14;  І стадияда 1 дана болса, аналықтарда IV стадияда 3 дана, ІІ 
стадияда 8 дана, І стадияда 1 данасы болды. 
Быжы  өзенінде  мекендейтін  Тибет  талмабалығының  морфобиологиялық  көрсеткіштерінің 
нəтижесі  табиғи  ареалдағы  балықтардан  (Митрофанов,  1989)    аз  ғана  ауытқушылығы  бар  екені 
анықталды. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Б.Есжанов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет