171
Ерігіш белоктар өзінің физико-химиялық қасиеттеріне байланысты өсімдіктің бейімделу
үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Ерігіш белоктар жинақталуы өсімдік-қожайынның
төзімділігінің индукциясымен байланысты, ерігіш белоктар мен фитопатогеннің көмірсутекті
құрамдастарының өзара əрекеттесуі өсімдік-қожайын ағзасында инфекцияға қарсы қорғаныш
реакциялар тізбегін іске қосуы мүмкін.
Зерттеу материалы ретінде Қазақстан селекциясындағы жұмсақ бидай сорттары қолданылды.
Патогенмен зақымданғаннан кейінгі жұмсақ бидай сорттары жапырағы мен тамырындағы
ерігіш белоктың мөлшерін анықтау инкубациялық мерзімнің түтіктену сатысының соңында
жүргізілді.
Жұмсақ бидай сорттары жапырағы мен тамырындағы ерігіш белоктың мөлшерін зерттеу
келесі нəтиже берді, жапырақтарындағы ерігіш белок мөлшері бидайдың екі сорттарында мөлшері
14-15 % жоғары. Төзімді сорттың тамырындағы ерігіш белок мөлшері бақылауға қарағанда 7 %
жоғары болып келді.
Қазақстан селекциясындағы жұмсақ бидай сорттары дəндеріндегі қор белоктарды зерттеу
сілітілік (SDS-Na электрофорез) жəне қышқылдық жүйелерде жүргізілді. Патогенмен зақымданған
жəне патогенмен зақымданбаған өсімдіктер дəндеріндегі қор белоктар құрамын салыстырмалы
зерттеу нəтижелері.
Глютениннің жоғары молекулалық суббірліктері құрамы бойынша Шағала бидай сорты: 2*;
7*+9; 5+10. Дəл осы суббірліктер нан пісіру сапасына əсері етеді, осы сорттардың глютенин бойынша
сапасы 9 баллға тең. Жоғары молекулалы глютенин суббірліктеріне
P. recondita патогенінің əсері
үлкен дəрежеде көрсетілмеген, глиадиндер мен ЖМГС аймақтарында сызықтардың боялу
қарқындылығы айтарлықтай төмендеген.
Қышқылдық жүйеде фракцияланған бидай дəнінің проламиндер (глиадиндер) спектрінде қоңыр
тат қоздырғышы əсерінен айтарлықтай өзгерістер байқалды. Бидайдың проламиндер спектрі α, β, γ
жəне ω-зоналарға бөлінеді. Екі сорттың тəжірибе варианттарында ω компонентінің көріну
қарқындылығы бақылау вариантымен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Баяу-қозғалатын ω
зонаның компоненттері жұмсақ бидайдың D геномымен бақыланатыны белгілі жəне наубайханалық
сапа көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді. Қоңыр тат патогенімен зақымдану сапаға теріс əсер етеді
деген болжам жасауға болады.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д. Омирбекова Н.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: