БАЛДЫРЛАР ЖӘНЕ СУ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ СЫҒЫНДЫСЫ ҚОСЫЛҒАН БИОСАБЫН АЛУ Бердібек Б.Д.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
bayan.didarovna@mail.ru
Қарапайым сабын-карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен əр түрлі май
қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары)
алады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық жəне бейорганикалық қосымша
заттар болатын кір сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы
сабын тəрізді түрлері бар. Биосабын алу үшін қолданылатын майлар жəне оны алмастырушы
заттардың сапасына арнайы талаптар қойылады. Балдырлар жəне əртүрлі су өсімдіктерінің
сығындысын сабынға қосу арқылы пайдалы заттармен байытылған, теріге күтім жасайтын
биологиялық таза сабын аламыз. Сабынды жоғары температурада сілті қосу арқылы қайнатады. Бұл
жағдайда бактериялар тіршілігін жояды. Сабын алу өндірісінде кокос майы кеңінен
пайдаланылады.Балдырлардың биомассасын өңдеуде алынатын липидті концентрат биологиялық
активті заттардың қосылысы болып табылады. Косметикалық жəне көпіршікті-жуғыш заттар алуда
қоспа ретінде пайдаланылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Балдырлар жəне су өсімдіктерінің сығындысы қосылған
биосабын алу.
Зерттеу объектісі жəне əдістері: №1 сабын алу əдісіне қосымша,қауынның құрғақ массасы,
балдырдың құрғатылған түрі пайдаланды.
Зерттеу нəтижесі: Балдырлар сығындысы қосылған сабын теріні ылғалдандырады жəне жұмсақ
пилинг жасайды. Бактерияға қарсы əсер ететін қасиеті бар.
Қорыта келе, балдырлар сығындысы қосылып жасалған сабынның экологиялық таза əрі табиғи
өнім,пішіні мен құрамы да бірегей болып келеді. Химиялық қосылыстарға толы сабынға қарағанда
теріні құрғатпай, оған күтіммен қарайды.
Ғылыми жетекшісі: Б.ғ.к., доцент Ерназарова Г.И.