СЕССИЯҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ АҒЗАСЫНДАҒЫ КАРДИОЖҮЙЕНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ КҮЙІН ХОЛТЕР ӘДІСІМЕН ЗЕРТТЕУ Сазанова А.А., Оралканова Ж.О., Намыс С.С., Кулбаева М.С. əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
sazanova.aydana@mail.ru
Соңғы 10-15 жылда студенттердің білім алуы барысында ақпараттық жүктеменің ағымы
айтарлықтай өсті. Емтихан сессиясына дейінгі оқу үдерісінде студенттердің интеллектуалды-
эмоционалды жағдайына шамадан тыс жүктемелер əсер ететіндіктен, орталық жүйке жүйесінің қозу
үрдістері жоғарғы дəрежеде болатындығы анықталды. Əсіресе, студенттердің оқу барысындағы,
сондай-ақ емтихан кезіндегі нейровегетативті реттелуінің ерекшеліктері студенттердің денсаулық
жағдайын жақсарту стратегиясын жасау керектігіне дəлел болады. Сонымен қатар, əдебиеттерде
көрсетілгендей, əсіресе алғашқы оқу кезеңдерінде (төменгі курста) студенттердің жоғарғы
потенциалды психоəлеуметтік бейімделуінің бұзылуы, ол ақыл-ой жұмысының ширығуы
нəтижесінде емтихан тапсыру, мекенжай ауыстыруы жəне əлеуметтік қарым- қатынастар, созылмалы
аурулары салдарынан болуы мүмкін. Сонымен, сессияға дейінгі кездегі оқу барысында төменгі курс
студенттерінің жұмысқа қабілеттілігі мен зейін көрсеткіштерінің артуы көрініс береді. Бұл төменгі
курс студенттерінің бейімделу реакцияларының ақпараттық ағымының көптігінен күрделірек
жүретінін дəлелдейді, бейімделу сипаты жалпы белсенділіктің артуына, бірақ еріктік қасиетінің
төмендеуіне бағытталған болу керек.
Сессияға дейінгі кезеңде студенттердің ағзасындағы кардиожүйенің функционалдық күйін
Холтер əдісімен зерттеу жұмысы əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биология жəне биотехнология
факультетінің биофизика жəне биомедицина кафедрасының «Хронобиология жəне экологиялық
физиология» ғылыми зертханасында орындалды. Зерттеу нысаны ретінде 20–21 жас аралығындағы
12 студент алынды. Бұл топтағы студенттердің жүректерінің ЭКГ-сы Холтер мониторинг əдістемесі
бойынша клиникaлық–физиологиялық электрокaрдиогрaфия əдicімен жүрек жұмыcының ырғaғын
үзiлicciз тəулiк бойы тiркеу SHILLER MT-200 HOLTER-EKG aппaрaтындa жүргізілді.
Алынған нəтижелер бойынша қалыпты
жағдайдағы студенттердің QRS комплексінің жəне
жүректің жиырылу жиілігінің вариабельдік сараптамасы жасалды.
Қарынша жиырылуының көрсеткіші болып табылатын QRS комплексінің қалыпты жағдайдағы
нəтижелері алынды. Алынған нəтижелер бойынша қалыпты жағдайда 12:00-ден 23:00-ге дейінгі
жəне келесі күннің таңғы 08:00-ден 12:00-ге дейінгі сағат аралықтарында QRS комплексінің жоғары
сандары тіркелді, ал түнгі мезгілдерде 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейінгі сағат аралықтарында төмен
мəндерді көрсетті. Қарыншаның максималды жиырылуы 15:00 сағатта – 101,0±1,2 сандық бірлікті
статистикалық сенімділікті ( p <0,05) дəлдікпен көрсетті; 16:00 сағатта – 97,0±1,4; 20:00 сағатта
96,5±2,4 сандық бірлікті; келесі күннің 09:00 сағатында – 95,5±2,9 сандық бірлікті көрсетті. Ал, төмен
мəндерді көрсеткен аралықта ең минимальды көрсеткіштері сағат 04:00-де - 62,5±2,1 сандық бірлікке,
05:00 сағатта - 61±2,2 сандық бірлікке, 06:00 сағатта - 63,5±2,1 сандық бірлікке тең болды. Қалыпты
жағдайдан жоғарылаған да төмендеген де мəндері анықталды. Қалыпты кездегі студенттердің QRS
комплексінің нəтижелері ағзаға жүктеме түсетін сессия кезінде қандай өзгерістерге ұшырайтынын
132
зерттеу негізгі қызығушылық тудыруда. Қалыпты жағдайдан ығысу байқалатын болса, жүктеменің
кері əсерлерін алдын алу шараларын қарастыру қажет болады.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Кулбаева М.С.