"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖЕМІСТІ АҒАШ АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ АНТАГОНИСТІК ҚАСИЕТІ БАР



Pdf көрінісі
бет274/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ЖЕМІСТІ АҒАШ АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ АНТАГОНИСТІК ҚАСИЕТІ БАР 
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ  БӨЛУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ 
 
Ахметжан С.Т. 
əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
saltanat-akhmetzhan@mail.ru
  
 
Өсімдіктерді  зиянды  организмдерден  қорғау  бойынша  жүргізілген  ғылыми  жұмыстар  
өнімділіктің  жоғарлатуда  маңызды    рөлді  атқара  отырып,  ауылшаруашылықтың  дамуына  үлкен 


187 
 
ықпалын тигізуде. Өсімдіктерді қорғау құралдары мен тəсілдері арасында химиялық тəсілдер басым, 
солай – ақ жылдамдық əрекетінің көрінісі, сыртқы əсерлерге кең көлемдегі нəтижесі мен сенімділігі. 
Өсімдіктерді  түрлі  аурулардан  қорғайтын  химиялық  тəсілдердер  мен  қатар,  аурудың  өршуіне 
биологиялық  бақылау  қызметін  атқара  алатын  бактериялар  мен  саңырауқұлақтар  қарқынды 
іздестірілуде. Өзіміз білетіндей, микроорганизмдер табиғаттың тірі бөлшегі болып табылады. Қазіргі 
таңда    оларды  өсімдіктерді  қорғау  мақсатында  жасанды  жолмен  көбейтуде,  микроорганизмдер  өз 
пайдалы  қасиеттерін  сақтай  отырып,  экологиялық  жүйеге  оңай  енеді.  Сондай–ақ,  биологиялық 
жолмен  жасалған  өнім  адам  денсаулығы  жəне  де  ыстық  қанды  жануарлардың  барлығы  үшін  де 
қауіпсіз болып табылады. 
Осындай өзекті мəселе аясында, оның ішінде ең басты көзі болып саналатын өсімдікті қорғауда 
отандық  биопрепараттарды  өндіру  өзектілігімен  маңызды.  Көптеген  биопрепараттардың  негізгі 
продуценті  топырақ  микроорганизмі  екені  мəлім,  сондықтан  бұндай  ғылыми  ізденістер  əр  кезде 
жалғастырылуы  қажет.  Осы  айтылған  жағдайлар  ұсынылып  отырған  дипломдық  жұмыста  осындай 
актуалды  мəселе    аясында  болмақ,  яғни  топырақ  микрофлорасынан  биологиялық  препараттың 
продуценті 
– 
микроорганизмдерді 
іздестіру, 
өсімдіктерінің 
ризосферасының 
көптеген 
микроорганимздерге қолайлы мекендеу орны болатынын ескеретін болсақ. 
  Зерттеу  жұмысының  негізгі  мақсаты:  жемісті  ағаш  фитопатогендеріне  қарсы  антогонистік 
қасиеті бар микроорганизмдерді топырақтан бөліп алып, олардың қасиеттерін зерттеу. 
Зерттеу  объектісі  ретінде:  топырақтан  бөлініп  алынған  микроорганизмдер  жəне  жемісті 
ағаштарының ауру қоздырғыштары (бактериялда күйік) қоздырғышы  Erwinia carotovora тест дақылы 
ретінде алынды. 
Жүргізілген  жұмыстың  барысында  топырақтан  түрлі  микробтық  дақылдар  бөлініп,  олардың 
өзара ерекшеліктеріне байланысты таза дақылдары бөлініп алынды. Бөлінген дақылдардың дақылдық 
-  морфологиялық,  физиологиялық  ерекшеліктері  зерттелді.  Тест  дақылдарына  қарсы  скрининг 
жүргізу  нəтижесінде  бактериялды  күйік  қоздырғышына  қарсы  антагонистік  белсенділікті  №1;5;15 
дақылдар көрсетті, яғни тежеу аймақтары сəйкесінше: 
3  мм;  7  мм;  5  мм  құрады.  Бөлініп  алынған  дақылдардың  қазіргі  кезде  басқа  да 
фитопатогендерге қарсы антогонистік қасиеттері зерттелуде. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к.,биотехнология кафедрасының доцент м.а.,  Мухатаева Қ.А. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет