"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


КӨКӨНІСТІК ҮРМЕБҰРШАҚ СОРТ ҮЛГІЛЕРІНІҢ САНДЫҚ БЕЛГІЛЕРІН ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет249/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
КӨКӨНІСТІК ҮРМЕБҰРШАҚ СОРТ ҮЛГІЛЕРІНІҢ САНДЫҚ БЕЛГІЛЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Тұрлыбекова Д.Д. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
turlybekova.dynara@inbox.ru
  
 
Phaseolus vulgaris L. түрі көптеген елдерде азық-түліктік дақыл болып болып саналады. Кəдімгі 
үрмебұршақ  –полиморфты  түр,  бір  жылдық  немесе  көп  жылдық  үрмебұршақ,  ирелінген  жəне 
төселген  жұқа  бұтақтары  бар  дақыл.  Тағамдық  құндылығы  жағынан  көкөністердің  арасында 
бұршақтар  бірінші  орында.  Толық  пісіп  жетілмеген  үрмебұршақта  белоктың  мөлшері  өте  жоғары. 
Сонымен  қатар,  үрмебұршақ  ақуызының  құрамында  лизин,  триптофан,  гистидин,  метионин  сияқты 
маңызды аминқышқылдар бар. Оларда ақуыздық заттардың – 37%, көміртегі – 60%, май% - 2,2 болса, 
каротин  жəне  аскорбин  қышқылы  көп  мөлшерде  кездеседі.  Ашылмаған  бұршақ  тұқымының 
құрамында  7%  ақуыз,  6%  көмірсу  бар.  Бұршақтардың  жасыл  тұқымында  В1,  В2,  РР,  пектин 
дəрумендеріне бай. Кейбір сорттардың құрамында 15%-ға дейін май кездеседі. 
Жұмыстың  барысында  үрмебұршақ  сортының  сандық  жəне  сапалық  белгілері  зерттелінді. 
Зерттеу  жұмыстары  үшін  көкөністік  үрмебұршақтың  төрт  сорт  үлгісі  Қазақ  картоп  жəне  көкөніс 
шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтынан  алынды.  Олар:  «Пурпурный»,  «Кароль  Cosoblanka», 
«Местная»,  «Балонг»  сорт  үлгілері.  Зерттеу  бойынша  жапырақ  ұзындығы  жəне  ені,  сабағының 
ұзындығы  анықталынды.  Сандық  белгілері  бойынша  əр  сорттан  он  түрлі  сабақ  жəне  20  түрлі 
жапырақ  алынды.  Сонымен  бірге,  сапалық  белгілеріне  сипаттама  жүргізілді.  Сапалық  белгілері 
ретінде жапырақ түсі, жапырақтың залалдану деңгейі, гүлдің түсі, гүл түсінің қанықтылығы, бұршақ 
ұзындығы, қалыңдығы, бұршақ түсі, талшықтылығы, иілу деңгейі сияқты параметрлері зерттелінді. 
Өсімдіктік орташа ұзындығы 45 – 48 см аралығында, сабағы ашық- жасыл түсті, гүлінің түсі ақ-
күлгін,  үрмебұршақ  ұзындығы  –  12,5  см-ге  дейін жетеді,  ал  қалыңдығы  1,3  см болды.  Зерттелінген 
үрмебұршақ  сорт  үлгілерінің  дəннің  түсі  ақ  жəне  ақшыл  қоңыр  түсті  болды.  Бұршақтары-етті, 
жұмсақ,  шырынды.  Үрмебұршақтың  сорт  үлгілерінің  техникалық  жетілу  кезеңі  60  күн  аралығын 
құрады.  Гүлденудің  басталу  уақыты  -  маусым  айының  соңы  жəне  шілде  айының  басына  дейін 
созылды.  Жалпы  жапырақ  ұзындығы  ені  бойынша  орташа  мəні  -  8,79  см-ден  тұрды.  Сабағының 
жалпы ұзындығының орташа мəні – 65,15 см, бірінші бұршаққынға дейінгі ұзындығы  – 31,75 см-ді 
құрады.  Сонымен,  зерттелінген  үрмебұршақ  сортүлгілері  сандық  жəне  сапалық  белгілері  бойынша 
айырмашылықтар көрсетті. 
Ғылыми жетекшісі- б.ғ.к., профессор м.а. Жұмабаева Б.Ә. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет