"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН БАКТЕРИЯЛЫҚ КҮЙІК



Pdf көрінісі
бет301/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН БАКТЕРИЯЛЫҚ КҮЙІК 
(ERWINIA AMYLOVORA) АУРУЫНЫҢ  ҚОЗДЫРҒЫШЫНА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІ 
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ ІЗДЕУ 
 
Молжигитова А.Е. 
Институт микробиологии и вирусологии КН МОН РК 
 
assel.ermekkyzy@mail.ru
  
 
Соңғы  жылдары,  Қазақстанның  жеміс-жидек  бақтарындағы  раушан  гүлділер  тұқымдасына 
жататын жеміс дақылдарының мəдени жəне жабайы түрлерін залалдайтын қауіпті инфекциялық ауру 
-  бактериялық  күйіктің  (Erwinia  amylovora)  таралуымен  күрделі  мəселелер  туындауда.  Ол  өзінің 
келтіретін  залалы  бойынша  жеміс  ағаштарында  кездесетін  барлық  белгілі  аурулардың  ішіндегі  ең 
зияндысы,  себебі  зақымданған  жас  ағаштар  бір  маусымда,  ал  ескі  бақтардағы  ағаштар  бірнеше 
жылдардың ішінде өліп кетуі мүмкін. 
Қазақстан  Республикасының  аумағында  2003  жылға  дейін  бұндай  аурудың  түрі  мүлде 
кездеспеген.  Шет  елдерден  бактериялық  күйік  қоздырғышымен  залалданған  көшеттердің 
отырғызылуына  байланысты,  бұл  аурудың  түрі  мемлекет  территориясында  өте  тез  тарала  бастады. 
Бүгінгі  күні,  ауыл  шаруашылық  министрлігіне  қарасты  мемлекеттік  инспекция  комитетінің 
деректеріне  сүйенсек,  жалпы  залалданған  аумақ  419,935  га  құрап  отыр.  Осыған  байланысты,  бұл 
патогеннен өсімдіктерді қорғау үшін тиімді, жаңа əдістерді іздеудің қажеттілігі туындап отыр. 
Бактериялық күйік қоздырғышының дамуын жоятын экологиялық қауіпсіз биоагенттерді бөліп 
алу жəне оның маңызды қасиеттерін зерттеу перспективті бағыттардың  бірі болып табылады. 
Қазіргі уақытта, жеміс дақылдарын қорғауға арналған отандық биопрепараттарды жасау үшін, 
біздің  институт  мамандары  E.  аmylovora  қоздырғышына  қарсы  антогонистердің  белсенді  түрлерін 
Алматы облысындағы əр түрлі табиғи көздерден іздеу мен таңдау жұмыстарын жүргізуде. 
Сатылы  скринингтің  нəтижесінде,  E.  amylovora  тест  культурасына  қарсы  антогонистік 
белсенділік  көрсеткен  бактериялар  мен  актиномицет  штаммдары  (Streptomyces  сanofumeus,  Bacillus 
subtilis, 
B. 
amyloliguefaciens, 
Paenibacillus 
polymyxa
таңдалынып, 
ПТР-талдауымен 
идентификацияланды.  Бұл  культуралардың  антогонистік  белсенділіктерін  анықтау  барысында  S. 
canofumeus  штаммы  d=24  мм,  ал  Bac.  subtilis  штаммы  d=17-20  мм  патогеннің  өсу  аймағын  айқын 
шектеп, өте жақсы көрсеткіштер көрсетті. 
Осылайша, біз бактериялық күйік E. amylovora қоздырғышына қарсы антогонистік белсенділік 
көрсететін  қасиеттері  бар  микроорганизмдерді  (S.  сanofumeus,  B.  subtilis)  бөліп  алдық.  Алдағы 
уақытта, бұл штаммдар жеміс дақылдарын бактериялық күйік ауруынан қорғау үшін жаңа отандық 
биопрепараттардың негізі ретінде ұсынылуы мүмкін. 
Ғылыми жетекші: б.ғ.к. Шемшура О.Н. 
 
 
 
 
 


206 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет