"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЕЛЕК ӨЗЕНІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНДА МЕКЕНДЕЙТІН



Pdf көрінісі
бет17/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ЕЛЕК ӨЗЕНІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНДА МЕКЕНДЕЙТІН 
ҮКІШАБАҚТЫҢ МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 
 
Əбуов Д.Ə. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
abu_dauren_96@mail.ru
 
 
Елек өзені – ихтиогеографиялық аудандастыру бойынша Понто-Каспий-Арал провинциясының 
Каспий  округына  жататын  Еділ  участогының  құрамына  енеді  (Митрофанов,1986)  жəне  Қазақстан 
аумағында  далалық  аймақта  орналасқан.  Оған 
құятын  70-тен  аса  саласы  бар,  солардың  ішінде    ең 
ірілері:  Хобда,  Көктөбе,  Табантал,  Қарғалы,  Сазды.
        Өзен  қос  тармақ  болып  Мұғалжар  тауының 
батыс  бөлігіндегі  Бестөбе  сілемінен  басталады  жəне  құятын  жері  Жарсауыт  ауылының  тұсындағы 


14 
 
Жайықтың сол жағын құрайды. Өзеннің географиялық таралуы: Ресейдің Орынбор облысынан өтіп, 
Қазақстанның  Ақтөбе  обылысымен,  соның  ішінде  Мартөк,  Алға  ауданы  жəне  басқа  да  Бастыс 
Қазақстан  облыстарынан  ағып  өтеді. 
Жерасты  жəне  қар  суларымен  толығады.  Електе  жəне  оның 
салаларында  балпан (Blicca bjoerkna), кəдімгі теңгебалық (Gobio gobio), торта, қызылқанат, үкішабақ, 
жайын, сазан, алабұға, шортан жəне басқа да балықтар кездеседі. 
Аталған балықтардың арасынан саны біршама жоғары жəне əуесқойлық жолмен ауланатын түр 
–  үкішабақты  (Alburnus  alburnus)  қарастырдық.  Өйткені  бұл  балықтың  морфобиологиялық 
көрсеткіштері аз зерттелген. Зерттеуге 2017 жылы тамыз айында Елек өзенінде кездесетін үкішабақ 
балығының 48 данасы алынды. 
Зерттеу барысында алынған сандық мəліметтер биометриялық талдау 
əдістерін қолдана отырып компьютерлік Мicrosoft Excel бағдарламасымен өңделді. 
Салыстырмалы түрде морфологиялық көрсеткіштері төмендегідей болады: Q орташасы 8,98 г 
(4,5-15,6);    q  -  кіші  салмағы,  7,89  г  (4,2-13,7),  L  орташасы  108,69  мм  (88-130), 
l  - 
құйрық 
қалақшасынсыз ұзындығы, 89 мм (72-110); Смит бойынша ұзындығы, 97,06 мм (78-119) жəне басқа 
да меристикалық белгілері алынды. 
Зерттеу  барысында  үкішабақтың  48  данасының  47,9  %  (немесе  23  данасы)  аналық,  31,25  % 
(немесе  15  данасы)  аталық  особьтар  болды.  48  данасының  20,8  %    (немесе  10  данасы)  ювиниалді 
даралар, ал қалғандары əр жастағы балықтар болды.  
Зерттеу  нəтижелері  үкішабақтың  Елек  өзеніндегі морфобиологиялық  көрсеткіштері   көршілес 
суқоймаларында тіршілік ететін балықтардың біз қарастырған белгілерінен (Дукравец, Митрафанов, 
1988)  өзгеріске ұшырамағанын көрсетті. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Б.Есжанов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет