"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЭСПАРЦЕТ ӨСІМДІГІНІҢ ТҰЗҒА ТӨЗІМДІ РЕГЕНЕРАНТТАРЫН АЛУ



Pdf көрінісі
бет281/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ЭСПАРЦЕТ ӨСІМДІГІНІҢ ТҰЗҒА ТӨЗІМДІ РЕГЕНЕРАНТТАРЫН АЛУ 
 
Бекбаева Г.К. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
gulim.bekbaeva1996@gmail.com
  
 
Қазақстандағы  ауыл  шаруашылық  өнімінің  деңгейін  шектеуші  факторлардың  ең  маңыздысы 
ауыл  шаруашылыққа  маңызды  əсерлердің  тұздалуы  болып  табылады.Тұздардың  токсикалық  əсері 
мен  тұзға  тұрақтылығының  клеткалық  механизмдерін  зерттеу  үшін  клеткалық  дақылдарды 
пайдалануды  ұсынады.  Қазіргі  күнде  клеткалық  селекция  бойынша  тұздануға  төзімділігі  ауыл 
шаруашылық дақылдары клеткалық деңгейінде алынуда. 
Клеткалық  селекцияның  өсімдік  дақылдарын  жақсартуда,  соның  ішіндегі  сыртқы  əсерлерге 
тұрақтылығының жоғарлауы үшін басты кедергі болып тұрақтылықтың клеткалық жəне молекулалық 
генетикалық  негізінің  толық  зерттелмеуі  болып  отыр.  Ерекше  маңызға  ие  сыртқы  стресс  кезінде 
гендер  экпрессиясының  стресстік  индукциялануы  белоктар  жəне  оларды  кодтайтын  гендерді 
зерттеуге бағытталған нəтижелерге ие болып жатыр.  
Эспарцет  мал  шаруашылығы  мен  ауыл  шаруашылығында  қоректік  базаны  кушейтуде 
атқаратын  рөлі  бойынша  жылдық  дақылдардың  арасында  бірінші  орынды  иеленді.  Оның  аудан 
бірлігінен  белок  жинаудың  көлемі  бойынша  тең  келетіні  жоқ.  Сонымен  қатар  дақылдық  шөп  шабу 
мен жайылымдарды жасауға құнды компонент болып есептеледі. Классикалық селекция əдістерімен 
эспарцеттің  жоғары  өнімділігі  құрғақшылыққа  тұрақты  жəне  суыққа  төзімді  сорттары  шығарылды. 
Эспарцеттің пішінді сіңіретін протеиннің құрамы бойынша қоректіктің 1 кг-на 116 г протеин жəне 1 
қоректік  бірлікке  236  г  болатын  люцернаға  жақын.  Сонымен  бірге  қоректік  құндылығы  бойынша 
эспарцет  люцернаға  қарағанда  аздап  жақсы.  Эспарцет  тұқымының  Onobrychis  Adans  туысы  мен 
Hedysarum туысы белгілі.  
Зерттеулер көрсеткендей 0,5-1% хлорлы сульфидті тұздарды эспарцет тұқымына сеуіп еккенде, 
оның  өсуі  тежелген  жəне  энергияны  пайдалануы  бақылаумен  салыстырғанда  2-3  есе  төмендеген. 
Эспарцет тұзға төзімсіз, сондықтан оның тұқымының өсуі баяулайды. 
Тұзға  төзімді  эспарцет  өсімдіктерін  алу  үшін  дəстүрлі  селекциялық  əдістерімен  қатар  
индуцирленген мутагенезбен сұрыптау əдістеріне негізделген клеткалық селекция биотехнологиялық 
əдісті жиі пайдаланады. 
Бұл зерттеу жұмысында тұзға төзімді клеткалық линияларын алу үшін эспарцеттің асептикалық 
өскіндері  пайдаланылды.  Эспарцет  тұқымдарының  өсімділігін  арттыру  мақсатында  гормоналдық 
өңдеуі (ИСҚ 2 мг/л + БАП 1 мг/л) жүргізілді. In vitro жағдайында өңделген тұқымдардан гормонсыз 


192 
 
MS  ортада  асептикалық  өскіндер  алынды.  Каллус  ұлпасынан  клеткалық  линияларды  алу  үшін 
эксплант ретінде асептикалық өскіндердің жапырақ пен тамыр бөліктері MS ортаның 2 вариантында 
(2 мг/л БАП + 1 мг/л ИМҚ жəне 2 мг/л ИМҚ + 1 мг/л БАП) өсірілді. 
Ғылыми жетекшісі: к.б.н., доцент Турашева С.К.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет