Күріштің өсуіне қолайлы температуралы кезеңнің шектеулі болуы республиканың күріш
өндірушілерін күріш өсіруді ерте уақытта бастауға, яғни 14-16
0
С температурада егуге мəжбүр етеді,
бұл дəннің өнімділігінің төмендеуіне, егістің сиреуіне, ал бұл өз кезегінде өнімділіктің төмендеуіне
əкеліп соғады. Сондықтан, суыққа төзімділігі бойынша селекциялық жұмыстарға пайдалану
мақсатында скрининг жүргізу, бастапқы материалдарды шығару – өзекті мəселе. Суыққа төзімділік пен суыққа сезімталдылығы бойынша отандық (Алтынай, КАЗНИИР 5, Ару,
Акдала, Маржан, Мадина, Баканасский, Арал 202, Пак-Ли) жəне шетелдік (Лазурный, УзРОС 7-13,
Кубань 3, Опытное, Фишт, Янтарь, Лидер, Изумруд, Анаит, Новатор, Курчанка, Солнечный, Шарм,
Лиман, Снежинка, IRRI мутант, Авангард, Тайбонет, Odaebyeo, Jinbubyeo) күріш үлгілеріне
зертханалық скрининг жүргізілді. Осы үлгілер суыққа төзімді сорттарды шығаруға жақсы бастапқы
материал ретінде қызмет ете алады, өйткені осы белгіден басқа жоғарыда аталған сорттар басқа да
шаруашылық-құнды белгілердің кешеніне ие. Осыған ұқсас басқа да жұмыстарда үлгі ретінде
ресейлік (Дубовский 129, Кубань 3, Кубань 9, Контакт, Атлант) жəне корей (Odaebyeo, Jinbubyeo)
селекциясының күріш сорттары қолданылды. Сондықтан суыққа төзімділікке үлгі ретінде ресейлік
Кубань 3 сорты қолданылды. Тəжірибе зертханалық жағдайда Low Temperature Illuminated Incubator
818 (Thermo Electron Corporation) реттелмелі климаттық камерада 14
0
С температурада, үш реттік
қайталаумен 16/8 сағаттық фото кезең (күн/түн) жағдайында жүргізілді.
Осы тəжірибеде үш қайталануды біреуіне біріктірілді, олардан 20-30 өскіндер орташа сынақ
əдісімен таңдап алынып, колеоптиль ұзындықтары өлшенді, осыдан кейін үлгілердің осы мүшесінің
орташа өлшемі есептелді. Тəжірибенің 13-ші тəулігінде генотиптердің 14
0
С температурада өсу
энергиясы анықталды.
211
Суыққа төзімділікке скрининг кезінде зерттеуге алынған барлық күріш үлгілері арасында өсу
энергиясы бойынша айырмашылықтары анық байқалды. Ең аз тəулік ішінде дақылдардың өсу
жылдамдығымен өзбек (Лазурный, УзРОС 7-13) жəне ресей селекциясының сорттары (Кубань 3)
сипатталды, орта шамамен бұл көрсеткіш Лазурный, УзРОС 7-13 жəне Кубань 3 сорттарында 14
0
С
температурада 6-7 тəулікті құрады, бұл оларды суыққа төзімділігі бойынша бастапқы материалдарды
шығарудағы селекциялық жұмыстарға пайдалануға негіз береді.
Скрининг нəтижелері бойынша суыққа төзімді Лазурный, УзРОС 7-13 жəне Кубань 3 күріш
сорттары селекция үшін іріктеліп алынды.
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к. Мелдебекова А.А., б.ғ.к. Усенбеков Б.Н.