"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ БАТЫС БӨЛІГІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет24/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   372
Байланысты:
thesis114326

БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ БАТЫС БӨЛІГІНДЕГІ 
 САЗАН (CYPRINUS CARPIO)  ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 
 
Баймбетова Ж.Т. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
janko199696@gmail.com
  
 
Сазан (Cyprinus carpio) – Іле-Балқаш бассейнінде кеңінен таралған кəсіптік балықтың түрі. 2016 
жылдың зерттеулеріне сəйкес кəсіптік жəне ғылыми аулауда сазандардың аулаудағы үлесі 8,8-22,3% 
арасында ауытқып, тыран мен қаракөз балықтарынан кейінгі үшінші орында тұр. 
2016  жылы  Балқаш  көлінің  батыс  бөлігінен  114  дана  сазан  ауланып,  олар  қазіргі  кездегі 
қолданбалы ихтиологиялық əдістердің көмегімен талданды. 
  Ғылыми аулау кезінде сазан балығының жастық құрамы 3-8 жас аралығында болса, аулаудың 
басым  бөлігін  4-5  жастағы  даралары  (78,9%)  құрады.  Популяциядағы  балықтардың  дене  ұзындығы 
201-453  мм,  ал  дене  салмағы  214-1832  г  аралығында  ауытқыды.  Фультон  жəне  Кларк  бойынша 
қоңдылық дəрежесі қалыпты. 
Сазан  популяциясының  жастық  құрамын  талдайтын  болсақ,  Балқаш  көлінің  батыс  бөлігінде 
кəсіптік ауланымға көбінесе алғаш жыныстық жетілген даралары көптеп ауланатыны байқалады. Бұл 
қорытынды  сазанның  ұзындық  жəне  салмақтық  құрылымдарын  қарастыру  кезінде  де  толықтай 
дəлелденеді. 
Жыныстық  құрылым  бойынша  қатынас  1,4:1  болып,  аналықтарының  үлесіне  тиесілі  болды 
жəне  бұл  көрсеткіш  барлық  жас  топтарында  да  қайталанады.  Жыныстық  жетілмеген  даралары 
ғылыми  ауларда  кездеспеді.  Сазан  балықтары  жыныстық  жетілуі  3-4  жасында  басталады.  Өрістеу 
мерзімі  ұзақ,    яғни  су  температурасы  18-21
0
С-қа  жеткенде  басталады.  Балқаш  көлінде  мұндай 
температура сəуір айының соңынан маусым айына дейін жалғасады.  
Балқаш  көлінің  батыс  бөлігіндегі  сазан  балығының  қазіргі  популяциясы  негізінен  жас 
дараларының  көп  аулануымен  сипатталады,  алайда  бұлар  көбеюдің  жоғары  қарқындылығын 
қамтамасыз ете алмайды. Іле өзені суының төмендеуі нəтижесі көрінісінде, сазандардың суқоймадағы 
табиғи  өрістеу  орындарының  қысқаруы,  келешекте  олардың  азаюына  алып  келеді,  сонымен  қатар 
табиғи  жағдайда  сазандардың  өздігінен  көбею  қабілетіне  қауіп  төндіреді.  Популяцияның  негізгі 
өрістеуші бөлігінің үлесі төменгі шамада,   7+ жастағы даралар 3,51% болса, ал 8+ жастағы даралар 
тек 1,75% құрайды.  
Қазіргі уақытта Балқаш көлінің батыс бөлігінде сазан популяциясының биологиялық жағдайы 
қалыпты  емес.  Бұл  аймақта  сазан  қорын  қалпына  келтіру  үшін  өрістеу  орындарын  қорғауға  алып, 
олардың ауланымына оңтайлы шектеу қою қажет. Кəсіптік дене ұзындығы тек 40 cм жоғары болатын 
дараларды аулауға ұсыныс беріп, оны жергілікті балық инспекторларының қадағалап отыруын талап 
ету керек. 
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы  Шарахметов С.Е. 
 


19 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет