"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚСТАН ҚОҢЫР КӨМІРЛЕРІНЕН БИОГУМУС СИНТЕЗДЕУГЕ ҚАБІЛЕТТІ



Pdf көрінісі
бет283/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   372
 
ҚАЗАҚСТАН ҚОҢЫР КӨМІРЛЕРІНЕН БИОГУМУС СИНТЕЗДЕУГЕ ҚАБІЛЕТТІ 
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ БӨЛІП АЛУ 
 
Бердіқұлов Б.Т.,
 
 Тастамбек Қ.Т.,
Төкен А.
И 
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
 
Биология жəне биотехнология проблемалары 
Экология мəселелері 
bertalbek@gmail.com
 
 
Қазақстанның  көмір  қорының  мөлшері  алдағы  250  жылға  жетеді  деп  есептеледі.  Əлемдік 
нарықта  көмір  өндіруден  8  орынға  (2016)  ілгеріледі.  Бірақ  бізде  қоңыр  көмірдің  үлесі  көп,  бұл  өз 
кезегінде  табиғатқа  өндіру  кезінде  де,  пайдалану  кезінде  де  қара  көмірге  қарағанда  көбірек  зиян 
келтіреді  жəне  қалдық  мөлшері  көп.  Елімізде  көмірдің  энергетикадағы  үлесі  66%-ды    құрап  отыр. 
Мемлекет бұл көрсеткішті 2040 жылға қарай басқа энергия көздерін пайдалану есебінен (табиғи газ, 
атом қуаттарымен) 40%-ға төмендетпек. Осы орайда қоңыр көмірді жəне оның қалдықтарын басқа да 
мақсатта тиімдірек пайдалануға болады.  
Мысалы,  эксперименталды  биогумус  жасау.  Алдыңғы  қатарлы  елдерде  биоəдістер  көмегімен 
топырақ  құнарын  арттыру  жəне  қалпына  келтіру  үшін  көп  жұмыстар  атқарылуда.  Топырақтың 
биотехнологиялық  əдістер  арқылы  құнарын  арттыру  экологиялық  тұрғыдан  өте  маңызды.  Қоңыр 
көмірді  қайта  биоөңдеу  де  -  оны  тұрақты  қолданудың  озық  бағытының  бірі.  Гумус  өндірісі  үшін 
гумин  қышқылына  бай  шикізат  ретінде  электростанцияларда  жағуға  жарамайтын  қоңыр  көмір 
қолдануға  болады  Қоңыр  көмірдің  баламасы  ретінде  резеңке,  шымтезек,  шірік  тұнбасын  да 
пайдалануға болады. 


193 
 
Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды, Ойқарағай, Леңгір жəне Екібастұз 
көмірлерлерін зерттеу объектісі ретінде алынды. Себебі, аталған алаптардағы қоңыр көмірдің көлемі 
көп, сəйкесінше ашық əдіспен өндірілетін көмірден шығатын қалдық мөлшері де жоғары. Биогумус 
алу үшін зерттеу жұмыстарын 4 кезеңге бөліп қарастырамыз.  
Бірінші  кезеңде,  тотыққан  қоңыр  көмірдің  элементті  жəне  микробтық  құрамы  жəне  күлділігі 
мен ылғалдылығы сияқты физико-химииялық параметрлерін анықтау керек.  
Екінші кезеңде жауын құртынның көмегімен вермикультура алу. Үшінші кезең - метаболиттік 
белсенділігі жоғары микроорганизмдердің аралас дақылдарын алу. Төртіншісі - биогумус құрастыру. 
Микробиологиялық  құрамын  анықтау  барысында  4  көмір  сынамаларынан  (Екібастұз, 
Қарағанды,  Ойқарағай,  Ленгер)  5  бактерия  (RKB1-Acinetobacter  sp.,  RKB2-Bacillus  subtilis  strain, 
RKB5-Delftia  sp.,  RKB7-Bacillus  pumilus  strain,  RKB10-Providencia  sp.,)  жəне  2  саңырауқұлақ  (RK1-
Aspergillus  sp.,  RK2-Neosartorya  sp.)  бөлініп  алынды.  Бөліп  алынған  бактериялар  мен 
саңырауқұлақтарды идентификациялау үшін сынамалар «Majorbio» компаниясына (Қытай) жіберілді. 
Биосолюбилизация  үшін  маңызды  саңырауқұлақтарды  (Neosartorya  sp.)  идентификациялау 
нəтижесі келесі нуклеотидтік реттілікті анықтап берді: 
TCTTCCGTAGGGGAACCTGCGGAAGGATCATTACCGAGTGAGGGCCCTCTGGGTCCAACC
TCCCACCCGTGTCTATCGTACCTTGTTGCTTCGGCGGGCCCGCCGTTTCGACGGCCGCCGGGGA
GGCCTCGCGCCCCCGGGCCCGCGCCCGCCGAAGACCCCAACATGAACTCTGTTCTGAAAGTATG
CAGTCTGAGTTGATTATCATAATCAGTTAAAACTTTCAACAACGGATCTCTTGGTTCCGGCATC
GATGAAGAACGCAGCGAAATGCGATAAGTAATGTGAATTGCAGAATTCAGTGAATCATCGAGT
CTTTGAACGCACATTGCGCCCCCTGGTATTCCGGGGGGCATGCCTGTCCGAGCGTCATTGCTGC
CCTCAAGCACGGCTTGTGTGTTGGGCCCCCGTCCCCGGTTTCCCCCGGGGATGGGCCCGAAAGG
CAGCGGCGGCACCGCGTCCGGTCCTCGAGCGTATGGGGCTTTGTCACCCGCTCTGTAGGCCCGG
CCGGCGCCAGCCGACACCCAACTTTATTTCTAAGGTTGACCTCGGATCAGGTAGGGATACCCGC
TGAACTTAAGCATATCAATAAGCGGAGGAATG 
Ғылыми жетекшісі: PhD доктор, доцент Акимбеков Н.Ш. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет