"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖАҢА ҰРПАҚТАҒЫ ИММОБИЛИЗДЕНГЕН ПРОБИОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТЫ



Pdf көрінісі
бет278/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   372
ЖАҢА ҰРПАҚТАҒЫ ИММОБИЛИЗДЕНГЕН ПРОБИОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТЫ 
ҚҰРАСТЫРУ 
 
Батықова Ж.К., Маханбетова Н.Ж. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
batyqova@gmail.com
  
 
Патогенді жəне шартты патогенді микроорганизмдерден қорғауды қамтамасыз етуде  адамның 
ішек микрофлорасы негізгі роль атқарады. Ішектің нормафлорасының биологиялық тұрақтылығы жиі 
бұзылады, соның нəтижесінде асқазан ішек жолдарының (АІЖ) көптеген мəселелеріне алып келетін 
дисбактериоз туындайды. 
Ішек микробиоценозының коррекциясының терапиялық негізі ағзаға оң əсер ететін бактериялар 
–  пробиотиктер  болып  табылады.  Əдетте,  тоқ  ішекке  барар  жолда  асқорыту  жолының  жоғарғы 
бөліктері арқылы жүріп өткенде препараттың есептік белсенділігінің айтарлықтай төмендеуі болады, 
себебі интродуцирленген бактериялардың көп бөлігі асқазан мен он екі елі ішекте жойылып кетеді. 
Бұл мəселенің шешімі препараттың иммобилизденген түрін қолданумен байланысты болуы мүмкін.  
Зерттеу  барысында  Bacillus  штамдарының  клеткаларын  карбонизилденген  күріш  қауызына 
(ЗРШ–1)  иммобилизациялау  жұмыстары  жүргізілді.  Иммобилизациялау  үшін  белгілі  қасиеттердің 
жиынтығына  ие,  адам  ағзасының  белгілі  биотобын  колонизациялайтын,  шартты  патогенді 
микроорганизмдерге антагонистік активтілік көрсететін споратүзуші бактериялардың Bacillus subtilis, 
Bacillus clausii, Bacillus amyloliquefaciens штаммдары таңдалып алынды. Бұндай қасиеттерге: қышқыл 
түзу белсенділігі, антагонистік активтілігі, кейбір антибиотиктерге сезімталдылығы, сонымен қатар, 
асқазан ішек жолында тіршілікке қабілеттілігі жатады.  
Жүргізілген  электронды-микроскопиялық  зерттеу  жұмыстарының  нəтижесі  бойынша  микроб 
клеткалары  мен  карбонизилденген  материал  арасында  сорбциялық  байланыс  анықталды. 
Қолданылатын  сорбенттің  клеткалық  сыйымдылығы  салыстырмалы  түрде  жоғары  жəне  клетка  мен 
тасымалдаушы арасындағы оптимальді ара қатынас 72 % - ға, ал байланысқан клеткалардың титрі 10
9  
КТБ\г тең.  
ЗРШ–1–  ге  иммобилизденген  споратүзуші  бактериялардың  антимикробтық  белсенділігі  25-60 
%-ға  ұлғаятыны  тəжірибе  жүзінде  дəлелденді.  Сорбенттің  өзі  де  микроорганизм  клеткаларын  28-33 
%-ға дейін байланыстыру қабілетіне ие, бірақ  тест-дақылдардың  жоғарғы деңгейде тежелуі  ЗРШ–1– 
ге  иммобилизденген  споратүзуші  бактерияларды  пайдаланғанда  бақыланады.  48  сағаттан  соң  тест-
организмдердің энтеробактериялармен бірге дақылдануы нəтижесінде олардың өміршеңдігі мен өсуі 
толығымен тежеледі.  
Сонымен, энтеросорбенттерді пробиотикалық микроорганизмдерді бекіту үшін тасымалдаушы 
ретінде  қолдану  келесі  міндеттердің  шешілуін  қамтамасыз  етеді:  пробиотикалық  препараттың 
бағытты  түрде  жеткізілуі,  асқазан  ішек  жолының  детоксикациялануы  арқылы  ішектің  шырышты 
бетіне бекінуі жəне оның микроэкологиясының қалпына келуі.  
Ғылыми-жетекшісі: б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет