"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ СПОРТШЫЛАРДЫ   КӘСІБИ ІРІКТЕУ



Pdf көрінісі
бет194/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ СПОРТШЫЛАРДЫ   КӘСІБИ ІРІКТЕУ  
 
Серік Р.С. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті 
adzhankuldukova@mail.ru
  
 
Спортшылардың 
мүмкіншіліктері 
мен 
нəтижелілігін 
жоғарылату 
үшін, 
олардың 
психофизиологиялық күйін бақылау жəне кəсіптік іріктеудің əдістерін өңдеп шығару үшін арналған. 
Жұмыстың 
мақсаты: 
Əртүрлі 
дəріжедегі 
мамандандырылған 
спортшылардың 
психофизиологиялық дайындығын қадағалау жəне бағалау əдістемелерін құрастыру.  
Жұмыстың  негізгі  міңдеттері:  Жоғарғы  санатты  спортшылардың  іс-əрекеттеріндегі 
қарқындылығы  мен  нəтижелілігін  жоғарылату  үшін  психофизиологиялық  күйін  бақылау  жəне 
кəсіптік іріктеудің əдістерін жаңа қадаммен жүзеге асыру жəне өңдеп шығару. 
Ғылыми  жаңалығы:  Нақты  функционалдық  резервтерді  арнайы  фукционалды  тесттер, 
максималды  жəне  субмаксималды  күрделенуі  арқылы  жəне  де  клиникалық  зерттеулер  нəтижелері 
арқылы  өлшенеді.  Нақты  функционалдық  резервтердің  кемуі  немесе  оның  толық  жоқ  болуына, 
олардың  өзін  өзі  толықтыру  кезіде  жоғалтқан  күштерінен  ғана  емес,  сонымен  қатар  стресстік 
неспецификалық  бейімделу  реакциясы  қалыптасуынан  ағзаның  резервті  бөліктерінің  құрықталуы 
нəтижесінде  болады  екен.  Спецификалық  емес  бейімделу  реакциясының  типі  мен  кернеулігі, 
спортшының  функционалдық  жəне  психофизиологиялық  (қобалжу  дəрежесіне,  тітіркенушілігіне 
ұйқысына, шаршауына, жұмыс істеу қабілетіне т.б.) көрсеткіш нəтижелерінен анықталады. Спортшы 


133 
 
ағзасын  стресстік  күйінен  гармониялық  бейімделу  реакциясына  ауысқанда,  ақырындап 
функцоналдық резервтердің жиналуы мен құрықталған белгісіз резервтер айқын бола бастайды.    
Зерттеу нысаны. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мəдениет жəне өнер 
факультетінің əр түрлі санатты жəне түрлі спорттық мамандығындағы   жыныстық ерекшеліктегі 1-2 
курс  студенттерінің  30  спортшыларына  (орташа  жас  көрсеткіштері  18,5±0,65  жас)      зерттеу 
жүргізілді. 
Зерттеу  əдістері.  Зерттелінушілердің    функционалдық  күй  деңгейіне  баға  беру  үшін  жүрек 
соғысы  ырғағының  вариабелділігі  əдісі  қолданылды.  Зерттеу  тыныштық  күйде  жəне  физикалық 
жүктемелі  тапсырмасы    (велоэргометрде  3-сатылы  тест  əдісі  бойынша)  орындалғаннан  кейін 
өткізілді. 
Зерттеуден  алынған    нəтижелер  негізінде    төмендегідей  қорытынды  жасауға  болады: 
Квалификациясы    төмен    спортшылар        орталық  жүйке  жүйесі  мен  ағзасының  функционалдық 
жағдайы  төмен,  спортшылар  ағзасының  жүйелерінің  функционалдық  қауырттылығын,  эмоциялық  
қауырттылығын  төмендетуге,  оптималды  деңгейде  сақтап  жəне  жұмыс  істеу  қарқындылығын 
жоғарлатуға,  спортшылардың  жүйке-психикалық  қауырттылығын,  тұлғалық  қобалжудың    деңгейін 
төмендетуге бағытталған коррекциялық іс-шаралар жүргізу қажет. 
Ғылыми жетекші  б.ғ.к., Джанкулдукова А.Д.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет