"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет277/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   372
 
SPIRULINA PLATENSIS ДАҚЫЛЫН САҚТАУ ӘДІСТЕРІ 
 
Батчаева Р.Б. 
əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
raykhan08@icloud.com
  
 
Соңғы  жылдары  экологиялық  жағдайдың  нашарлауына  байланысты  организмдердің  алуан 
түрлілігін  сақтап  қалу  өзекті сұрақтардың  бірі болып  отыр. Микроорганизмдерді  ұзақ сақтау  үлкен 
жəне  күрделі  мəселе,  сондықтан  оны  шешу  үшін  кешенді  зерттеу  əдістерін  пайдалану  қажет. 
Микробалдырларды  сақтаудың  əр  түрлі  əдістері  бар,  соның  бірі  сусыздандыру  болып  саналады. 
Микробалдырларды сусыздандыру оларды анабиотикалық жағдайға алып келеді.  
Анабиоз  жағдайында  клеткаларды  сақтау  əдістері  негізінен  бір  клеткалы  микроорганизмдер, 
оның  ішінде  ашытқыларға  жүргізілген.  Бұндай  зерттеулер  фотосинтездеуші  организмдерді  ,  оның 
ішінде цианобактерияларда өте аз жүргізілген.   
Зерттеу  объектісі  ретінде  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті  микробиология 
кафедрасы  фотобиотехнология  зертханасының  дақылы    Spirulina  platensis  CALU  532  алынды. 
Клеткаларды 1:3 қатынаста  дистилденген сумен жуып, термостатта 30
0
С жəне 60
0
С температурада 24 
сағат  аралығында  кептіру  жүргізілді.  Сусызданған  дақылдарды  герметикалық  жабық  ыдыстарда, 
қараңғыда  15-20
0
С  температурада  сақтадалды.  Сусызданған  дақылдардың  ылғалдылығын  тұрақты 
массаға дейін жеткізу арқылы стандартты əдіспен анықтау жүргізілді. 
Спирулина дақылының анабиоз жағдайынан кейін қайта қалпына келу жағдайын бақылау үшін 
0,01г  дақылды  Заррука  қоректік  ортасымен  1:1  қатынаста  ылғалдандырамыз.    Тіршілікке  қабілетті 
клеткаларды 2, 12, 24, 48, 96, 144,192 сағаттан кейін бақылау жүргіздік.   


189 
 
Анабиоз  жағдайында  клеткаларды  сақтаудың  мақсаты  организмнің  тыныштық  жағдайда 
тіршілікке қабілетті құрылымын сақтау жəне қолайлы жағдайда қайта қалпына келу болып саналады.  
Цианобактериялардың  анабиоз  жағдайынан  шығу  кезінде  бір  қатар  құрылымды  өзгерістер  болады. 
Қайта қалпына келу барысын тікелей микроскоппен бақылау арқылы жүргіздік. Бақылау барысында 
клеткалардың  трихомаларының  көп  бөлігі  ұсақ  бөлшектерге  бөлінгені  анықталды.  Сонымен  қатар, 
трихомалардың  кейбір  аймақтары  қайтымсыз  зақымдалған.  Микроскоптау  барысында  клетканың 
тіршілікке  қабілетті  жəне  зақымданған  аймақтары  айқын  көрінеді.  Бірақ  барлық  клетка  жіпшелері 
толық сақталмаған, мүмкін сусыздандыру кезінде клетка аралық байланыстардың бұзылуы нəтижесі 
болуы мүмкін. Сондықтан клетка жіпшелері қысқа бөліктерге бөлінген.  
Сусызданудан  кейін  регидратацияланған  клеткалардың  негізгі  геометриялық  параметрлерін 
өлшеу нəтижесі бойынша клеткалар 24 сағат қоректік ортада реактивациялаудан кейін қалпына келе 
бастайды.  
Ғылыми жетекші: б.ғ.к. Акмуханова Н.Р. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет