"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


СТУДЕНТТЕРГЕ ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАССЫНАН ДӘРІС ЖҮРГІЗУДЕ



Pdf көрінісі
бет188/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   372
СТУДЕНТТЕРГЕ ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАССЫНАН ДӘРІС ЖҮРГІЗУДЕ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Өмірзақова Ə.Н., Ыдырыс Ə. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
aigera_03.01.93@mail.ru 
 
Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жариялаған Қазақстан халқына Жолдауының 
жетінші  бағыты  «Адами  капитал  –  жаңғыру  негізі»  еліміздің  білім  берудің  жаңа  сапасына  көшуі 
жайлы айтқан. Онда елбасы «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық 
жүйемізді  құруды  жеделдету  қажет»  деп  атап  көрсетті.  Сондықтан  Қазақстан  білім  беру  саласында 
инновациялық  əдістерді  қолдану  білім  беру  сапасын  арттырудың  тиімді  жолы  болып  табылады. 
Оқытудың  тиімділігін  арттыру  үшін  біз,    əр  сабақта  жаңа  технологияларды  қолдануымыз  қажет. 
Яғни, студенттер тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қана қоймай, жеке тұлғалық таным 
қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруына, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген 


129 
 
ықыласы мен іскерлігін арттырып, оқу – танымдық ынтасын жетілдіріп, сонымен қатар олардың жан 
– жақты дамыуына көмектесу керек. 
Қазіргі  таңда  өрмекшітəрізділер  классы  жоғары  оқу  орындарында  негізінен  дəстүрлі  оқыту 
əдістерімен оқытылуда, студенттердің осы тақырыптағы білім деңгейін арттыру үшін, замануи оқыту 
əдістерін  қолдану  қажет.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  біз  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  5В060700-  биология,    5B070100  –биотехнология  мамандығының  студенттеріне 
дəстүрлі жəне инновациялық əдістерді салыстыра отырып, магистрлік диссертацияның тақырыбына 
сай ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргіздік. 
 Зерттеудің  мақсаты:  екі  түрлі  оқыту  əдісін  салыстыру  арқылы  оқытудың  талаптарын, 
тенденциясын,  оқыту  нəтижелерін  жəне  сабақ  берудегі  тиімділігін  бақылау.  Біз  зерттеу 
жұмысымызда негізінен ойын, сөзжұмбақ, плакаттар, презентациялар секілді инновациялық əдістерді 
таңдап алдық. 
Зерттеу  жұмысы  бойынша  алынған  нəтижелер:  студенттерге  омыртақасыздар  зоологиясы 
пəнінің  өрмекшітəрізділер  классы  тарауынан  дəріс  оқытуда  I-топқа  дəстүрлі  əдіспен,  II-топқа 
инновациялық  əдіспен  сабақ  жүргізілді.  Нəтижесінде  инновациялық  оқыту  əдістерді  қолданылуы 
студенттердің осы тақырыптағы білім сапасын арттыруда тиімді екенін көрсетті.   
Ғылыми жетекшілері: аға оқытушы Баймурзаев Н.Б., PhD., аға оқытушы Ыдырыс Ә.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет