Ауыл шаруашылық жəне өндірістік қалдықтардан биогаз алу процесіне қазіргі жағдайда
сараптама жасағанда өзекті зерттеу бағытында мынадай мəселелер туындағанын көрсетті: газдың
пайда болу интенсификациялық жолын іздеу, ксенобиотиктердің анаэробты биодеградациясы, газдың
пайда болу процесіндегі пайдалы стимуляторлар мен ингибиторларды іздеу, ең пайдалы ашытылған
субстраттарды қолдану.
Қазақстанда биогазды өндіру мекемелерінің ірі масштабты дамуын қамтамасыз ету үшін
биохимиялық, микробиологиялық жəне технологиялық мəселелерді шешу қажет. Биотехнологияның
маңызды міндеті – биологиялық агент потенциалымен жəне оның жүйесінің интенсификациялық
процестерінің жоғарылауы есебінен, технологиялар мен құрылғыларды жетілдіре отырып
биокатализаторлар мен активаторларды қолдану. Бүгінгі таңда жоғарыда көрсетілген мəселелердің
өзекті екенін ескеріп осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Бұл жұмыстың мақсаты технологиялық процестер арқылы фитомассаның көмегімен
органикалық қалдықтардан жоғары эффективті биогаз өндіру болып табылады.
Алғаш рет фитомассаны қолдану арқылы, ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік
қалдықтарынан биогаз өндіруді арттыру əдісі əзірленді.
Фитомасса, газ шығарудың лаг-фазасын 4 есеге азайтатыны анықталды. Фитомассаның
қышқылдық ферменттеу фазасына тигізетін əсері анықталды.
Фитомасса сығындыларының белсенділігін, кему тəртібімен құрастыруға болатындығы
көрсетілген: дихлорметан сығындысы (негізінен метаногендер үшін ең жақсы субстраттардың бірі
болып табылатын липидтер жəне хлорофилл, фитостериндер, каротин), жом (клетчатка, пектиндер,
ақуыздар), спирт (фенолды қосылыстар, рутин, кверцетин) жəне су (минералды тұз, амарантин, бос
амин қышқылдары, суда еритін полисахаридтер) сығындылары. Фитомассаның 24%-ын қосып ашыту
кезінде, биогаздағы метанның максималды мөлшері 83% құрады.
Биогазды жартылай өндірістік деңгейде өндіру үшін жаңа эксперименттік нəтижелер алынды
(У=12 л). Биогаз алу процессіне масштабтаудың айтарлықтай тигізер əсері жоқ екендігі көрсетілген.
Зертханалық деңгейдегі алынған барлық нəтижелер жартылай өнеркəсіптік ауқымдағы «Green
Technology» шағын-биогаз станциясында экстраполяцияланды.
Фитомассаны белсендіруші қоспа ретінде қолдану арқылы, биогазға органикалық қалдықтарды
конверсиялаудың тиімді технологиясы жетілдірілді, қағидалық технологиялық сұлба жəне
технологиялық нұсқаулық дайындалды.
Көрсетілгендей, мелафен биогаздың шығуын 22%-ға арттырады, сондай-ақ ол үрдістің
кинетикасына əсерін тигізбейді.
Ғылыми-жетекшісі: б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С.