18
жайылма суларға шығады, уылдырығын су асты өсімдіктерінің үстіне, сирек өскен қамыс- қоғанның
арасына төгеді.
Табан(Abramis brama) республикамыздың су қоймаларына кеңінен тараған кəсіпшілік балық.
Ол жартылай көшпелі жəне тұрақты болып екіге бөлінеді. Табан суы тұнық, терең өзен, көлдерді
ұнатады, бірақ жазда азығы мол тайыз учаскелерге шығады. Табан үйірсек келеді. Басқа балықтармен
салыстырғанда өте сақ, тəжірибелі жетекшісімен үш бұрыш жасап, жүзіп жүреді. Табанды тұнық
өзен, көлдерден, тоғандардан іздестіру керек. Табан үш- төрт жасында жыныстық жағынан өсіп
жетіледі. Оттегі аз су қоймаларында өмір сүре алмайды. Салқын түсе табан су түбіндегі щұңқырларға
қыстауға жатады.
Ақ амур-Ctenopharyngodon idella (Val), тұқы тұқымдасына жататын балық. Қазақстанның
көптеген өзен- көлдерінде жіберілді. Ақ амур май- июнь айларында миллион түиірден астам
уылдырық шашып көбеиеді. Уылдырығы мөлдір болады. Уылдырықтан 32-40 сағатта дернəсіл
дамиды. 15 күннен соң шабақтар өз бетімен қоректенеді.Ақ амур жыныстық жағынан төрт жаста
жетіледі.
Дөңмаңдай-(Hypophthalmichtys molitrix) тұщы суда өседі, ол үйір болып шоғырланып,
шұңқырларда қыстайды. Дөңмаңдай 4-5 жасында жыныстық жағынан жетіледі.
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы,магистр. Сырымбетов С.Т.
Достарыңызбен бөлісу: