"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ФИЗИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕГЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ АДАМДАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет185/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ФИЗИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕГЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ АДАМДАРДЫҢ 
КАРДИОИНТЕРВАЛ ТЕРБЕЛІМДЕРІ МЕН ПУЛЬСТЕРІНІҢ ТӘУЛІКТІК 
ДИНАМИКАСЫНЫҢ ЭНТРОПИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Оралбек А.Н. 
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
aiko-22.03.1993@mail.ru
  
 
Қазіргі уақытта əлемде қалыпты жағдайда жəне стресс жағдайында (патологиялық) организмде 
болатын ритмдік процестерді үйренуге қызығушылық өте жоғары. Біздің елімізде жəне шет елдерде 
хронобиология жəне хрономедицина проблемаларына арналған үлкен жұмыстар жүргізілген. Қазіргі 
уақытқа  дейін  адамда  уақытқа  байланысты  ырғақтылығы  өзгеретін  жүздеген  физиологиялық 
процестер анықталған. 
 
  Зерттеудің  объектісі  ретінде  университеттің  дене  салмағы  70±5кг  болатын,  жынысы-  еркек, 
17-20  жас  аралығындағы  1-3  курс  студенттері  алынды.  Үш  рет  қайталанылған  бақылауда  15  адам 
болды.  Барлық  зерттелушілер    жүрек-қантамырлар  жүйесі  бойынша  нормадан  ауытқымаған,  зиян 
əдеттері  жоқ,  денсаулық  жағдайы  бойынша  дені  сау  топқа  жатады.  Зерттеу  студенттердің 
келісімімен, жылдың күз мезгілінде (қыркүйек, қазан, қараша), лабораториялық жағдайда жүргізілді. 
Адамның  жүрек-қантамырлар  жүйесінің  кейбір  көрсеткіштерінің  тəуліктік  динамикасын  анықтау 
мақсатында өлшем тəулік ішінде үш қайтара, сағат- 08; 09; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 21; 
22;  23;  00;  01;  02;  03;  04;  05;  06,  яғни  12  рет  жүргізілді.  Хронодинамика  бойынша  маңызды 
көрсеткіштердің бірі, жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын көрсететін пульстің нақты мəліметтері 
анықталды. 
Физикалық  жүктемеге  дейінгі  жəне  физикалық  жүктемеден  кейінгі  жас  адамдардың 
кардиоинтервалдарының  тербелімдері  мен  пульстерінің  орта  мəндерінің  тəуліктік  (циркадианды) 
динамикасының  ерекшеліктері  алғаш  рет  осы  жұмыста  анықталып,  талданды.    Физикалық 
жүктемеден кейін жүрек жиырылу жылдамдығының көлемі статистикалық маңызы бар көлемге дейін 
жоғарылады  (Р≤0,05).  Сонымен,  физикалық  жүктемеге  дейін  пульстің  көрсеткіштері 
69,7±3,9соққы/мин-тан  77,5  ±5,5соқ/мин-қа,  ал  физикалық  жүктемеден  кейін  101,7±6,5соқ/мин-тан 
110,1±6,0соқ/мин-қа дейін өзгерді. Кардиоинтервал тербелімінің  көлемі физикалық жүктемеге дейін 
0,127 ±0,09 сек-тан 0,127 ±0,09 сек-қа дейін өзгерді, ал физикалық жүктемеден кейін 0,087±0,01 сек-
тан  0,111±0,08  сек-қа  дейін  өзгерді.  Кардиоинтервал  көлемі  физикалық  жүктемеге  дейінгіге 
қарағанда, физикалық жүктемеден  кейін төмендігі анықталды.  


127 
 
     Физикалық  жүктемеге  дейін  жəне  кейін  жас  адамдардың  пульстерінің  орта  мəндерінің 
тəуліктік  динамикасы  мен    кардиоинтервал  тербелімдерінің  мəндерінің  энтропиясы  алғаш  рет 
есептелінді.  Сонымен,  пульстің  энтропиясының  көлемі  физикалық  жүктемеге  дейін-  0,6165, 
физикалық  жүктемеден  кейін-0,6668  тең,  ал  кардиоинтервал  тербелімдерінің  көлемі  физикалық 
жүктемеге дейін- 0,5749, ал физикалық жүктемеден кейін- 0,5432. Пульстің тəуліктік динамикасының 
көрсеткіштері  физикалық  жүктемеден  кейін  жоғарылайды,  ал  кардиоинтервал  тербелімі,  керісінше 
азаяды. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет